Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Берілген елді мекенді сумен жабдықтау

Автор:   •  Январь 9, 2019  •  Курсовая работа  •  14,570 Слов (59 Страниц)  •  83 Просмотры

Страница 1 из 59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

«Инженерлік  жүйелер  және  желілер» кафедрасы

«Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымдарды суландыру» пәні бойынша 5B080500 «Cу ресурстары және суды пайдалану» мамандығының 4-курс студенті

Тлеш Дулатқа берілді

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ КЕШЕНДІ ТҮРДЕ

ОРЫНДАУ ТАПСЫРМАСЫ

Тақырыбы: «Берілген елді мекенді сумен жабдықтау»

Берілген мәліметтер:

1.

Вариант

72

2.

Тұрғындар тығыздығы, Р, ад/га

130

3.

Құрылыстың қабат саны, N

5

4.

Елді мекеннің абаттандыру дәрежесі, n

3

5.

Суару ауданы, %

7

6.

Су тарататын колонкадағы мак. сек. шығын, л/с

2,1

7

Елді мекенді сумен жабдықтау сұлбасы

3

8

q12, q13, q14, q15, q16, л/с

1,2

9

Өндіріс орнындағы жұмысшылар саны

 50(1)

10

Қосымша су тұтынушылар

Аурухана

Ұсақ мал

11

Елді мекеннің орналасу орны

Шығыс Қазақстан облысы

Тапсырған, проф.                                       Халхабай Б.Х.

Алған, студент                                            Тлеш Д.Ә.

КІРІСПЕ         

 Елді-мекеннің сумен жабдықтау тораптары жобасы курстық жобаға берілген тапсырмаға байланысты орындалды. Сумен жабдықтау объектісі болып Шығыс Қазақстан облысы алынды. Жобалауға арналған материалдар: елді мекеннің құрылыс бас жобасы, өнеркәсіп орындарының сипаттамасы.

Осы курстық жұмыста берілген тапсырма бойынша Шығыс Қазақстан облысында орналасқан елді мекенді сумен жабдықтау есебін жүргізу қажет. Есептерді жүргізу үшін бастапқы мағлұматтар, соның ішінде, халық тығыздығы, абаттандыру дәрежесі, ғимараттар қабаттылығы берілген. Осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халық санын, елді мекен ауданын, қажетті орташа, максимум және минимум тәуліктік шығындардың есебін жүргізу қажет. Абаттандырылуы және елді мекен орналасқан аймағына байланысты бір адамға қажетті тәуліктік су нормасын біле отырып, есептеулерді жүргізуге болады.

Елді-мекендерді таза сумен қамтамасыз етудің үлкен гигеналық маңызы бар, өйткені адамдарды судан келетін эпидемиялық аурулардан сақтауды қамтамасыз етеді. Елді-мекенге қажетті мөлшерде таза суды беру абаттандыру деңгейінің жоғарылайтынын көсетеді. Қазіргі кезде қалаларды сумен қамтамасыз ету үшін ірі көлемде млн. текше метр су қажет етеді. Бұл мәселерді орындау, тиісті табиғи су көздерін таңдауға және оларды ластанудан қорғау қажет.        

 Суды табиғи су көздерінен алу, тұтынушыларға су тораптары немесе жүйесі арқылы беру және сумен жабдықтау мәселелерін шешетін ғимараттар кешені сумен жабдықтау жүйесі деп аталады.

Өнеркәсіп орындарының жылдан жылға өсуі су көздерінңң ластануы мен әр-түрлі ауруларды жұқтыруына әкеледі. Сондықтан тұрғындарды таза сумен қамтамасыз етудің үлкен мәні бар. Осы айтылғандарға қорытынды шығарсақ судың талабы ҚР СанНж/еЕ 51593-2003 – Ауыз су талаптарына жауап беру қажет. Сумен жабдықтау көздері мен су алатын орындарды тиімді де үнемді пайдалану қажет. Осыған байланысты су қорларын орынды пайдалану, судың сапасы, ғимараттар құрамы, су құбырларының суды үнемі және сенімді беруін қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (89.1 Kb)   docx (101.7 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club