Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты
Автор: sherniaz • Февраль 13, 2019 • Реферат • 10,204 Слов (41 Страниц) • 726 Просмотры
Тақырыбы: Екі қабатты пансионатты тұрғын үй ғимараты
Мазмұны
Кіріспе
Қаңқасыз жүйелер
Қаңқалы жүйелер
Ғимараттардың орнықтылығы
Өртке қарсы шаралар
Электрмен қамтамасыз ету
Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі
Кіріспе
Сәулет – бұл адам қуымының социал – тұрмыстық қанағатына қызмет жасайтын ғимараттарды, құрылымдарды және олардың құрамаларын тұрғызу өнері.
Сәулет өнері ғимараттарды жобалау және тұрғызу өнерімен анықталады . Сонымен қатар сәулет өнері қоғамның материалдық мәдениетін құрай отырып өнер туындысы ретінде де көріне алады . Сол себептісәулет түсінігнің құрлыс салу түсінігімен толықтай сәйкестендіруге де болмайды . Бірақ құрылыс тұрғызу жұмыстары сәулетті барынша ашып көрсетуде маңызды орын алатындықтан сәулет өнері тек өнер туындысы ретінде жалаң қарауға тағы да болмайды . Бұдан шығатын қорытынды , сәулет және құрылыс тұрғызу өнері бір – бірінен бөліп қарауға болмайтын , бір – бірімен өте тығыз өрілген екі сала .
Жалпы «архитектура » деген сөздің өзі ежелгі грек сөзі , тікелей аудармасы « бас құрылысшы » деген мағынаны береді . Бұрын сәулетші өзі жобалаған ғимараттар мен имараттардың құрылысын тұрғызу жұмыстарына тікелей араласқан.
Қазіргі заман талаптарына сай , сәулетші ғимараттарды жобалау ісінеде жетекші міндет атқарады және жобалауға басқа да сала мамандары тікелей ат салысып , өздеріне тиісті мәселелерді шешіп отырады . Осылай Сәулетшінің басқаруымен әр сала мамандары қатыса отырып құрылған ғимарат жоспары өзінің атқару қызметіне барлық жағынан сәйкесті болады және техникалық , экономикалық талаптарға сай орындалады . Қазіргі заман талабындағы ғимарат бет – бейнесі жағынан да жанға жайлы әсер қалтыратындай сұлу , басқа ғимараттарды қайталамайтындай өзгеше болу тиісті . Сәулет өнерінің даму тарихы қашанда қоғам дамуымен , өндірістік күштердің деңгейімен , өнеркәсіп сипатымен , сол уақыттағы қоғамның тұтынушылық дәрежесімен тығыз байланысты болды және оған қоғамның әлеуметтік – саяси құрылымы , ғылымның дамуы мен мәдениеті зор ықпалын тигізіп отырды . Сол себепті де сәулеттік өнер туындыларында белгілі бір тарихиезеңді сипаттаитын , белгілі бір халыққа тән ұлттық нақыштар басым болды . Осы айтылғандардың бәрі топтаса келе сәулет мазмұны мен стилін анықтайтын негізгі факторға айналады .
Туған еліміз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанына көп болмаса да өзінің сәулет және құрылыс салу өнерін әлем мойындайтындай дәрежеге көтеруге талпынып келеді , бұған еліміздің жаңа ордасы - Астана қаласының ұлттық нақышта басым жобаланған сәулеті мен құрылысы дәлел бола алады . Сәулет және құрылыс бөлімінде маманданып жүрген әрбір жастың болашақта осындай үлкен ғасыр құрылыстарын жобалауға және тұрғызуға өз үлесін білімдарлықпне қосуы қазіргі студенттік кезден басталады деп есептеймін .
Қазіргі заманғы сәулеттік – құрылыстық жоба ғылым мен техника жетістіктері мен отандық және шетелдік озат тәжірибелерді ескере отырып жүргізілу қажет . Сондай – ақ қаралған жоба – жоғары өнімділіктегі қондырғыларды , өндірістік процестердің механизациялануы және автоматтандырылуы , құрылыстың индустриялы әдісін қолдану , ғимараттар мен имараттардың көлемдік жобалау және конструктивтік шешімдерін жетілдіруді ескеру есебіне бағытталған күрделі қаржыны игеру тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы керек .
...