Социально-экономические перспективы развития Республики Казахстан
Автор: diko_1983 • Апрель 30, 2018 • Статья • 1,660 Слов (7 Страниц) • 989 Просмотры
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Ақбердиева Әйгерім Қайырқызы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
«Менеджмент» мамандығының 2 курс студенті.
Ахмурзина Динара Орынбасаровна
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті,
Менеджмент кафедрасының оқытушысы,ғылыми жетекші.
Дүниежүзілік үрдістің дамуы ұлттық экономиканың бәсекеге қабілелеттілігінің жоғары дәрежеде адами капитал көрсеткіші білімдерінің деңгейімен анықталатыны анық. Ол дегеніміз, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму келешегі білім жүйесінің даму үрдісіне байланысты болады.Еліміздегі жоғары білім жүйесінің мәселелері әсіресе қазіргі таңда кең орын алады. Өйткені, білім беру қызметтер нарығының даму үрдісі жоғары болмайынша,экономикалық өсу мүмкін болмайды.
Халықаралық тәжірибеде білім және экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген факторлар бар. Дүниежүзілік зерттеулерге шолу білім жүйесінің деңгейі мен ғылым, өнімділік және мемлекеттің жалпы экономикалық дамуы арасындағы байланысынын көрсетеді. Көптеген зерттеулер білім беруді дамытудағы инвестициялар рөлінің негізгі екенін дәлелдейді, себебі экономика қаншалықты білімді болса, соншалықты тұрақтылығы да жоғары болып табылады.
Қазақстан Республикасында Білім беру заңы-7-нші маусым 1999 жылы қабылданды. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процессіндегі құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі туралы белгіленген. 2015 жылы «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектептегі білімнің жаңадан орнатылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, тағы басқа өзгерістер орнатылды. Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңында көрсетілген. Қазақстан 2015 жылы даму деңгейі жоғары елдердің тобына кіріп, әлемнің 188 елінің арасында 56-орынды иеленді. Қазақстан 2016 жылы Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес және мүгедектердің құқықтары туралы келісімдерді жасады. Келісімдердің барлық ережелері елдің заңнамасында, оның ішінде «Білім туралы» ҚР-ның Заңында белгіленген. Толық теңдік негізінде әрбір білім алушы азаматтардың қабілеті мен олардың ынтасына қарай оларға сапалы білім алудың қолжетімділігі Қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде іске асырылады. Білім санаттарын бөліп көрсетуге болады. Осы білімдердің өз даму бағыттары және де сол даму бағытына жету үшін олардың проблемалары болады.
Мектепке дейінгі білім беруді қарастыратын болсақ, әр елдің білім беру жүйесінде мектепке дейін білім беру міндетті болып табылады. Қазақстан елінде соңғы бес жылдар ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды. Мектепке дейінгі білім берудің дамуына қазіргі таңда айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға бірдей міндеттері өзгертіліп жаңартылды.
Айтып кеткендей назар аударуды талап ететін жағдаяттар бар: 2020 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдардағы мамандандырылған жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесін арттыру жоспарлануда. Бұл көрсеткішке жету үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаятын болады. Мектепке дейінгі ұйымдар демографиялық жағдайды ескере отырып, халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған сандық, сондай-ақ сапалық жағынан да дамиды. 2020 жылға қарай жаңа орындар ашылады, бұл балаларды оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін Мемлекеттік реттеу жүйесінде 2017 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылатын көптілді білім беру бағдарламасының элементтері кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
...