Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен-геологиялық жағдайлары

Автор:   •  Май 10, 2021  •  Реферат  •  20,509 Слов (83 Страниц)  •  756 Просмотры

Страница 1 из 83

1 Тау-кен бөлімі

1.1 Қарағанды көмір бассейнінің тау-кен-геологиялық жағдайлары

Қарағанды көмір бассейні Орталық Қазақстанның зор аумағының орталығында орналасқан және шамамен 4000 км[pic 1]аумақты алып жатыр. Тектоникалық тұрғыдан бассейн күрделі, ендік бағытта созылыңқы синклинарий (100×40 км) түрінде келген және қатпарлар мен үзілісті бұзылыстармен күрделенген.

Бассейн ішінде төрт ірі ойыс бөлінеді: шығыста – Жоғары Соқыр, орталықта  Қарағанды және батысында – Шерубай-Нұра және Тентек, бұлар геологиялық өнеркәсіптік көмір өнімді аудандарға сәйкес келеді. Әр ауданның шегінде көмір өнімділік сипаты және басқа белгілері бойынша көмір өнімді телімдер бөлінеді (кесте 1.1).

Кесте 1.1

Көмір өнімді телімдер

Аудан

Телім

Шахта

Қарағанды

Майқұдық

«Солтүстік»; «Майқұдық»

Өнеркәсіптік

«Кировская», К. Горбачев атындағы, «Қарағанды», «Стахановская», Абай атындағы, Қазан революциясы 50-жылдығы атындағы, Т. Күзембаев атындағы, Қазан революциясы 60- жылдығы атындағы

Саран

КСРО 50-жылдығы атындағы, «Ақтас», «Саран», «Дубовка», «Соқыр

Дубовка

 «Дубовка» № 1 және 2 келешегі бар шахталар

Шерубай-Нұра

Оңтүстік

«Топар»

Орталық

«Шерубай-Нұра», «Абай»,  Калинин атындағы

Долинка

«Долинка»

Қаражар-Шахан

«Шахтинск», «Молодежная», «Степная»

Тентек

Тентек

Ленин атындағы, «Қазақстан», «Тентек»

Жоғары Соқыр

Қымызқұдық

 «Жоғары Соқыр» № 1 және 2 келешегі бар кен орындары

Орталық, Оңтүстік, Батыс

-

Қарағанды бассейнінің геологиялық құрылымында кембрий, ордовик, силурий, девон, таскөмір, юр және кайнозой жастарындағы жыныстар қатыстырылған. Солтүстік бөліктің каледон қатпары облысына, ал оңтүстік — геосинклиналь режимі облысына тиістілігімен шартталған шөгінділердің аумақтылығының айқын байқалуы сипатты болып табылады.  Қарағанды бассейнінің оңтүстік шеті бойынша өтетін осы облыстардың мүшелену аумағына  девонның вулканогенді жыныстарының қуатты сериясы ұштастырылған. Девонның эффузивті-сынған қабатында фамен және турней қабаттарының қуатты карбонатты жыныстары орналасқан. Одан жоғарырақ көмір өнімді формациядағы қуатты кен орны орналасқан, ол бастапқыда жағалау-теңіздік, одан кейін континентальды көмір өнімді шөгінділермен көрсетілген. Одан кейінгі континентальдік түзілімдер юра және кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.

Бассейн қабаттарының өнімділігі (жоғарыдан төмен қарай): Тентек, Долинка, Қарағанды, Ашарық. Бұл қабаттардың жиынтық қуаты 2500м. құрайды. Олардың кен орындарында жиынтық қуаты 105м шамамен 50 жұмыс қабаты бар.

Қарағанды және Долинка қабаттарында сапасы бойынша аса жақсы көмірлері бар негізгі жұмыс қабаттары орналасқан. Бұл қабаттағы тақталардың қуаты – 1-2 ден 8,0 м дейін.

Ашарық қабаты тақталарының қуаты – 1-2 м. А5 тақтасы максималды қуатқа ие – 3,5 м. Тақталардың көп бөлігі тұрақсыз қуатымен сипатталады және күрделі құрылымға ие. Тек А7 және А5 тақталары қазылған. Қарағанды қабатының жиынтыұ қуаты 30 м дейінгі 15 жұмыс көмір тақтасы бар. Қабаттың негізгі тақталары болып табылады: К18, К14, К13, К12, К10, К7, К6, К4, К3, К2, К1. Төменгі бөліктің К3, К2, К тақталары жоғары күлділігіне байланысты шектелген ауқымда игеріледі. К20, К19, К15, К9, К8 төмен қуатты және аз тұрақтылықты көмір тақталары қазылмайды.

...

Скачать:   txt (248 Kb)   pdf (2 Mb)   docx (2.1 Mb)  
Продолжить читать еще 82 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club