Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тірек-қимыл аппараты

Автор:   •  Май 3, 2020  •  Реферат  •  2,274 Слов (10 Страниц)  •  3,289 Просмотры

Страница 1 из 10

ТІРЕК- ҚИМЫЛ АППАРАТЫ  (ОСТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИОЛОГИЯ) (Supporting musculoskeletal system)

Жалпы түсінік. Тірек-қимыл аппаратына сүйектер мен сүйек аралық байланыстар және бұлшық еттер жатады. Сүйектер адамда да, жануарларда да денеге белгілі  пішін берумен бірге, тірек-қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады. Мысалы, қол-аяқ  сүйектері, омыртқа жотасы тіректің  және қимыл қызметтерін атқарса, бас сүйектері мен көкірек клеткалары – өкпені  т.б.  органдарды қоршап, қорғаныш қызметін атқарады.

Сүйектер бұлшық етсіз, буын –байламдарынсыз қимыл қызметтерін атқара алмайды. Буын мен байламдар қанқа сүйектерін бір-біріне байланыстырып отырса, бұлшық  еттер өздерінің жиырлу қасиеттерінің арқасында денені немесе оның жеке мүшелерін қимылға келтіріп отырады. Осы процестер рефлекторды түрде нерв жүйесінің басқаруымен өтеді. Бұлшық еттердің бір сүйектен басталып, міндетті түрде бір, не бірнеше буыннан аттап барып екінші сүйекке бекінеді,  сондықтан, еттер жиырылғанда сүйекті буыннан жазып, не бүгіп қимылға келтіреді. Бұлшық еттердің бұл жұмысын динамикалық қызметі дейді. Осы қызметтері арқылы дене қимылы, оның жазықтықтағы өзгеруі және тік қалыпта тұруы, сыртқы ортаға икемделуі т.б. неше түрлі еңбек әрекеттері өтіп жатады.Осыған байланысты адам денесіндегі сүйектер мен бұлшық еттерді тірек-қимыл аппараты деп атайды.

Бұлшық еттердің тыныш күйінде де жұмыс жағдайдында қатайып тұру қасиетін тонус  деп атайды. Тірі адамның бұлшық еттері өлі дене еттерінен осы тонус арқылы ажыратылады.

Анатомияда тірек-қимыл аппаратын терең зерттеу үшін оларды үлкен екі салаға бөліп оқытады. Сүйек саласын /остеология/, ал бұлшық еттер туралы саласын /миология/ деп атайды.

Қанқа құрылысы

Қанқа негізенде 200-ден аса сүйектерден түзілген. Қөбі жұп келеді. Дененің жалпы салмағымен салыстырғанда сүйектер 10% қана болады. Бұл жағдайда жалпы сүйек құрылысының жеңілдігін дәлелдейді.

Сүйек – адамның денесіндегі негізгі жанды мүше болып табылады. Ол өзінің қаттылық қасиетінің арқасында денені қимылға келтірумен бірге тіректік қызмет атқарады. Сүйекте негізгі сүйек тканінен басқа нерв және дәнекер тканьдері де болады. Олар сүйек құрылысында қан, лимфа тамырларын және нерв талшықтарын түзеді.

Сүйекті сыртынан дәнекер тканінен тұратын сүйек қабы қоршап жатады. Ол қан тамырлы болады, осы қан тамырлары арқылы еніп қоректенумен қатар нервтендіреді, сонымен бірге сүйек қабы қорғаныштық қызмет атқарады. Ол екі қабаттан түзелген. Сыртқы қалың  дәнекер ткані және ішкі – остеобласт қабаты. Сыртқы қабатында бұлшық еттердің сіңір талшықтары мен буын сіңірлері жалғаса жатады. Сүйек қабының ішкі қабаты сүйек жасайтын клеткалардан- остеобластардан түзілген. Осы сүйек клеткаларының көбеюі нәтижесінде сүйекте жаңа қабаттар пайда болып, сүйекті көлденең өсіреді. Сүйек сынған жағдайда екі сынық аралығында остеобласт клеткалары шоғырланып сынықтың бітуіне себебі болады.

Сүйектің құрылысы. Сүйекті ұзына бойына жарып көрсек, оның құрылысының біранғай емес екендінін көруге болады. Оның сырт жағы қатты заттан түзілсе, ішкі жағында кемік заты жатады. Сүйектің тығыз жағының қалыңдығы мен кемікті затының бағыты сійекке түсетін салмаққа байланысты келеді. Мысалы, аяқ жіліктерінің сыртқы тығыз заты қол жіліктерінің тығыз затына қарағанда қалыңдау келеді. Сүйектің кемікті заты сүйек қабыршықтарының /пластинкалары/ жату жағдайына байланысты. Олар бір-бірімен әр түрлі бағытта жатып, өз аралықтарында саңырлау қалдырады.  Ол саңылауларда сүйек майы орналасады. Қемік затының сүйек қабыршақтары әр түрлі бағытта жатқанымен орналасу тәртіпбі сүйекке түсетін салмаққа байланысті келеді. Мұндай құрылыс сүйекке беріктік қасиет береді. Кемікті заттар жалпақ қысқа /қабырға, омыртқа/ сүйектерде тұтасынан толтыра жатса, жілік сүйектерінің бас жағында ғана кездеседі. Сүйектің тығыз заты сыртқы, ортаңғы, ішкі деп аталатын үш қабаттан түзілген.

...

Скачать:   txt (31.7 Kb)   pdf (116.9 Kb)   docx (15.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club