Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Микоздар

Автор:   •  Октябрь 2, 2022  •  Реферат  •  792 Слов (4 Страниц)  •  295 Просмотры

Страница 1 из 4

Микоздар

Тері ауруларында дерматомикоздар пиодермиттерден кейін 2-ші орын алады. Саңырауқұлақтар табиғатта кең таралған, бірақ оның аз бөлігі ғана жануарлар мен адамдарға патогенді әсер етеді. Олар топырақта, өсімдіктерде өмір сүреді, жануарлар мен адамдар үшін паразит болып келеді. Саңырауқұлақтарды жануарлар (зоофильді) мен адамдарда (антропофильді) ауру тудыратын монопатогенді және екеуін де зақымдайтын полипатогенді (зооантропофильді немесе антропозоонофильді) түрлерін ажыратады. Адамның терісін зақымдайтын патогенді саңырауқұлақтар – дерматофиттер, ал олар шақыратын ауру – дерматомикоздар деп аталады.

Кейбір саңырауқұлақ ауруларымен (беткей трихофития, микроспория және т.б) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, ал басқа түрлерімен (эпидермофития, рубромикоз, терең жүйелі микоздармен және т.б) ересек адамдар ауырады.

Кейбір саңырауқұлақ ауруларымен (беткей трихофития, микроспория және т.б) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, ал басқа түрлерімен (эпидермофития, рубромикоз, терең жүйелі микоздармен және т.б) ересек адамдар ауырады. Белгілі бір саңырауқұлақ ауруларының жұғу (мысалы, мамық микроспория – күзде, ал зоофильді трихофития – жазда) және өршу (табан эпидермофитиясы көктемде және жазда өршиді) мезгілдері байқалады. Дерматомикоздардың жайылуына климаттық жағдайларда әсер етеді. Соңғы кезде микозбен аурудың өсу және төмендеу циклділігі байқала бастады.

Саңырауқұлақ инфекциясын қабылдаушылық иммундық жүйенің жағдайына, нейроэндокриндік және метаболикалық бұзылыстарға, терінің жағдайына, қосымша аурулардың болуына байланысты түсіндіріледі. Сонымен қатар жасы, жынысы, кәсіби факторлар да маңызды. Балаларда тері тығыздығы жеткіліксіз және мүйізді қабаттың эпидермис және шаштың жинақылығы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, тердің химизмі және су липидті мантиясы өзгергенде патогенді саңырауқұлақтардың енуіне және сапрофитті саңырауқұлақ флорасының патогенді флораға ауысуына қолайлы жағдай жасалады. Инфекциялық және созылмалы аурулар организмнің реактивтілігін төмендетіп, тердің химизмын, тері, шаш жағдайын өзгертіп, сапрофитті саңырауқұлақ флорасын (мысалы, кандида тобындағы ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар) патогенді флораға ауысуына ықпал етеді

Кебекті, немесе түрлі-түсті, теміреткі. Қоздырғышы – Pityrosporum orbiculare немесе Malasseria furfur – эпидермистің мүйізді қабатында және фолликулалардың сағаларында орналасады. Микроскоппен қарағанда зақымдалған саңырауқұлақтардың пішіні қысқа, қалың мицелий жіптерінің оралуын және дөңгелек споралардың 2 контурлы қабаттарының жиналуын көруге болады. Саңырауқұлақ культурасын алу біренсараң жағдайда ғана болады және өте қиын. Аурудың патогенезінде шамадан тыс тершеңдік, тердің химиялық құрамы, мүйізді қабатының физиологиялық бұзылысы, жеке бейімділігі маңызды. Жиі жас ер адамдар мен әйел адамдар ауырады. Балаларда, әсіресе 7 жасқа дейінгі, кебекті теміреткі сирек кездеседі. Ол препубертатты және пубертатты кезеңдерде шамадан тыс тершеңдікпен бірге вегетоневрозбен, туберкулезбен, қант диабетімен ауыратын әлсіз балаларда болуы мумкін.

Клиникасы және ағымы. Терінің зақымдалған аймақтарында шаш фолликулаларының сағаларынан басталатын және

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (52.3 Kb)   docx (10.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club