Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаржы саясаты, оның экономикалық және әлеуметтік саясаттағы

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  3,161 Слов (13 Страниц)  •  27 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті Экономика және қаржы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қаржы саясаты, оның экономикалық және әлеуметтік саясаттағы орны

Орындаған: Куанышева Ж.Х.

Тексерген: Абжанова А.К.

Қостанай, 2020-2021 оқу жылы

Мазмұны:

Кіріспе.......................................................................................................................3

І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі........................................4

1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары

1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі...................6

ΙΙ Қазақстан Республикасының қаржы саясаты...................................................7

2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі........7

2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі.....11

Қорытынды............................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................15

Кіріспе

Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.

Қаржы саясаты өте маңызды болып табылады және мемлекетті реттеуде негізгі орындардың бірін иеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, қаржы саясаты макроэкономикалық ықпал етудің бірден бір құралы. Ел ішіндегі және сол елдің сыртқы жағдайлары осы қаржы саясатына тікелей байланысты. Ол әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мақсатында қаржы қатынастарының аясын реттеп отырады. Қазіргі кезде көп адам әлі «қаржы» мен «қаржы саясаты» ұғымдарын және олардың халық өмірін реттеудегі алатын орнын түсіне қоймайды. Мұнымен қатар барлық адамдар экономикалық тұрғыдан көздері ашық болуы керек. Оған қоса қаржы саясатының нысандары біздің тұрмысымыздың барлық жақтарын қамтып, өмірімізге тікелей араласып отырады. Демек, қаржы саясатының ерекшеліктері мен оның әдіс-құралдары мен нысандарын жетік білуіге тиіспіз. Сол себепті «қаржы» және «қаржы саясаты» ұғымдарына терең талдау жасау керек. Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттары — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттары бар. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді.

...

Доступно только на Essays.club