Шахидулла Датбектің
Автор: Bakyt Turlybay • Июнь 4, 2018 • Анализ книги • 732 Слов (3 Страниц) • 439 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих, археология және этнология факультетінің 2 курс магистранты Шахидулла Датбек Маратұлының «Түркия мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени байланыстардың дамуы (1991-2016 жж.)» тақырыбындағы диссертация жұмысына
ПІКІР
Зерттеу тақырыбы, тәуелсіздік жылдарынан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі Түркия Республикасы мен Орта Азия Республикалары арасындағы мәдени байланыстар тарихын зерттеуге арналады. Тәуелсіздік жылдарынан бастап Орта Азия елдерімен саяси, экономикалық салаларда байланыста болған Түркияның бұл аймақтағы мемлекеттермен мәдени байланысқа түсуін және оның бағыттарын айқындау зерттеу жұмысының басты сипаты болып табылады. Сонымен қатар, мәдени байланыстардың нәтижелері мен осы саладағы мемлекетаралық өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы мен рөлі ғылыми талдауға түседі. Түркия Республикасының Орта Азия мемлекеттерімен мәдени саладағы байланыстарын Қазақстан мен Түркияның байланыстары негізінде зерттеудің де өзектілігі жоғары болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Түркия Республикасы Орталық Азия Республикаларымен жақындаса бастаған тұстан-ақ әр елдің саясаткерлері, қоғамтанушылары, тарихшылары және мәдениеттанушылары бұл процестің дамуына назар аудара бастады. Осының негізінде, Түркия Республикасының Орталық Азия мемлекеттерімен мәдени саладағы байланыстарының қалыптасуы мен дамуына қатысты әр түрлі деңгейде жазылған зерттеулер жарияланды. Бұл мәселемен отандық, түркиялық, ресейлік және Орталық Азия мемлекеттерінің тарихшылары мен қоғамдық ғылымдардың өкілдері айналысты. Зерттеу жұмысында қолданылған дерек көздері диссертацияның негізгі ғылыми материалдық базасы болып табылады. Зерттеу жұмысын жазу барысында сан түрлі деректік материалдар қолданысқа енгізілді. Олардың деректік негізі мен мазмұндық құндылығына өзіндік ерекшеліктері болды. Зерттеу тақырыбы қазіргі заман тарихына қатысты болып, ол ширек ғасыр көлеміндегі кезеңді қамтығандықтан, оның материалдық базасы да жаңа саналады. Бұлай деуіміздің себебі, тақырыпқа қатысты материалдардың үлкен бөлігі ғылыми айналымға түсіп үлгермеген және өзінің әр түрлі деңгейімен ерекшеленетін деректік негізі жоғары болған мәліметтер болып табылады. Тақырыпты зерттеуде қолда бар деректік материалдар құндылығына сәйкес бірнеше топқа бөліп ғылыми талдауға түсірілді. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Түркия мен Орталық Азия елдері арасындағы білім беру жүйесін айқындайтын ҚР Президентінің мұрағатында сақталған негізгі материалдардың қатарынан орын алады. ҚР Президент мұрағатының №5 қоры Қазақстан Республикасының Президенті аппаратының материалдарын қамтып, бұл қорда Қазақстан мен Түркия арасындағы білім мен мәдениет саласының материалдары сақталған. Оның ішінде № 225 [37], №1225 [38], №3458 [39], істерде тәуелсіздік қарсаңында және егемендіктің алғашқы жылдарында Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени саладағы байланыстардың орнауына қатысты мемлекетаралық келісімдерге қатысты құжаттар қамтылған. Президент мұрағатының №5 қорының № 1317 [40] және №1353 [41] істерінде Орта Азиядағы түркі мемлекеттерінің басшылары мен Түркия арасындағы кездесулер жайлы құжаттар сақталған.
...