Культиватор
Автор: Makosha Toikeneva • Июнь 12, 2018 • Реферат • 1,711 Слов (7 Страниц) • 1,983 Просмотры
Топырақ жер қыртысының ең жоғарғы қабаты, ол өсімдіктерге нәр қорек береді. Топырақтың құнарлы үстіңгі қабаты- өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттардың орасан зор қоймасы. Мысалы қара топырақтың 1-гектарында 300-400 тоннаға дейін органикалық заттар, 15-16 т азот пен 10-20 т фосфор болады. Ал құнарсыз күлгін топырақтың 1-гектарында 3 т азот, 4 т фосфор мен 50 т калий болады. Ауылшаруашылық дақылдарын егіп, өсіруде топырақ өңдеудің маңызы зор. Топырақ өңдеу- арамшөптермен күресудің шешуші құралы.Топырақ дұрыс өңделсе, өсімдіктердің зиянкестер мен ауру қоздырғыштарын жойып жіберу де оңайға түседі.
Топырақ өңдеу жүйесі- Оған сүдігер жырту, топырақты тұқым себер алдында өңдеу, пар өңдеу сияқты негізгі жұмыстар кіреді. Топырақ өңдеу операцияларына жер жырту, сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, дискілеу, таптау, өсімдіктердің түбін көму, суару, топырақтың қыртысынбұзу, атыздар жүргізу, тегістеу жұмыстары жатады. Осындай қыруар шаруаларды өңдейтін машиналар атқаратын қызметіне технологиялық белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың қатарына соқалар, фрезалар, тісті тырмалар, щдискілі тырмалар, культиваторлар таптағыш, тегістегіштер жатады.
Аспалы ПЛН-5-35 соқасы топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. Бұл соқа ДТ-75, Т -150 шынжыыырлы және доңғалақты тракторларға тіркеледі.
[pic 1][pic 2]
Бұл тырнауыштар жер қыртысы мен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған. Олар егістіктің үстінгі бетін тегістеп, қопсытып, ылғалдың ылғалдың буланып кетуін азайту үшін, жаңа шығып келе жатқан арамшөптерді құрту үші өқажет.Тырмалар жұмыс органдарының құрылысына қарай тісті, серіппелі, дискілі ал салмағына қарай ауыр, орта және жеңіл салмақты болып бөлінеді.
Бұл культиватор топырақты қопсытуға, арамшөпті отауға, тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған. Атқаратын қызметіне қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатар аралықты өңдейтін культиваторларға бөлінеді. Тракторға тіркеу әдісіне байланысты тіркемелі және аспалы болып бөлінеді. Культиваторлар жебе сияқтя табан мен де серіппелі тістермен де жабдықталуы мүмкін. Негізгі құрастыру бөлшектері суреттегі көрсетілгендей- рама, тіркеу тетігі, доңғалақ, жұмыс орғандарының тереңдңгңн реттейтін механизм, тырманы асатын құрал, көлденең білеушелермен жұптасып жалғанған.
Культиваторлармен топырақты жаппай өңдеуді алдыңғы өңдеуге көлденең бағытта 9-12 км/сағ жылдамдықпен жүргізу керек.
Культиватордың жұмыс органдары – жебе тәрізді және қопсытқыш табандар. Әмбебап жебе тәрізді табанның найза тәрізді наральнигі қатты тірекке 2 бекітілген. Табан жүзі көлденең жазықтықпен 23...300 құрайды, ашылуы бұрышы 60...650, алым ені 270 және 330мм. Әмбебап табандар топырақты жақсы қопсытып, арамшөптерді толық кеседі. Оларды топырақты 12см тереңдікке дейін өңдеуде қолданылады.
Қашау тәрізді наральникті қопсытқыш табандарда ашылуы бұрышы 60 ...700 тең екі кескіш жүзі бар. Наральниктер серіппелі қатты тіректерге бекітілген. Екі ұшты наральниктерді бір ұш тозса, 1800 бұрып орнатады.
Серіппелі тіректерге орнатылған алым ені 20...50мм табандар топырақты 16см тереңдікке дейін өңдеуге, тамырөркенді арамшөптердің тамырын жұлуға және жоғары ылғалды топырақты культивациялауға қолданылады.
Доға тәрізді орнатылған табандар тассыз топырақты жерлерді өңдеуде қолданылады. Тасты топырақты S- тәрізді тіректе орнатылған табандармен өңдейді.
КПС-4 культиваторы 12 км/сағ жылдамдықпен сүрлік жерді жаппай өңдеуде, топырақты тұқым себер алдында қопсытып, арамшөптерді кесіп және тырмалауда қолданылады. Алым ені 4м, өңдеу тереңдігі 5 .... 12см.
[pic 3]
а-әмбебап табан; ә-табанның тік жазықтықтағы жағдайының варианттары; б–және д – жұмыс органдарды орналастыру; в, г және ғ- қопсытқыш табандар; 3 - КПС–4-04 культиваторы; 1, 12 және 15– наральниктер; 2, 11 және 14 – тіректер; 3 – болттар; 4, 10 – ұстағыштар; 5 – штанга; 6 – серіппе; 7 – тиек; 8 – грядиль; 9 – табан; 13 – серіппелік; 16, 24 – серіппелі штанга; 17 – гидроцилиндр; 18 – тіркеме; 19 – сақина; 20 – тіреніш; 21 – тереңдік реттегіш; 22 – рама; 23 – бұрыштама; 25 – доңғалақ; 26 – жұмыс органы; 27 – төмендеткіш; 28 – құрылғы; 29 – серіппелі тырма
...