Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Предпринимательству"

Автор:   •  Март 16, 2024  •  Курс лекций  •  13,395 Слов (54 Страниц)  •  139 Просмотры

Страница 1 из 54

1 - тақырып.

Кәсіпкерліктің   мәні, қызметтері мен қағидалары

Лекцияның мақсаты: Кәсіпкерлік түсінігін, оның мақсаттары мен міндеттерін, кәсіпкерлік қызметтің субъектілерін, оның жіктелуін қарастыру.

Лекцияның сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік түсінігі мақсаттары мен міндеттері.
  2. Кәсіпкерліктің қызметі
  3. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
  4. Кәсіпкерліктің жіктелуі

Лекцияның мазмұны

Кәсіпкерлік – бұл осы қызметтің барлық қатысушылары үшін өзара тиімді нәтижелермен табысқа қол жеткізу мақсатында меншікті қарыз және басқа да қаражаттар есебінен өз тәуекелімен жүзеге асыратын ынталы шаруашылық қызметі.

"Кəсіпкерлік" сөзінің артында "бизнес", кəсіпорын, өнім немесе қызмет өндірісі тұр. Көбінесе кəсіпкерлік қызмет бизнес деп аталады. Кəсіпкерлік-азаматтардың табыс немесе жеке табыс алуға бағытталған, өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды

тұлғаның атынан жəне заңдық жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашыл дербес қызметі.

      Кəсіпкерлік процесс ретінде

• жаңа идеяларды іздеуді,

• мақсаттар қоюды, оларды бағалауды жəне

• идеяны нақты нəтижеге айналдыратын жаңа кəсіпорында іске

асыруды қамтиды.

қысқартады жəне жалданушы жұмыскерлердің əлеуметтік жағдайын көтереді.

Кəсіпкерлік əлеуметтік-экономикалық белсенділіктің нысаны ретінде əлеуметтік дамуда да, экономикалық динамикада да маңызды рөл атқарады.

Кəсіпкерліктің негізгі функциялары

• жалпы экономикалық. Кəсіпкерлік нарық субъекті ретінде ұйымдардың жəне дара кəсіпкерлердің əділдікпен келіскен рөлі. Кəсіпкерлік тауар өңдеу мен оларды нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталған кəсіпкерліктің үдемелі дамуы экономикалық өсудің анықтайтын шарттарының бірі.

• ресурстық. Кəсіпкерліктің дамуы өндірілетін жəне шектеулі ресурстарды қолданумен болжамдалады. Ресурстар деп барлық материалдық, материалдық емес шарттары мен өндіріс факторларын атаймыз. Кəсіпкер ресурстардың иесі болғандықтан, олардың рационалдық қолдануына құштар болады.

• шығармашылық-іздестіру (инновациялық). Кəсіпкерлік қызметінің процесінде жаңа идеялардың қолдануы жəне қойылған мақсатқа жету үшін жаңа құралдар мен факторларды пайдалану оның инновациялық функциясына жатады.

• əлеуметтік. Бұл функциясы əр əрекетті тұлғаларда істің биленушісі болатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Тапқыр, барлық қиыншылықтарды өтіп, өзіне табыс əкелетін істі ашатын адамдардың жаңа қабатын құрастырады. Кəсіпкерліктің дамып

өсуі, жұмыс орындарын көбейтіп, жұмыссыздық деңгейін

• ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Өзінің ісінің ұйымдастыруын шешуімен, оның диверсификациясымен кəсіпкерлік басқарудың ұйымдастыруында, күрделі кəсіпкерлік құрылыста, кəсіпкерлік фирманың қызметінде стратегиясының өзгеруінде көрінеді. Бұл

функция серіктік жүйелік кəсіпкерлікте жəне халықтық кəсіпкерліктің құрылуында айқын көрінеді.

   Жалпы алғанда, кəсiпкерлiк экономикада нақты белсендi, бəсекелес  ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды.

Кəсiпкерлiктiң əлеуметтiк мiндетiне:

• Халықты жұмыспен қамту жəне жұмыссыздық мəселесiн шешу;

• Тұрмыс деңгейiн жоғары болуын қамтамасыз ету;

• Адамның өмiрге тың сенiммен қарауының мүмкiндiктерiн

арттыру.

Кəсiпкерлiктiң экономикалық мiндеттерiне:

• Нарықтық қатынастарды дамыту;

• Шектеулi ресурстарды тиiмдi пайдалану;

• Экономиканың бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

• Жаңа жұмыс орындарын ашу;

• Рыноктағы сұранысты қамтамасыз ету;

• Экономикалық активтi халықты барынша ынталандыру;

• Инвестицияларды тиiмдi салаларға тарту;

• Инновациялық жаңалықтарды ашып оны өндiрiске енгiзу;

• Кластерлiк жүйенiң дамуы;

• Лизингтiк қатынастардың дамуы;

• Өнiмдердiң сапалылығының жоғары болуы;

• Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етуі.

...

Скачать:   txt (193.5 Kb)   pdf (388.8 Kb)   docx (812.2 Kb)  
Продолжить читать еще 53 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club