Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Экономической географии"

Автор:   •  Март 14, 2022  •  Курс лекций  •  27,187 Слов (109 Страниц)  •  281 Просмотры

Страница 1 из 109
  1. Әлемдік шаруашылық географиясының пәні, міндеттері және әдістері.

Пәннің қысқаша мазмұны:

География мамандарың дайындауда "әлемдік шаруашылық географиясы" пәнінің рөлі әлемдік шаруашылық жүйесінің әлеуметтік-экономикалық дамуының күрделі процестерін түсіну қабілетін қалыптастыру қажеттілігінен тұрады. Әлемдік өндіріс пен капиталдың интернационализациясы мен жаһандануы халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың жүйелі құраушы факторына айналған, біртұтас геоэкономика тұжырымдамасы қазіргі кезеңде барлық қайшылықтар мен қақтығыстармен объективті шындыққа, адамдардың шаруашылық қызметінің барлық салаларындағы жаңа ойлаудың негізіне айналды.

Мақсаты: Әлемдік шаруашылықтың кеңістіктік ұйымдастырылуы туралы экономикалық-географиялық білімді қалыптастыру.

Міндеттері:

- әлемдік шаруашылықты қалыптастырудың теориялық негіздерін және оның қазіргі даму үрдістерін зерттеу;

- әлемдік шаруашылық географиясының қалыптасу ерекшеліктері мен алғышарттарын анықтау;

-әлемдік шаруашылық салалары мен өндірістерін, тауарлар, қаржы құралдары мен қызметтер ағындарын талдау.

Компетенциялар

- экономикалық-географиялық терминдердің негізгі түсінігін және оны анықтау; әлемдік қор ресурстары, халық экономикасының дамуы, оның ерекшеліктері, халықаралық экономикалық қатынас және әлемнің ақпараттық – коммуникациялық байланысың айқындау.

- орындай білуі тиіс географиялық білім жүйесіне бағытталып әлемніңэкономикалық аймақтары мен елдерінің орнын анықтау.

- экономикалық географиялық объектілерге сипаттама беру; шаруашылық салаларының дамуын және олардың әлем экономикасындағ маңызыңанықтау.

- статистика материалдарына шолу, талдау жасау,санау - графикалық жұмыс

ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

1) ресурстардың әлемдік әлеуетін; ұлттық экономикаларды дамытудың ерекшеліктері мен бағдарларын, халықаралық экономикалық қатынастардың сипатын және әлемнің ақпараттық-коммуникациялық байланыстарын айқындау;

2) негізгі географиялық заңдар мен халық пен шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру заңдылықтарының мазмұнын түсіну;

3) географиялық зерттеулер жүргізу, деректерді іздеу, өңдеу және талдау, әлемдік шаруашылық объектілері туралы графикалық, картографиялық материалдар үшін қазіргі заманғы географиялық әдістерді, ақпараттық-коммуникациялық құралдарды, ГАЖ-технологияларды қолдану;

4) географиялық ақпараттың әр түрлі көздері негізінде әлемдік шаруашылық салалары мен өндірістерін дамыту мен орналастырудың аумақтық ерекшеліктерін, құрылымын және бөлінуін талдау;

5) экономикалық-географиялық объектілердің сипаттамасын құру;

6) географиялық ақпаратты талдау негізінде әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, әлемнің нақты елдері мен экономика салаларының қазіргі жай-күйін, олардың даму үрдістерін бағалау.

  1. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі: мазмұны, рөлі.

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.

Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б.). Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді.

...

Скачать:   txt (459.5 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 108 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club