Пищевая промышленность в экономике Республики Казахстан
Автор: Akgul2207 • Июнь 14, 2018 • Статья • 1,650 Слов (7 Страниц) • 817 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Г. Ә.Абдикаримова - п.ғ.к., аға оқытушы,
А.А.Нурбекова- «География» мамандығының 1 курс магистранты
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.
Электронды адрес: a_alkhanova@mail.ru
Түйіндеме
Бұл мақалада Қазақстан экономикасындағы азық-түлік нарығының дамуы және оның маңызы туралы айтылады. Сонымен қатар агроөнеркәсіп индустриясының дамуы шет мемлекеттердің агроөнеркәсіп саласының дамуын мысал ретінде алып қарастырған. Мемлекеттің азық-түлік нарығын ұйымдастыру ісінің кемшіліктері нақты айтылып, оны реттеуі мен дамуы үшін ұсыныстар қарастырған. Мақалада Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауынан агроөнеркәсіп және азық-түлік индустриясы туралы айтылған үзінділер келтірілген.
Түйін сөздер: агроөнеркәсіп, азық-түлік, индустрия, заңнама, нарық, технология, ресурс, инвестиция, өндіріс.
Резюме
В этой статье говорится о развитий и важности пищевой промышленности в экономике Республики Казахстан. Вместе с этим рассматривается сфера развития агропромышленности на примере развития агропромышленности зарубежных стран. Конкретно сказаны недостатки организованности рынка пищевой промышленности и рассмотрены предложения по налаживанию и развития в дальнейшем. В статье приведены отрывки из послания Президента Республики Казахстан о пищевой и агропромышленности.
Ключевые слова: агропромышленность, продукты питания, индустрия, законодательсво, рынок, технология, ресурс, инвестиция, производство.
Resume
The food industry market development and importance in Kazakhstan economy is stated in this article. At the same time development of agribusiness industry and as a sample foreign country agribusiness industries have been reviewed. Lack of organization of the state food market and proposals for their regulation and development are considered as well. The extracts from agribusiness and food industry of the Republic Of Kazakhstan President’s message were shown in this article.
Key words: agribusiness, food, industry,legislation, market, technology, resources, investments, production.
«Азық-түлік өндірісі елімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. 2050 жылға әлемде халық саны қарай 9 миллиардқа дейін өседі, ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыруды қажет ететін болады. Қазақстанның, орасан кең алқаптарды қоса алғанда, сол орынды иеленуге барлық мүмкіндігі бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз одан әрі дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана біз ауыл шаруашылығы саласында ілгерілей аламыз», – деді Қазақстан Президенті [1].
Қазақстан экономикасындағы азық-түлік индустриясын тікелей агроөнеркәсіп саласымен байланыстырамыз, себебі мемлекетті азық-түлікпен толығымен дерлік қамтамасыз етіп отырған агроөнеркәсіп саласы, атап айтар болсақ ет, балық өнімдері, көкөніс жеміс-жидек өнімдері ауыл шаруашылығынан өндіріледі. Сондықтан азық-түлік индустриясын агроөнеркәсіп саласынан бөліп жарып қарастыра алмаймыз. Екі сала біртұтас, бір-бірімен ажырамас сала түрлері.
Агроөнеркәсіп кешені – Қазақстан экономикасының негізгі және ерекше болашағы бар өзекті саласы. Әлемнің санаулы елдері ғана ауыл шаруашылығын дамытуда біздің әлеуетімізбен салыстырмалы түрде ғана теңеседі. Әлем халықтарының өсуіне орай азық-түлікті экспорттауға қабілетті мемлекеттер көп ұзамай әлемдік нарықта көшбасшы болатынын бүгіннің өзінде де аңғару қиын емес.
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп саласына технологиялық жетілдіру мәселесіне сапалы секіріс пен қолжетімді, тиімді инновациялар қажет. Агроөнеркәсіп кешені үшін оңтайлы агротехнология, жоғары өнімділік әкелетін сұрыптар мен будандар, мол өнім беретін малдар, жоғары өнімділікке қол жеткізетін машиналар мен жабдықтар керек. Осындай инновация құрудың негізін тек өзіндік, жоғары дамыған аграрлық зерттеу жүйесі арқылы ғана іске асыруға болады.
Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар келтіріп кетейін. Қазақстанмен салыстырғанда, табиғат жағдайы салқындау Австралияда бидайдың өнімділігі екі есе көп. Мұның құпиясы неде? Австралия ауылшаруашылық саласы бойынша әлемдегі ең үздік ғылыми зерттеу жүйесін қалыптастырды. Австралия ғалымдары биотехнологияны үздіксіз дамытып, сұрыптың сипаттамасы бойынша ерекше түрлерін жасауға болатынын көрсетті. Геномика саласы бойынша ғылымдағы жетістікке жету ауыл шаруашылығында сұрыптауды арзан және қысқа уақытта жүзеге асыруға жол ашады. Мысалы, жуырда Квинсленд университетінің ғалымдары бар-жоғы екі жарым жыл ішінде қажетті тұқымдарды жиынтықтау арқылы бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Бұрынғы дәстүрлі әдіспен сұрып жасауға 15 жылдан астам уақыт кететін. Қорыта айтқанда, Австралия фермерлері үшін ең заманауи агротехнология мен селекциялық жетістіктерде қолжетімділік бар. Елдегі аграрлық ғылым саласындағы күшті ғылыми жасампаздық – Австралияның әлемдік азық-түлік нарығындағы негізгі бәсекелестіктегі артықшылығы.
...