Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болудын қылмыстық жауаптылығы

Автор:   •  Июнь 17, 2023  •  Реферат  •  2,108 Слов (9 Страниц)  •  308 Просмотры

Страница 1 из 9

[pic 1]

   

     Реферат

       Тақырыбы: «Пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болудың                                                                                                                                                                                                                                        қылмыстық жауаптылығы»

                                                                 

                                                                     

                                                                           Орындаған: Тұрбаев Еркебұлан

                                                                           Тексерген: Сеилханов.Ж.Д

                                                         

                                                 Астана қаласы

                                            2022-2023 оқу жылы

                                         

                                          МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................2

1 ТАРАУ. ПАРА АЛУ............................................................................3

1.1. ПАРА БЕРУ......................................................................................3

1.2. ПАРА ҚОРЛЫҚҚА ДЕЛДАЛ БОЛУ............................................4

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................5

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................5

                                               КІРІСПЕ  

Сыбайлас-жемқорлық — тек әлеуметтік емес, сонымен қатар саяси құбылыс. Ол әлеуметтік өмірдің барлық саласында мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты өмір сүріп отырады. Өз кезегінде мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған Қазақстанның ішкі саясаты сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жағдайына, құрылымы мен динамикасына ықпал жасап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең көне және кең тараған түрлерінің бірі — парақорлық. Жалпы алғанда парақорлық бұл — кез-келген өркениетті мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Қылмыстың бұл түрі елдегі режимге, ондағы басқару нысанына, идеологияға қарамастан кең етек жайып отыр. Заңнамада парақорлық — қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады. Парақорлық — бұл сыбайлас жемқорлықтың ең көне және ең кең тараған түрлерінің бірі. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс. Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс. Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы — психология, мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады.

1 ТАРАУ. ПАРА БЕРУ. Пара алу, пара беру - бұл лауазымды кылмыстардың өте қауіпті түрі болып табылады. Оның қауіптілігі пайдақорлык ниетпен жасалынатын қылмыстармен араласып, қосылып жасалуында. Парақорлық мемлекеттік аппарат қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне бөгет жасайды жэне олардың беделін төмендетуге, өкімет жэне атқару органдарының қызметінде әділдік қағидасын бұзуға әкеліп соқтырады, тіпті ұлттық қауіпсіздікке төндіретін катері ерекше. Парақор көптеген лауазымды тұлғалардың адал екеніне күмән туғызып, масқаралау арқылы сенімсіздік келтіріп қана қоймай, жалпы мемлекетке, конституциядағы азаматтардың мүдделері мен құқықтарын шектеуге, заңдылық кағидаларының бүрмалануы және Қазақстан Республикасының нарықтық реформаларының дұрыс жүргізілуін тежейді. Парақорлықтың ұғымы үш қылмыс құрамымен түсіндіріледі. Пара алу (366 бап); пара беру (367 бап); парақорлыққа делдал болу (368 бап);. Қазіргі кезеңде нарықтық экономика жағдайында парақорлықтың жаңа түрлері туындаған: паралар біріншіден, ғимарат, офис, жер алу үшін, қолда жоқ ақша қаражатын пакты ақшаға аудару, пайдалы банктік несие алу үшін алынады. Екіншіден, параның өзі жаңа мәнге ие болды. Лауазымды тұлғаға аталтан не басқа да қызметтері үшін банктен есеп шоттары ашылып, оларды меншікке ие жасап, оларды әртүрлі сылтаулармен шетелге белгілі бір маман, консультант ретінде шығуын: жол жүруін төлеп, және де бірталай көп ақша қаражатын валютамен берілуін ұйымдастырады. Пара ретінде автомобильдер, ақша, мал, кәсіптік тауарлар, азық-түліктер, бағалы заттар және де басқадай материалдық мәндегі игіліктер беріледі. Тәсіліне қарап параны алу екі түрге бөлінеді: ашық және көмескі түрлер.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (109.3 Kb)   docx (24 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club