Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Валенттік электрондары электртерістігі

Автор:   •  Апрель 21, 2022  •  Реферат  •  452 Слов (2 Страниц)  •  233 Просмотры

Страница 1 из 2

Валенттік электрондары электртерістігі кіщі атомдардан электртерістігі үлкен атомдарға ауысатын немесе ығысатын процестер тотығу-тотықсыздану реакциялары деп аталады. Жоғарыда айтылған тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеуін жазсақ:()

Электрондар беру процесі тотығу, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады. Осы реакцияларда электрондарды қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ад беретіндері тотықсыздандырғыш болады. Менің мысалымда натрий атомдары оттекпен, күкіртпен және фтормен реакцияларында электрондарын береді., демек өздері тотығады және тотықсыздандырғыш болады. Оттек, күкірт және фтор атомдары электрондар қосып алады, яғни өздері тотықсызданады және тотықтырғыш болып табылады.()

Ескеретін жағдай: тотығу-тотықсыздану реакцияларында электртерістігі өте төмен элементтерден электрондар электртерістігі өте жоғары элементке толықтай ауысады деп санайды. Мұндай жағдай тек натрийдің фтормен әрекеттесуі кезінде байқалады. Қалған реакцияларда натрий атомдарынан оттек күкірт атомдарына электрондар толық ауыспайды. Бұл байланысатын атомдардың электртерістігінің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Молекуладағы жалпы электрон жұптарының ығысуы атомдарда зарядтардың пайда болуына тікелей әсер етеді. Неғұрлым ығысу молдау болса, соғұрлым атомдағы жеке заряд мөлшері үлкендеу болады. Тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуінен шығатын көптеген қосылыстардағы элемент таңбасының үстіне қойылған зарядтар шартты болыр саналады, яғни шындыққа сай келе бермейді.()

Ионды қосылыстардағы ионның заряды, полюсті ковалентті қосылыстардағы атомдардың шартты зарядты тотығу дәрежесі деп аталады.

Тотығу дәрежесінің мәні осы элементтің атомынан басқа элемент атомына шартты түрде ығысқан электрон санымен анықталады.

Тотығу дәрежесін «+» немесе «-» белгілерімен көрсетеді. Кез келген күрделі қосылыстарда әрбір атомға белгілі бір тотығу дәрежесі сәйкес келеді. Мысалы, HF-да сутектің тотығу дәрежесі +1, ал фтордікі —1.()

Коваленттік байланысты қосылыстарда тотығу дәрежесі жалпы электрон жұбының бір атомнан келесі атомға толық ығысуымен көрсетіледі. Мысалы:  HCl, SiO2, H2O және т.б. Биэлементті қосылыстардың химиялық формулаларында, негізінде, бірінші орынға электртерістігі кіші және соған сәйкес оң тотығу дәрежелі элементтің таңбасы жазылады (мысалы, металдар). Одан соң электртерістігі үлкен теріс тотығу дәрежелері элементтің таңбасы жазылады. Көптеген химиялық элементтердің тотығу дәрежесінің мәні өзгермелі. Мысалы, күкірттің тотығу дәржелері H2S қосылысында -2; SO2 қосылысында +4; ал SO3 қосылысында  +6. Жай зат күкірттің тотығу дәрежесі 0-ге тең. Басқа да химиялық элемент атомдарының жай зат ретіндегі тотығу дәрежесі нөлге тең деп аталынады.()

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (52.4 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club