Халкогендер
Автор: Gulim222 • Ноябрь 23, 2025 • Реферат • 1,788 Слов (8 Страниц) • 30 Просмотры
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Халкогендердің сипаттамасы, табиғатта таралуы
2.2 Халкогендердің физикалық қасиеті
2.3 Халкогендердің химиялық қасиеті
2.4 Халкогендердің алынуы
2.5 Халкогендердің қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде VIА (16) топшасына жататын элементтер — халкогендер деп аталады. Бұл топқа оттек (O), күкірт (S), селен (Se), теллур (Te), полоний (Po).
«Халкоген» атауы грек тілінен аударғанда «chalc» — руда, «gen» — тудырушы деген мағынаны білдіреді, яғни «руда түзуші элементтер». Өйткені олардың көбі табиғатта металдармен қосылып, түрлі сульфидтер, оксидтер, теллуридтер, селенидтер түрінде кездеседі.
Бұл элементтер тіршілік пен табиғат үшін аса маңызды: мысалы, оттек — тіршіліктің негізі, күкірт — белок молекулаларының құрамында болады, селен — ағза үшін қажетті микроэлемент, ал теллур мен полоний — сирек кездесетін, техникалық маңызы бар элементтер.
Халкогендер периодтық жүйеде солдан оңға қарай атомдық радиусы азайып, бейметалдық қасиеті артады, ал жоғарыдан төмен қарай атомдық масса мен металлдық қасиет күшейеді[1].
II. Негізгі бөлім
2.1 Халкогендердің сипаттамасы, табиғатта таралуы
Периодтық жүйенің VI тобының негізгі топшасының р-элементтеріне оттек О, күкірт S, селен Se, теллур Те жəне полоний Ро кіреді. Бұл топ элементтерінің жалпы атауы – халькогендер. VI А топшасы элементтерінің электронды конфигурациясы – ns2 np4 . Сыртқы энергетикалық деңгейдегі екі жұптаспаған электронның болуы қозбаған күйінде валенттігі 2-ге тең болатынын көрсетеді. Сыртқы деңгейлердің құрылысын салыстыру арқылы S, Se, Те жəне Ро-де оттектен өзгеше d-деңгейшесінде бос орбитальдар бар екенін көрсетеді. Оттектің сыртқы электрондық қабатында бос орбитальдардың болмауы оған жұптаспаған электрондар санын көбейтуіне мүмкіндік бермейді, сондықтан оттек тұрақты 2 валенттік көрсетеді. Топшаның қалған басқа элементтерінің сыртқы энергетикалық деңгейінде d-деңгейшесінде бос орбитальдары бар, оған қозған күйінде осы деңгейдің s- жəне р-электрондары ауыса алады. Осылай төртке жəне алтыға тең болатын валенттік мəндері түсіндіріледі. O– S – Se – Te – Po қатарында байқалады: иондану энергиясының төмендеуіжəне атом радиустарының ұзаруы нəтижесінде бейметалдық қасиеттері əлсіреп, металдық қасиеттердің күшеюі; тотықсыздандырғыштық белсенділіктерінің артуы; сутекке ынтықтылығының төмендеуі;оттекке ынтықтылығының жоғарылауы; тотықтырғыштық белсенділіктерінің төмендеуі [3].
2.4 Халкогендердің алынуы
Оттектің алыну
Зертханада оттекті алу үшін бірнеше əдіс қолданылады:
- Сутек пероксидінің каталитикалық ыдырауы:
2Н2 О2 → 2Н2 О + О2 (катализатор – MnO2)
2. Оттекке бай қосылыстардың термиялық ыдырауы, мысалы калий перманганаты, калий хлораты немесе калий нитраты:
2KMnO4 → K2 MnO4 + MnO2 + O2 ↑
2KClO3 → 2KCl + 3O2 ↑
2KNO3 →2KNO2 + O2 ↑
3. Суға натрий пероксидімен əсер ету:
2Na2 O2 + 2H2 O→ 4NaOH + O2 ↑
4. Жер атмосферасының жоғарғы қабатында озон ультракүлгін күн сəуле арқылы түзіледі:
3О2 ⎯⎯→hv 2О3
5. Кейбір металдармен әрекеттесіп озонидтер түзеді,мысалы калий озониді:
К + О3 = КО3
6. Озонды тотықтыру арқылы [6].
PbS + 4O3 → PbSO4 + 4O2
Күкіртті алу
1.Күкіртті оның табиғи қосылыстарын балқыту, мысалы күкірт колчеданын жоғары температураға дейін қыздыру арқылы алады. Күкірт колчеданы темір (II) сульфиді мен күкірт түзу арқылы ыдырайды:
FeS2 = FeS + S.
2.Нəтижесінде басқа газдармен бірге ұшып шыққан күкіртті салқындатып барып, ажыратып алады.
Күкіртті күкіртсутекті тотықтыру арқылы алуға болады:
2H2S + O2 = 2S + 2H2 O
3.Күкіртті күкірт кендерінен металдарды балқыту кезіндегі қосымша өнім – күкірт диоксидін SO2 көміртекпен тотықсыздандыру арқылы алады:
...