Лекции по "Программированию"
Автор: Asylzat7 • Сентябрь 24, 2021 • Курс лекций • 12,160 Слов (49 Страниц) • 252 Просмотры
Дәріс сабақтарының конспектісі
1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы.
1-ші дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, программалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары.
Компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстары. Интерфейстердің анықтамасы. Интерфейстер өзектілігі.
Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен программалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің ролі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әр түрлі салаларында қолданылады.
Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің программалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономисттердің, психологтардың, социологтардың және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы проблемаларды толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.
Пайдаланушылық және программалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары кешенді түрде қарастырылуы тиіс.
Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану принциптерін негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:
- пайдаланушының клиенттік программамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
- клиенттік машинамен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейспен;
- - сервердің шеттік программамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;
Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface) пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады (1-сурет).
[pic 1]
Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандайда бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамассыз ететін, аппаратты-программалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу протоколдарының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-ң кез келген периферийлік құрылғысының әр түрлі мінездемелер жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық процессор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу протоколы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.
Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы локальді қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамассыз ететін қосымшаларға да қатысты. Интерфейс проблемасының маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитет (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.
...