Гидроцилиндрлер
Автор: k.musaeva09 • Февраль 15, 2020 • Реферат • 466 Слов (2 Страниц) • 598 Просмотры
Гидроцилиндрлер – гидравликалық цилиндрлер деп шығу
тобында ілгерілі-кейінді қозғалысы бар көлемді
су қозғалтқышы аталады. Гидроцилиндрлер
әртүрлі машиналардың атқарушы механизмдері
ретінде кеңінен қолданылады. Гидроцилиндрлерді құрылысының қарапайымдылығымен және жұмыста сенімділігіне байланысты орындаушы механизмдердің жүрісі бір қалыпты және айналымды болатын тиегіш машиналарда, кен комбайндарында, механикалық бекітпелерде, технологиялық машиналарда, экскаваторларда кең қолданылады.
Күштiк цилиндрлердiң құрылғыларының және сұлбаларының көп түрлерi бар, бiрақ бұған қарамастан кез келген гидроцилиндр (1-сурет) iшi жонылған корпустан 4, штокты 3 поршенен 2 тұрады. Поршень корпустан шығып, жүктемеге жалғасады.Поршень цилиндрдi поршендiк және штоктық қуыстарға бөледi, олар тығындауыштар 1 арқылы қымталады.
Цилиндрге түсетiн сұйықтың гидростатикалық қысымы поршенге берiлiп, онда күш дамытады, ал ол күш штокқа қадалған күшке және цилиндрдегi үйкелiс күштерiне қарсы тұрады.Күштік цилиндрдің негізгі жұмыстық және конструктивтік көрсеткіштері келесілер: ішкі диаметрі, поршень қадамының ұзындығы, поршеннің қозғалу жылдамдығы, тудыратын тегеуріні, сұйық шығыны, қуаты, және ПӘК – і.
Гидроцилиндрлердің геометриялық өлшемдерін анықтау үшін олар тудыратын ең жоғары тегеурінді білу керек.
[pic 1]
1-сурет. Күштік гидроцилиндр
Кинематикалық белгісі бойынша гидроцилиндрлер 2 топқа бөлінеді:
1) қозғалмайтын қорапты және күшпен жалғасқан, жылжымалы өстік бағыттағы поршенді.
2) күшпен жалғасқан жылжымалы қорапты және жылжымайтын поршеньді.
Осыған байланысты цилиндрдің жетекші буыны шток немесе корпус болуы мүмкін.
Поршеннің құрылысына байланысты гидроцилиндрлер бірнеше топқа бөлінеді (2-сурет).
1)жетекші буыны болып қызмет атқаратын 1-жақты немесе 2-жақты штокты поршеньді цилиндрлер .
2) жетекші буыны тығынжыл болып табылатын тығынжылды гидроцилиндрлер.
...