Пластмассалы базис
Автор: Жандос Балгынбеков • Сентябрь 22, 2021 • Доклад • 894 Слов (4 Страниц) • 261 Просмотры
1Бөлім.
Пластмассалы базис сапасы тіс технигінің таза, тиянақты қалыптау
мен полимеризация удерісінің технологиялық талаптарын қатал
сақтауымен қамтамасыз етіледі.
Протездің соңғы мүсінделуі кезінде тістердің бeттepi олардың мойны
негізден бос және де кламмер иықтары балауыздан мұқият тазартылған
болу керек. Негізді мүсіндеу кезінде қалыңдаудың пайда болуына жол
бермеу керек. Фронталды аймақта фарфорлы тістерді қою кезінде,
жасанды тістер бip-бipiмeн тығыз емес түйіcyi керек, ол протезді пішінге
келтірген кезде және термиялык өңдеу кезінде тістердегі сызаттардың
пайда болуын алдын алады.Пластмассаны араластыру үшін шыны ыдысты пайдаланады. Бірінші ұнтақты ceyin, кейін мономерді салады.
Мономердің артық бөлігі протез сапасына кepi әсерін тигізетінін есте
сақтау керек. Міндетті түрде ұсынылған 3:1 (ұнтақтың 3 бөлігіне —
мономердің 1 салмақтық бөлігі ) қатынасын сақтау керек.
Ғаныш қатайған кезде, кюветаны қайнаған суға 5—10 минутқа, балауыз
балқығанша салады. Кейін кюветаны ашып, балауыз қалдықтарын
қайнаған сумен толықтай жуады. Осыдан кейін пластмассаны
араластыруға кіріседі. Массаны мұқият, ұнтақ пен мономерді толықтай
қанықтырып, шпательмен араластырады. Мономердің ұшып кетуін алдын
алу үшін ыдысты әйнек пластинкасымен жауып, масса бөліктерінің
толықтай томпайғанша бөлме температурасында сақтайды. Осы уақыт
аралығында массаны бірнеше рет араластыру ұсынылады.
Қатаю барысында пластмасса 4 сатыдан өтеді:
• сулы құм;
• созылғыш жіп;
• қамыр;
• резіңке.
Пластмассаны қалыптастыру алдында, кювета бөлме температурасына дейін суытылуы керек. Пресстің астында 3 мин ұстап, кейін кюветаға арналған доғаға (бюгель) ауыстырады.Доғадағы кюветаны қысымсыз қалдыруға болмайды, ceбeбi, кювета бөліктері арасында кеңістік пайда болса тістер мүсіннен ажырап кетуі
мумкін. Бұл тістемнің өзгеруіне, ал протез негізінде кеуектердің пайда
болуына алып келеді. Балауызды құрылымды кюветаға ғаныштаудың
аралас тәсілі жасалғанда, пластмассаны бip мезетте кюветаның екі жақ
бөлігіне орналастырады. Алдын ала престеген кезде, кюветаның екі
бөлігіндегі пластмасса порциялары арасына целлофан жабу осы әдістің
ерекшелігі болып табылады.
Пластмассаның полимеризациясы суда немесе құрғақ ауалы каме-
рада қыздыру жолымен жүргізіледі. Бірінші жағдайда кюветасы бар
бюгельді бөлме температурасындағы суға толған ыдысқа салып, 40—
60 мин аралығында ақырындап кыздырып, қайнатуға дейін жеткізеді
және 40 мин аралығында ұстайды. Қайнату баяу болу керек. Осы уакыт
өткеннен кейін кюветаны ыстық суда тағы 15 минутқа қалдырады.
Қaзipri кезде электрлік полимеризаторлар ойластырылып шығарылуда.
Пластмассаның полимеризациясы судың қайнау температурасымен
(100 °С) жүреді, бұл ғаныштың қатаюына әкеледі және полимериза-
циядан кейінгі протездің шығуын қиындатады. Кюветаны баяу суы-
ту Kepiciнше, кюветадағы ғанышты борпылдатып, полимеризациядан
кейін протездің шығуын жеңілдетеді. Протезді ғаныштан бөлу кезінде
белгіленген ережелерді немесе қауіпсіздікті сақтамаған жағдайда, протез
нeгізінің немесе жасанды тістердің сынуы мүмкін.
Шығарылуды оңайлату үшін, алдымен протез ғанышталған кювета
бөлігіндегі қақпакты бөліп, кюветаның қабырғасы бойымен шпательмен
ғанышта тесік жасалады, содан кейін ғаныштың барлық массасы протез-
бен бipre кюветадан оңай шығарылады. Кейін ғанышты кіші бөліктерге
сындыра отырып, протезді мұқият босатады. Протездің кюветадан басып
шығаруға арналған арнайы пресстер бар. Оны пайдалану кюветадан
протезді шығаруды айтарлықтай жеңілдетеді. Кюветадан шығарылған
және ғаныштан босатылған протезді щеткамен суда мұқият жуады.
Жұмсақ эластикалық төсем бар протездің негізін дайындауға
ғаныштаудың Kepi әдісін қолданады. Ол үшін балауызды балқытып,
бөлме температурасына дейін суытқаннан кейін, негізді балауыздың
жұмсартылған пластинкасымен кюветаға ғанышталған мүсінді қысады.
Негіздің шекарасы бойымен балауызды пластинка қырын кесіп,
артығы алынады, ал пластинканың өзін мүсінде қалдырады. Негізді
пластмассаны араластырып, құрылымдап, целлофанмен жауып,
пресстейді. Пресстеуден кейін кюветаны ашып, балауызды пла-
стинканы жояды, пластмасса артығы шпательмен кесіліп алынады,
эластикалық пластмассаны араластырып, балауыздан қалған бос орынды толтырады. Эластикалық пластмассадан жасалған протез немесе төсемдерді дайындаған кезде полимеризация пластмассанын толық қатаюына дейін жүргізіледі.
. Содан кейін кюветаны бюгельге орналастырып, полимеризация
жүргізіледі. Полимеризация аяқталғаннан кейін протезді кюветадан
шығарып, ғаныштан тазартып, су астында сабындап щеткамен
жуады. Негізді пластмасса өңделіп, тегістеліп, жылтыратылады. Жұмсақ
төсемнің артығын қайшымен кесіп, ыстық шпательмен тегістейді.
...