Циклдерді қолданып программа құру
Автор: seif_byy • Февраль 24, 2022 • Лабораторная работа • 2,083 Слов (9 Страниц) • 305 Просмотры
4- Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Циклдерді қолданып программа құру
Жұмыстың мақсаты: Циклдық алгоритмге талдау жасау. Параметрлі циклды қолдану арқылы программа құруға машықтану.
Тапсырма: Берілген айнымалыларды енгізу арқылы берілген тапсырманың нәтижесін есептеп экранға шығарыңыз.
Есеп беру: Программа мәтіні мен нәтижесі.
Зертханалық сабаққа нұсқаулық:
C# тілінде төрт циклдік оператор бар, олардың жазылуы:
- while (шарт-өрнек) {операторлар}
- do {операторлар} while (шарт-өрнек);
- for (инициализация; шарт-өрнек; модификация)
{ операторлар }
- foreach (тип айнымалы-аты in шарт-өрнек)
{ операторлар }
Біз бұл зертханалық сабақта алдыңғы 3 циклдік операторды қолданамыз. Foreach циклін жиымдармен жұмыс жасағанда үйренетін боламыз.
While циклі шартты алдын ала тексеретін қадамдық цикл операторы. While циклінің жазылу формасы келесідегідей:
while (шарт-өрнек)
{ 1-оператор;
2-оператор;
. . .
n-оператор;
}
- Мысал. Берілген өрнектің қосындысын While циклі арқылы табыңыз.
- s = [pic 1]
using System;
namespace мысал1
{
class Program
{
static void Main(string[] args)
{
int i, n;
double s, p;
s = 0; p = 1;
Console.Write(" N=");
n = int.Parse(Console.ReadLine());
While (i <= n)
{
p *= i;
s += 1 / p;
i++;
}
Console.WriteLine ("s ={0,5:f3}", s);
}
}
}
Программаның нәтижесі: [pic 2]
Мысалда і айнымалысының мәні 1-ден бастап енгізетін n санына дейін факториалы р айнымалысына меншіктеліп, s айнымалысына 1/p өрнегі қосылып отырады. І айнымалысының мәні n-ге тең болғанда цикл тоқтайды.
Do-while циклі. While циклдеріне шарт алдында тексерілсе, do-while циклінде шарт операторлардың соңында тексеріледі. Бұл оның, кем дегенде, бір рет орындалатынын білдіреді.
Do-while циклінің жалпы жазылу формасы:
do {
операторлар ;
} while ( шартты-өрнек );
2- мысал. Do-while циклін қолданып бүтін сан цифрларын жеке-жеке кері бағытта жазыңыз.
using System;
using System.Text;
namespace мысал2
{
class Program
{
static void Main(string[] args)
{
Console.OutputEncoding = Encoding.UTF8;
int num = 198, nextdigit;
Console.Write("Берілген сан: " + num);
Console.Write(" Санды кері жазу: ");
do
{
nextdigit = num % 10;
Console.Write(nextdigit);
num = num / 10;
} while (num > 0);
Console.WriteLine();
}
}
}
Программаның нәижесі: [pic 3]
Бұл циклдің әрбір қадамында сол жақ шеткі цифр бүтін санды 10-ға бөліп қалдық табу (num айнымалысы мәнін) арқылы айқындалады да, сол цифр экранға шығарылады. Ары қарай num айнымалысының мәні 10-ға бөлінеді, олар бүтін сан болғандықтан, соңғы цифр жойылады, осылай цикл num айнымалысы 0 болғанша жалғасады.
...