Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономика ғылымы

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Лекция  •  1,856 Слов (8 Страниц)  •  6 Просмотры

Страница 1 из 8

                                         Экономика ғылымы

1)Экономикалық теорияның шығу тегі мен атқаратын қызметі.

2)Экономикалық теорияның заңдары мен категориялары.

Экономикалық теорияның шығу тегі:Экономика ежелгі ғылымдардың бірі. Ол кез-келген қоғамның іргетасы болып табылады.Адамдар әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір сүреді.Экономия ұғымы «экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос,экос»-үй, шаруашылық «номос»-заң,заңдылық деген сөздерінен шыққан.Экономикалық теория ең алғаш рет 18 ғасырда қалыптасты.Оны ғылым ретінде алғаш рет ежелгі дәуір ойшылдары Ксенофонт,Платон,Аристотель және тағы да басқа ғалымдар қарастырған.Бұл ғалымдар алғашқы экономистер болып саналады.Ксенофонт өзінің зерттеулерінде экономиканы ауыл шаруашылығына,қол өнеріне,саудаға бөлінетін салаларға жатқызды,еңбек бөлінісін жақтап өз  пікірін айтты.Платон еңбек бөлінісі туралы пікірін ілгері дамытты.Еңбекке мамандану,еңбек қызметі түрлерінің ерекшеліктерін шаруашылықтарын жүргізетін мамандарды қалыптастыру сияқты мәселерге ерекше мән берді.Аристотель өзінің әйгілі «Саясат» , «Этика» трактатында адамзат тарихында алғаш рет экономикалық үдерістер мен құбылыстарды зерттеп көрсетеді.Оның пікірі бойынша экономика-бұл құлдардың еңбектерін ұтымды ұйымдастыру ережелерін қалыптастыратын ғылым.Аристотель сонымен қатар айырбас, сауда, ақша деген тақырыптарды қарастырды.Экономикалық теорияның бастауы- меркантилистерден Рикардоға дейінгі кезеңдерде  экономикалық категориялар мен заңдар жүйесінің іргесінде қаланды.Экономикалық теориялық эволюция алғаш рет ғылыми жүйе ретінде қарастырыла бастаған уақыт 17 ғасыр аяғымен байланыстырамыз.Бұл кезеңде ел, қоғамның қызығушылығы қалай байлыққа қол жеткізуге, әл-ауқатын көтеруге тағы да басқа мәселені шешуге көптеген пікір мен тұжырым құрылды.Экономика пәні дербес ғылым саласы ретінде алғаш рет саяси экономия атауымен ғылыми айналымға енді.Соңғы 150 жыл ішінде экономика ғылымының пәні айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.Оның басты қызметі ұтымды баламаны таңдауға мүмкіндік беретін,белгіленген мақсаттарға жету үшін қажетті ресустарды пайдалану тәсілдерін анықтау.Яғни тауарды өндіру барысында бөлуге,айырбастауға,тұтынуға байланысты қызметтерді зерттейтін ғылым. «Байлықты ұлғайтудың, әл-ауқаттылықтың негізі- сыртқы сауда нәтижесінде әкелетін ақша бірлігін көбейтуде»- деп мектеп өкілдері өз ойларын білдірді.Ондай мектеп өкілдеріне А.Серра, У.Мен, А.Монкретьен, У.Петти жатады.У.Петти өзінің еңбектерінде айналым мен өндіріс үдерістердің байланыстылығы туралы мәселені көтерген.Ол байлықтың көзі жер мен еңбек деп санады,халық санының өсуіне байланысты табыс пен байлықтың артуы қажеттілігін  байғай алды.Сонымен жоғары айтып өткеміндей экономика сөзі үй шаруашылығын жүргізу деген мағына береді.Экономикалық ғылым- шаруашылықтың даму заңдылықтары туралы ғылым.Оның обьектісі және субьектісі болады.Обьектісіне-экономикалық құбылыстар,мәселелер,үдерістер жатады.Субьектісіне-адам,үй шаруашылығы,сыртқы орта мен мемлекет жатады.

Экономикалық теорияның негізгі қызметтері:

1.Танымдық қызметі- экономикалық құбылыстарды тереңінен зерттеп түсіндіру.Осы қызметі арқылы экономикалық теория қоғамдағы құбылысты зерттей отырып, ғылыми мағлұмат береді.Сонымен бірге экономикалық құбылыстарға назар аударып, экономикалық үдерістің бағыт бағдарын зерттейді.Қоғамдағы экономиканы зерттеу мен мәнісін түсіне білу және алған білімін жүйелі түрде көрсетеді.

2.Практикалық қызметі-Тікелей материалдардың дүние өндіру,тәжірибесінен көрініс табады.Іс жүзіндегі зерттелген обьектілерді қолданып экономикалық саясаттың негізін жасау. Бұл қызмет ұтымды шаруашылықтандыруға,ғылыми ұстанымда мемлекеттің тиімді саясат жүргізуіне бағытталады.

...

Скачать:   txt (31.2 Kb)   pdf (115.3 Kb)   docx (720.1 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club