Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Курсовая работа  •  18,710 Слов (75 Страниц)  •  254 Просмотры

Страница 1 из 75

КІРІСПЕ

Нарықтық қарым-қатынастар жүйесінде өндірісің негізгі факорларының бірі болып саналатын еңбек нарығы маңызды орын алады. Бұл нарықта еңбеккке қабілетті адамдардың және мемлекеттік, жергілікті, қоғамдық және жеке меншік ұйымдар тарапынан жұмысқа қабылдаушы тұлғалардың мүдделері бір-бірімен соқтығысады. Еңбек нарығында қалыптасатын қарым-қатынастардың сипаты айқын әлеуметтік-экономикалық болғандықтан, ел халқы көпшілігінің қажеттіліктеріне қатысты болады. Еңбек нарығы механизмі арқылы халықтың жұмыспен қамтылу мен еңбекті төлеу деңгейі белгіленеді. Еңбек нарығында өтетін процестердің маңызды салдары ретінде жұмыссыздықты атап көрсету қажет – бұл жалпы алғанда жағымсыз құбылыс болса да, бірақ іс жүзінде қоғамдық өмірдің міндетті элементі.

Қазақстан Республикасы Президенті халыққа жіберген Жолдауында "Қазіргі кезде бәріне әйгілі өндіріс факторларының ішінде ең бастысы, және, көбінісе, негізгі болып, ең көп шығындарды талап ететінге еңбек қорлары жатқызылады. Өндіріс факторларын пайдалану тиімділігін талдау жұмысы еңбек шығындарына назар аудармай жасайға мүлдем болмайды" деп  айтқан болатын  [1].

Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Халықтың жұмыс бастылығы оның ұдайы өсуінің қажетті шарты болып табылады, өйткені осы көрсеткішке қарай адамдардың әл-ауқаты, өмір сүру деңгейі, қоғамның кадрларды таңдауға, даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге, сондай-ақ, оларды жұмысқа алуға, жұмысын жоғалтқан адамадарға материалдық көмек беруге жұмсаған шығындарының көлемі тәуелді болады. Сондықтан да, халықтың жұмыс бастылығы, жұмыссыздық, еңбек қызметіне арналған қорлар, жалпы еңбек нарығы ел экономикасына өзекті мәселелеріне айналды. Берілген диплом жұмысының тақырыбын таңдаудың себебі де осы болды.

Тақырыптың өзектілігі келесімен айқындалады: еңбек нарығының нашар ұйымдастырылуы, жұмыссыздықтың  өсуі экономикалық және әлеуметік шығындарға әкеліп соғады, нәтижесінде қоғамда шығарылатын өнім көлемі төмендейді, бұл жалпы ел экономикасының экономикалық және әлеуметтік дағдарысына әкелуі мүмкін. Егер де экономика жұмыс орындардағы қажеттілікті жұмысты іздеп, оны істей алатын, оған кірісуге дайын барлық адамдар үшін  қанағатандыра алмаса, онда тауарлар мен қызметтерді өңдірудің потенциалды мүмкіндігі жоғалады. Сонымен еңбек нарығының нашар дамуы экономикалық өсу қарқынын төмендетеді.

Диплом жұмысының басты мақсаты: еңбек нарығы, еңбек қорлары, жұмыс бастылық түсініктерін зерттеу және оларды нақты аймақ мысалында жетілдіру жолдарын қарастыру болад.

Қойылған мақсатқа қарай келесі нақты міндеттерді шешу жоспарланады:

1.        Еңбек нарығын және еңбек потенциалын басқару процесін, оның ерекшеліктерін, ұғымдарын зерттеу;

2.        жұмыс бастылықты талдау және оны мемлекеттік реттеу әдістерін қарастыру;

3. Қазақстандағы еңбек нарығының жалпы жағдайын және құрылымын зерттеу;

4. Шығыс Қазақстан облысының еңбек нарығы көрсеткіштерін талдау, нарықта қалыптасқан мәселелерді айқындау;

5. Анықталған мәселелерді зерттеу арқылы Шығыс Қазақстандағы еңбек нарығын жетілдіру жолдарын ұсыну.

Еңбек нарығы, жұмыссыздықпен күрес, еңбек ресурстары және оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін  талдауда шетелдік ғалымдар В.С.Буланов, А.О.Котляр, И.К.Заславский, Б.Д.Бреев, В.Н.Якимов, С.Г.Ковалев, А.И.Тучков, А.А.Никифорова еңбектері және отандық Я.Ә.Әубәкіров, Ө.Қ.Шеденов, Б.Л.Тәтібеков, О.Сәбден, Сансызбаева Х.Н, Б.С.Досманбетов, Ф.М.Днишев, М.К.Мелдаханова, Т.И.Есполов,  А.Қошанов, Ю.К.Шокаманов, Ұ.Р.Бекмұханбетова  сияқты зерттеушілердің еңбектерінің маңызы зор.

...

Скачать:   txt (273.8 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (483.1 Kb)  
Продолжить читать еще 74 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club