Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Парсипативтік келісім

Автор:   •  Апрель 27, 2020  •  Реферат  •  689 Слов (3 Страниц)  •  672 Просмотры

Страница 1 из 3

Парсипативтік келісім

       Елбасы судьялардың VI съезінде сот тәртібінде қарауға жататын даулар санын қысқарту, оларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, отандық сот төрелігін қалпына келтіру мүмкіндігін беретін татуласу рәсімдерін және медиацияны дамыту маңыздылығын атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін  жеткілікті нормалар қарастырылған. Олардың бірі - партисипативтік  рәсім тәртібімен дауды реттеу,  татуластырудың үшінші түрі болып табылады.

«Participative» француз тілінен аударғанда (қатысушы, қатысуға қабілетті) деген мағынаны білдіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс  жүргізу кодексінің 24-бабы негізінде соттың ведомостылығына жататын азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау (жанжал) тараптардың жазбаша келісім бойынша медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе оған заңда тыйым салынбаған кезде төреліктің қаралуына берілуі мүмкін. Бұл ұғым 2016 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа азаматтық іс  жүргізу кодексінің 174-бабымен партисипативтік рәсім енгізілген.

         Азаматтық іс  қаралған кезде тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен  реттеу туралы өтініш беруге құқылы.

 Азаматтық процесте партисипативтік рәсім — бұл тараптардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында судьяның қатысуынсыз адвокаттардың міндетті түрде қатысуымен тараптар арасындағы дауды реттеудің келіссөз жүргізуі және тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылуы болып табылады.

 Партисипативтік рәсім тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Білікті заң көмегін көрсету, оның ішінде азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген бітімгершілік рәсімдер шеңберінде дауды реттеу мақсатында адвокатпен жасалатын тараптардың тапсырма шарты (тараптардың әрқайсысының жазбаша келісімі ретінде) партисипативтік рәсімді жүргізу үшін негіз болып табылады. Іс бойынша тараптар және олардың адвокаттары партисипативтік рәсімге қатысушылар болып табылады. Осы татуласу түрін жүргізудің оң нәтижесі тараптардың адвокаттарының қатысуымен, судьяның қатысуынсыз келіссөздер нәтижесінде тараптар қол жеткізген партисипативтік рәсім шеңберінде дауды реттеу туралы жазбаша келісім болып табылады. Жазбаша келісім жасалған жағдайда, ол сот ұйғарымымен, яғни сот актісімен бекітілетін болады және оны тараптар арасында олардың адвокаттарының қатысуымен рәсім аяқталғаннан кейін судья шығаратын болады.

 Партисипативті рәсім үш кезеңнен тұрады (немесе):

Бірінші кезең-бұл тараптардың талап қою (дау, проблема) бойынша ұсыныстар ұсынуы, бұл ретте ұсыныстарды әрбір тарап жеке-дара, сондай-ақ топтық бірлесіп талқылауда да ұсына алады.

Екінші кезең-бұл қалыптасқан жағдайдан (дау, талап, мәселе) шығу ретінде Тараптардың баламаларды әзірлеуі, бұл ретте әзірлеменің ұсыныстан айырмашылығы әрбір тарап үшін артықшылықтары мен кемшіліктерін, қандай да бір шарттарды орындау мүмкіндігін, яғни шындық тесті қоса алғанда, әрбір нұсқаның нақты егжей-тегжейлерінде болады.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (67 Kb)   docx (10.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club