Галактикалар
Автор: tashuyeva.gulnur • Май 1, 2021 • Реферат • 413 Слов (2 Страниц) • 522 Просмотры
Галактикалар - жұлдыздар, газ, шаң - тозаңның бәрі гравитация күшімен ұсталып тұратын ең ірі жұлдыздар жүйесі,яғни бүкіл әлемді құрайтын сан миллиондаған жұлдыздары бар ірі блоктар.
- Эволюциясы: - Э.Хабблдің пікірінше,галактикалар эллипстік формада пайда болды,кейіннен эволюция барысында спиральдық түрге айналды.Яғни,Хабблдің тұжырымдамасында эллипстік галактикалар ең жастауы,ал спиральдық керісінше жасы ең үлкені.Сондай-ақ қарама-қарсы көзқарасты ұстанушыларда болды.
- - Қазіргі уақытта барлық галактикалар бір дәуірде пайда болды деп саналады,ал формаларының өзгешелігі-олардың эволюциясындағы ерекшеліктердің нәтижесі.
Галактикаларды қазіргі заманғы топтастыру 1925 жылы Эдвин Хабблдің ұсынысы бойынша іске асуда. Галактиканың пионері деген атпен белгілі. Сыртқы түрі бойынша галактикаларды:спиральдық,эллипстік линза тәрізді және бұрыс пішінді галактикаларға бөледі.
Бірінші галактиканың түрі спиральдық галактика – Бааденің зерттеуі бойынша,спиральдық галактиканың центріне жақын гало орналасқан.Сол галоның тармақтарында,тұмандықтар орналасқан және галода орналасқан жұлдыздар олар өте үлкен жұлдыздар болып табылады.Ал тармақтарында орналасқан тұмандықтарда жас,жарық,жаңа туған жұлдыздар орналасады. Дискіде жұлдыздың түзілуі қарқынды өтсе, онда нәтижесі спиральдық галактиканың тууына әкеледі.Бұған біздің Галактикамен бізге ең жақын орналасқан Андромеда тұмандығы да жатады.
Эллипстік галактикалар айқын шекаралығы жоқ эллипсоид немесе дөңгелек /шар/ формада болады. Олардың жарықтылығы шеттерінен центрге қарай біркелкі артып отырады да, ішкі құрылысы болмайды.
Линза тәрізді галактика - галактикалардың белгілі құрылысы болмайды, бірақ, олардың жарықтылығы линза тәріздес ядроның центрінен шетінде қарай сатылы түре өзгеріп отырады. Жұлдыздың түзілуі енді ғана дискіде пайда болған газды тез тауысуға жеткізетін жағдайда линза тәрізді галактика пайда болады.
Келесі галактика бұл бұрыс пішінді галактика-нақты пішіні болмауына байланысты осылай аталған.Бұл галактикада жарықтылық әр түрлі болады және бұл галактикалар бұрыңғы болған тұмандықтардың орны болуы мүмкін деген болжамдар бар.Эволюциясы бойынша өз массаларының аздығынан эллипстік те, спиральдық та галактикаға айнала алмаған бұлттардан бұрыс галактикалар туындады деуге болады.
...