Триггер
Автор: aitoooosha • Ноябрь 6, 2018 • Реферат • 962 Слов (4 Страниц) • 1,144 Просмотры
Триггер
Триггер (ағылшын тілінен trigger – жіберу схемасы) – екі тұрақты күйі бар және басқарушы сигналдардың әрекетімен шапшаң түрде бір күйден екінші күйге өте алатын және керісінше болатын құрылғы.
Олардың қолданылуының екі негізгі аймағын ерекшелеуге болады: импульстерді қалыптастыру және цифрлық құрылғылардың элементарлық автоматтары ретінде жұмысы.
Қалыптастырғыш ретінде, триггерлер басқарушы сигналдың жылдамдығының өзгеруіне тәуелді болмайтын амплитудасы бойынша стандартты фронты мен кесіндісі аз тікбұрыштар алуға мүмкіндік береді. Екі ішкі күйі бар цифрлық автоматтардың рөлінде әртүрлі типі бар триггерлер жады ұяшығының, кідіріс каскадтарының, қиылысқан ұяшықтардың және т.б. функцияларын атқарады.
Қарапайым соңғы автомат ретінде триггер келесі қасиеттермен сипатталады:
1) ішкі күй сандарымен – екі (бір және нөл), бұл ішкі айнымалының біреусіне сәйкес келеді, ол Q әрпімен белгіленетін триггерлердікі;
2) y шығыс айнымалының саны – біреу,y айнымалысының мәні Q-дың мәнімен сәйкес келеді;
3) кіріс айнымалы х саны триггер түріне тәуелді.
Q шығысы бар тік триггерімен бірге, триггердің инверсті шығысы бар. Триггердің күйі оның тік шығысымен анықталады.
Бүгінгі таңда белгілі триггерлер функционалды белгілері бойынша төрт негізгі түрге бөлуге болады:
1) RS-триггерлері – екі орнатушы кірісі бар триггерлер;
2) D-триггерлері – бір кірісі бар кідірісті триггерлер;
3) бір есептік кірісі бар Т-триггерлер;
4) бірнеше кірісі бар әмбебап триггерлер.
Кез келген цифрлық автоматтар секілді триггерлер асинхронды және синхронды болады. Сондай-ақ триггерлерді статикалық және динамикалық кірісті деп ажыратады. Потенциалды кернеу деңгейімен басқарылатын кірісті статикалық триггер деп атайды (синхрондау сигналын қосқанда).
Егер триггер логикалық бірліктермен ауысса, онда мұндай триггерді тік басқарылатын триггер деп, ал кері жағдайда инверсті басқаруы бар триггер деп атайды.
1.1 сурет - Біртактты асинхронды RS-триггердің қарапайым сұлбасы
RS-триггердің шартты бейнесі
Бұл триггер S=1; R=0 ақпараттық сигналдарымен 1 (Q=1) жағдайына және S=0, R=1 сигналдарымен О (Q=0) жағдайына орнайды. R=S=1 сигналдар комбинациясы тиым салынған, яғни триггер жағдайы анықталмаған.
1-кестеде триггердің бір жағдайдан басқа жағдайға өтуін көрсетеді. Бұнда Rt, St, Qt -сигналдардың ағымдағы жағдайы, Qt+1 – R және S ақпараттық сигналдары түскеннен кейінгі шығыс сигналы.
Кесте 1.1
Триггердің бір жағдайдпан екінші жағжайға өтуі
1.2 сурет - Біртактты синхронды RS-триггер
Асинхрондыға қарағанда бұл триггер әрбір ақпараттық кірісте қосымша ұқсастық сұлбасына ие, бірінші кірістер біріккен және оларға синхронды сигналдар түседі. Екінші кірістер ұқсастық сұлбасы ақпараттық болып табылады.
1.3 сурет - Біртактты синхронды RS-триггер
1.4 сурет – Біртактты синхронды RS-триггердің шартты бейнесі
Т-типті триггер
Т-типті триггер(ағылш. Tumble- аударылу ) немесе сандық триггер. Бұл триггерде бір ақпараттық кірісі бар және қарама – қарсы жағдайға, оның әрбір кезектегі сигнал кірісіне әсер етуі нәтижесінде өтеді.
1.5 сурет - Екітактты асинхронды Т-триггердің сұлбасы
T=1 болғанда инвертор шығысында сигнал 0-ге тең және Т-2 триггер жағдайы өзгермейді, өйткені Q-1, Q-1 шығыстарынан Т-2-ге сигналдар өтпейді.
1.6 сурет - 1.5 сурет - Екітактты асинхронды Т-триггердің
...