Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Экологии"

Автор:   •  Сентябрь 17, 2021  •  Контрольная работа  •  701 Слов (3 Страниц)  •  418 Просмотры

Страница 1 из 3

Бақылау сұрақтары

  1. Тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым - қатынасын түсіндір. 
  2. Тірі заттардың дене құрылыстары қандай деңгейлерде жүреді?
  3. Бірінші ретті және екінші ретті периодты факторларға мысал келтір.
  4. Экологиялық валенттілігіне және оптимум шамасына қарай түрлердің бөлінуін атап көрсет.
  5. Экологиялық фактордың минимум және максимум мәніне мысал келтір.
  6. Экологиялық орта түсінігі, олардың  құрам бөліктері  бойынша жіктелуі.
  7. Тірі организмдердің тіршілігінің  негізгі белгілері мен жағдайларын  сипаттау.
  8. Экологиялық  факторлар қалай жіктеледі, мысал  келтір.
  9. Организмдердің тіршілігіне қолайлы жағдайға мысал келтір.
  10.  Биологиялық тұрғыдан, адамда толық анабиоз болуы мүмкін бе?

1.Тіршілік ету ортасы — бүл тірі ағзаның айналасындағы және ол онымен тікелей өзара әрекеттестікке түсетін табигаттың бір бөлігі. Тіршілік иелерін қоршағап орта сан қилы құбылыстар мен ор түрлі элементтерден түратын, уақыт және кеңістік бойынша үнемі өзгерісте болып, ықпал ететін әсерлерден тұрады. Кез келген тірі зат осы күрделі, әрі өзгермелі дүниеде тіршілік етеді: үнемі оған бейімделіп, өзінің тіршілік әрекеттілігін оның өзгерістсрінс сәйкес келтіреді.

2.Тірі заттардың дене құрылыстарының бірнеше деңгейі бар – молекулалық – жасушалық – талшықтық – мүшелік - ағзалық- популяциялық - түрлік - биоценотикалық – экожүйелік - ғаламдық (биосфералық).Басқа ғылымдардан айырмасы экология тірі заттың дене құрылымының деңгейін ағзалықтан бастап жоғары қарай зерттейді, атап айтсақ, ағзалық, популяциялық, түрлік, биоценотикалық, биосфералық.

3.Екінші   ретті периодтық факторлардың өзгері бірінші ретті факторлардың өзгеруінің нәтижесі  больш   табылады. Мысалы, ауаның ылғалдылығы  - температураға тәуелді екінші ретті фактор.Су ортасы үшін epiгeн оттегініңд, еріген тұздардың мөлшері, лайлану дәрежесі, ағыстың ағу жылдамдығы және т.б. екінші ретті периодты факторлар болып табылғанымен, олардың бірінші ретті периодтық факторларға тәуелділігі әлсіз. Ағзалардың екінші ретті периодтық  факторларға    бейімделгеніне    көп уақыт  болған   жоқ,   сондықтан   олардың  бейімделуі анық көрінбейді. Әдетте, екінші ретті периодты факторлар түрлердің белгілі біp ареалдар ішіндегі санына әсер еткенімен, ареалдардың ауданына, шекарасына әсер етпейді.

4.Оптимум және пессимум заңы -ағзаның өніп-өсуі, тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум аймағы, ал тіршілікке қолайсыз шегі пессимум аймағы деп атайды.Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Мысалы: тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен 800С (+300С-дан -550С-ға дейін) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температурасының 60С-дан (+230С-дан +290С) жоғары ауытқуын көтере алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы бір түр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін.

5. Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы. Негізгі түсініктер: экологиялық факторлар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогенді факторлар, толеранттылық диапазоны, оптимум зонасы, экологиялық валенттілік. ... Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес.

6. [pic 1]

7 .Тіршілік ұғымындағы негізгі орында - нәруыздар мен нуклеин қышқылдары тұрады. Өйткені бұл қосылыстар барлық тірі организмдер жасушаларының түрлі құрылымдық түзілістерінің құрамында кездеседі. Табиғаттағы барлық тірі организмдер бір-біріне ұқсас біркелкі құрылымдық деңгейлерден тұрады. Бұл, жалпы, тірі организмдердің бәріне тән биологиялық заңдылық болып саналады.Молекулалық деңгей. Бұл - тіршілікке тән бастапқы ең қарапайым деңгей. Кез келген тірі организм құрылысының қарапайымдылығына немесе күрделілігіне қарамай, оның бәрі де біркелкі молекулалық қосылыстардан тұрады. Оған мысал ретінде нуклеин қышқылдарын, нәруыздардың, көмірсулардың, т.б. органикалық және бейорганикалық заттардың күрделі молекулалар жиынтығын атауға болады. Оларды кейде биологиялық макромолекулалы заттар деп те атайды. Молекулалық деңгейде тірі организмдер денесінде зат алмасу, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы айқын байқалады. Молекулалық деңгей арқылы тұқым қуалайтын ақпараттар ұрпақтарға беріледі, жеке органоидтер түзіледі, т.б. процестер үздіксіз жүріп отырады.

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (146.5 Kb)   docx (357.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club