Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тест по "Географии"

Автор:   •  Февраль 22, 2022  •  Тест  •  2,098 Слов (9 Страниц)  •  1,208 Просмотры

Страница 1 из 9

І бөлім. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Зерттеу және зерттеушілер

§1. География ғылымының салалары

1-тапсырма. Анықтамаларын жазыңдар:

а. Географиялық қабық –

б. Географиялық орта-

в. География ғылымының салалары-

2-тапсырма. Салаларды сәйкестендіріңдер.

1.Физикалық география

2.Экономикалық география

                                                             а) Мұхиттану

б) Ауылшаруашылық географиясы

                                                           в) Геология

д) Табиғат ресурстар географиясы

3-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңдар

1.Жер қыртысындағы мұздың пайда болуы мен жойылуын зерттейтін ғылым. Қай ғылым саласы туралы айтылған?

а)Метеорология

б)Криолитология

в)Гляциология

с)Климатология

д)Биогеография

2. География ғылымы қандай салаларға бөлінеді?

а) Физикалық және әлеуметтік-экономикалық

б) Экономикалық және химиялық

в) Әлеуметтік және биологиялық

с) Физикалық және биологиялық

д) Физикалық және қоғамдық

ЖАУАПТАРЫ: 2 тапсырма: 1-а,в,д; 2-б;    3-тапсырма: 1-в, 2-а;

§2. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері

1-тапсырма.

1.Географиялық зертеу әдістерінің негізгі үш тобы бар:олар .... ..... ....

2.   ....    -   белгілі бір маршруттар бойымен жүріп өту және сипаттаулар жасау, өлшеу жұмыстарын жүргізу барысында зерттеу нысаны туралы деректерді жинақтау және өңдеу әдістері.

2-тапсырма. Берілген құралдарды оларды ойлап тапқан ғалымдармен сәйкестендіріңдер.

1. Термометр

2. Барометр

3. Анемометр

а) М.В. Ломоносов (XVII ғ. oртасы)

б) Г. Галилей (1597 ж.)

в) Э. Торичелли (1643 ж.)

ЖАУАБЫ:1-тапсырма:1-далалық, картографиялық, теориялық. 2-тапсырма: 1б,2в,3а;

§3. Географиялық деректерді өңдеу және талдау

1-тапсырма. Сұрақ-жауап.

А.Сипатына қарай географиялық деректер қалай бөлінеді?

Б. Графикалық өңдеу түрлері-?

В. Сандық деректерді топтастыруда қолданылатын әдіс-?

2-тапсырма. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшерін есептеңдер:

Алға қаласының айлық жауын-шашын мөлшері берілген. Сандық деректерді қолдана отырып,Алға  қаласының жылдық жауын-шашын мөлшерін есептеңдер. (мм есебімен)

I

32

II

21

III

30

IV

24

V

31

VI

43

VII

52

VIII

46

IX

27

X

30

XI

25

XII

32

Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері қанша?

3-тапсырма. Мәтінде берілген сапалық және сандық деректерді пайдалана отырып, географиялық нысанды анықта.

Азияның ірі тау жүйелерінің бірі, Қазақстан аумағына Солтүстік, Орталық және Батыс бөлігі кіреді. Еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңы, оның биіктігі 6995 метр, осы жерде орналасқан. Жер бедері Альпі қатпарлығында түзілген. Тау жүйесінің сілемдерінен көптеген өзен Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Есік, Шелек, Қаскелең, Шарын, Шу және басқалары ағып өтеді. Мұнда Қазақстандағы ең үлкен мұздық орналасқан. Жалпы алғанда 1009-дай мұздық бар. Табиғи зоналары биіктеген сайын ауысып отырады.

а) Памир

б) Алтай

в) Кавказ

с) Тянь-Шань

д) Орал

ЖАУАПТАРЫ:1-тапсырма: а-сандық,сапалық; 2-тапсырма: 33 мм; 3-тапсырма: С;

§4. Географиялық модельдер

1-тапсырма. Тест

1.Моделдердің қандай түрлері бар?

А) Заттық және ақпараттық

Б) Географиялық және химиялық

В) Жасанды және табиғи

С) Зерттеулердегі өлшемдерге қажетті бөлік құны бар шеңберге оралатын таспа

Д) далалық, теориялық

2. Жердің географиялық модельдеріне не жатады? (Дұрыс жауап саны: 3)

А) Құралдар

Б) Глобус

В) Оқулық

С) Карта

Д) Планшет

Е) Қосымша әдебиет

Ж) Жергілікті жердің планы

...

Скачать:   txt (22.5 Kb)   pdf (243.4 Kb)   docx (166 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club