Жырларында тунып турган улылык
Автор: Saya Issa • Март 15, 2020 • Статья • 649 Слов (3 Страниц) • 301 Просмотры
(түпнұсқа)
ЖЫРЛАРЫНДА ТҰНЫП ТҰРҒАН ҰЛЫЛЫҚ
Алматы облысы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Алматы облысында тұратын этнос жастары өкілдері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Ортақ Абай» атты көркемсөз оқу байқауы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен биыл түркі дүниесіне ортақ тұлға, қазақ халқының ұлы ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы аясында кеңінен атап өтілмек.
Осы мерейтойлық іс-шаралар аясында қолға алынып отырған бұл Байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жыл басында жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттар негізінде іске асырылмақ.Бұл байқаудың негізгі мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай өлеңдерін түпнұсқа тілінде мәнерлеп оқу арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыру. Абай мұраларын этнос жастары арасында насихаттау арқылы мемлекеттік тілді дамыту, кітап оқу культын жандандыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлтаралық татулықты нығайту, ұлтымыздың тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білуге ықпал жасау. Байқаудың ережесі бойынша «Ортақ Абай» атты Алматы облысында тұратын этнос жастары өкілдері арасында облыстық көркемсөз оқу байқауы аймақтағы 9-11 сыныпта оқитын этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Байқау мемлекеттік тілде өтті. Жалпы екі кезеңнен өтетін байқаудың бірінші бөлімінде әр ауылдық округтен 14 оқушы бақ сынады. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтудың оза шапқан №16 мектептің 9 сынып оқушысы Анжела Крылова алға шықса, №7 мектептің 9 сынып оқушысы Кристина Катцер де одан қалыспады. Осы екі оқушы облыстық байқаудың қорытынды кешіне жолдама алды.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр, — деп ұлы ақынды әлемге паш еткен Мұхтар Әуезовтің дәуіріне де, ХХІ ғасырға да сол үн мен тыныс әлі дем беріп тұр. Абай қаламынан туған өлеңдер ғасыр мен дәуір өткен сайын өзектілігін жоғалтпай, сол ғасыр мен дәуірдің мазмұны мен сырын жаңа ашып танытқандай болады. Ғұламамыздың қуаты сол – өз заманынан әлдеқайда озық ойлап, озып жырлауында. Міне, осы сарқылмас мұраны бүгінгі жас ұрпақ дәлелдеп жеткізгендей. Осындай ұрпағымыз барда Абай рухы мәңгі жасай бермек.
...