Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сарапшы

Автор:   •  Ноябрь 26, 2021  •  Реферат  •  1,215 Слов (5 Страниц)  •  276 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

Қылмыстық процестік құқық пәнінен

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Сарапшы

Орындаған: Сарсебек Зере

Тексерген: Маликова Айгуль Шарифхановна

Қаскелең 2021

    Жоспар:

I. Кіріспе

       Сараптама және сарапшы жайлы ақпарат

II. Негізгі бөлім

       Сараптама мен сарапшыға байланысты нормотивтік құқықтық актілер (НҚА)

        Сараптама түрлері      

III. Қорытынды

      Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

       Ең алдымен сот сараптамасы не екенін біліп алайық. Сот сараптамасы дегеніміз - шешілуі үшін маңызы бар жағдаяттарды белгілеу мақсатында, арнаулы ғылыми білім-білік негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істердің материалдарын зерттеу. Сараптама: криминалистік, медициналық, соттық-психиатриялық, биологиялық, каржылық-экономикалық инженерлік-көліктік, инженерлік-техникалық, құрылыстық-техникалық және т.б. болып бөлінеді

       Бірінші сот сараптамасы жайлы заң (нқа) 1997 жылы 12 қарашада шыққан. 7 бөлімнен 28 баптан құралған. Қазіргі сот сараптамасы жайлы заңда 9 бөлімнен және  64 баптан тұрады. Сот сараптамасының қысқаша тарихын айта кететін болсам; «сараптама» сөзі француздың «expertise» ал, «сарапшы» латынның «expertus» деген сөзінен  шыққан. Алғашқы ресми сараптама 1595 жылы Франция мемлекетінің Париж қаласында пайда болды деген деректемелер бар. Қолдарды зерттеу бойынша алқабилер-хатшылар корпорациясы құрылған. 1595 жылы Корпорация Генрих IV-ден сараптама жүргізу құқығына патент алды. Осылайша, сараптама ұғымы тек зерттеулердің ғана емес, мемлекеттік мойындалған іс-әрекеттер шеңберіндегі ресми зерттеулердің қажеттілігін ресми тану болып табылған.

        Алайда, сот ісін жүргізуде арнайы медициналық білімді қолдану туралы алғашқы ескерту 6 ғасырға Қытайда пайда болды дегенде тұжырымдар бар. Оған қоса 5-6 ғасырдағы Византия императоры Юстиниан дәуірінде құжаттарды зерттеуді ресми мақсатта қолдану фактілері де белгілі болған.

       Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің баяндауынша, аса маңызы бар қалалар мен облос бойынша 19 сот сараптамасының институты бар. Оның ішінде 2800 – ге жуық қызметкер және 1000 – ға жуық жоғарғы білікті сот сарапшылары бар. Сот сарапшыларының республикалық палатасы Нур - Султан қаласында орналасқан.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінің (ары қарай: ҚПК) 79 бабының 1 бөлігі бойынша, Сарапшы ретінде арнаулы ғылыми білімі бар, іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сараптама жүргізу тапсырылуы мүмкін адамға қойылатын өзге де талаптар осы Кодекстің 273-бабының бірінші бөлігінде белгіленеді. Сарапшыны шақыру, сараптаманы тағайындау және жүргізу осы Кодекстің 35-тарауында, сондай-ақ 373-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады

Негізгі бөлім

       Сот сараптамасы жайлы ҚПК нің 35-тарауында жазылып кеткен. Сот сараптамасын мына жағдайларда міндетті түрде тағайындайды:

      1) өлiмнiң себептерiн;

      2) денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;

      3) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмаған немесе күмән туғызған жағдайларда, күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;

      4) күдіктiнiң, қорғалуға құқығы бар куәнің, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өзі қорғау қабiлетi күмән туғызғанда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

      5) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетi күмән туғызған жағдайларда, олардың психикалық немесе физикалық жай-күйiн;

      6) iстiң басқа дәлелдемелерімен анық белгіленбейтін өзге мән-жайларын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау және жүргiзу мiндеттi.

       Қазақстан Республикасының «Cот-сараптама қызметі туралы» Заңы 2017 жылғы 10 ақпан да жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданған. Осы заң бойынша, сот сараптамасының қағидаттарын айта кететін болсам (Cот-сараптама қызметі туралы заңының 5 бабы):

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (132.4 Kb)   docx (48.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club