Тест по "Физике"
Автор: Жансая Рысбай • Февраль 18, 2022 • Тест • 6,520 Слов (27 Страниц) • 238 Просмотры
Уровень 1
1. Дененің (конструкцияның, оның элементтерінің) сыртқы күш әсерін қирамай, немесе айтарлықтай пластикалық деформацияларға ұшырамай қабылдай алу қабілетін ... деп атайды.
А) қатаңдық;
В) қаттылық;
С) беріктік;
Д) серпімділік;
Е) аққыштық
2. Дененің сыртқы күш әсерін өзінің бастапқы формасы мен өлшемдерін айтарлықтай өзгертпей қабылдай алу қабілетін .... деп атайды.
А) қаттылық;
В) қатаңдық;
С) серпімділік;
Д) беріктік;
Е) орнықтылық
3. Дененің сыртқы күш әсерін өзінің бастапқы тепе-теңдік күйін сақтай отырып, қабылдай алу қабілетін ... деп атайды.
А) серпімділік;
В) беріктік;
С) қаттылық;
Д) орнықтылық;
Е) қатаңдық
4. Қарастырылатын нақты объектінің есептеу мақсатына айтарлықтай әсері жоқ ерекшеліктері алып тасталған түрі оның ... делінеді.
А) негізгі схемасы;
В) эквивалент схемасы;
С) есептеу схемасы;
Д) көмекші схемасы;
Е) нақты схемасы
5. Бір өлшемі басқа екі өлшемінен әлдеқайда үлкен дене ... делінеді.
А) пластина;
В) сырық;
С) қабықша;
Д) массив;
Е) сырықтар жүйесі
6. Қималар әдісі бойынша тікелей ... анықталады.
А) кернеулер;
В) сыртқы күштер;
С) деформациялар;
Д) ішкі күштер;
Е) орын ауыстырулар
7. Қималар әдісінде амалдарды қолданудың дұрыс ретін көрсетіңіз: 1) қалған бөлік үшін тепе-теңдік теңдеулерін құрып, ішкі күш факторларын анықтайды; 2) екі бөліктің біреуін ойша алып тастайды; 3) тепе-теңдікте тұрған денені қажет жерден жазықтықпен ойша кесіп, екі бөлікке бөледі; 4) алып тастаған бөліктің қалған бөлікке әсерін ішкі күш факторларымен алмастырады.
А) 1, 2, 3, 4;
В) 2, 4, 1, 3;
С) 3, 2, 4, 1;
Д) 4, 1, 2, 3;
Е) 1, 3, 2, 4
8. Сыртқы күш әсерінің жалпы жағдайында сырықтың көлденең қимасында ... ішкі күш факторлары туындайды.
А) бес;
В) екі;
С) төрт;
Д) үш;
Е) алты
9. Дене қимасы бойынша ішкі күштердің таралу қарқындылығын сипаттайтын шама–қиманың аудан бірлігіне келетін ішкі күштер үлесі ... делінеді.
А) бойлық күш;
В) кернеу;
С) көлденең күш;
Д) июші момент;
Е) бұраушы момент
10. Созылу (сығылу) кезінде түзу сырықтың көлденең қималарында ... кернеулер туындайды.
А) тек қана [pic 1]– жанама;
В) тек қана [pic 2]– тік;
С) тік және жанама;
Д) толық және тік;
Е) жанама және толық
11. Созылу (сығылу) кезінде түзу сырықтың көлбеу қималарында ... кернеулер туындайды.
А) тек қана [pic 3]– жанама;
В) тек қана [pic 4]– тік;
С) толық және тік;
Д) тік және жанама;
Е) жанама және толық
12. Созылған (сығылған) түзу сырықтың көлденең қимасы бойынша тік кернеулер [pic 5] қалай таралады?
А) квадрат парабола бойынша;
В) сызықтық заңдылықпен;
С) біркелкі;
Д) шеңбер доғасы бойынша;
Е) кубтық парабола бойынша
13. Белгісіз күштерін анықтауға статиканың теңдеулері жетіспейтін конструкцияларды … жүйелер деп атайды?
А) статикалық анықталған;
В) статикалық анықталмайтын;
С) тиімді;
Д) негізгі;
Е) эквивалентті
14. Температура өзгерген кезде кандай конструкцияларда температуралық кернеулер пайда болады?
А) статикалық анықталмайтын;
В) қарапайым статикалық анықталатын;
С) статикалық анықталатын күрделі;
Д) кез келген;
Е) мұндай конструкциялар жоқ
15. Қандай конструкцияларда құрастыру кернеулері пайда болады?
А) мұндай конструкциялар жоқ;
В) статикалық анықталмайтын;
С) қарапайым статикалық анықталатын;
Д) күрделі статикалық анықталатын;
...