Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мемлекет және қоғам «Заңның билігі жоқ жерде, ешқандай мемлекеттік құрылыстың формасына орын жоқ»

Автор:   •  Октябрь 7, 2021  •  Эссе  •  469 Слов (2 Страниц)  •  7 Просмотры

Страница 1 из 2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Заң факультеті

«Мемлекеттік және құқықтық пәндер»кафедрасы

ЮМ-21-1к9 оқу тобы студенті Әуелбек Дамир

«Мемлекет және құқық теориясы» пәні

Эссе тақырыбы:

Мемлекет және қоғам

«Заңның билігі жоқ жерде,

ешқандай мемлекеттік

 құрылыстың формасына орын жоқ»

(Аристотель)

        Қоғам мен мемлекеттің  байланысы өте жоғары және бұл құрылым сонау көне заманнан бастап алғашқы қауымдықтың даму процесіндегі ерекше  болғандығын қазіргі күнгі мемлекеттік басқару салаларынан айқын көреміз. Қоғамның қалыптасуы міндетті түрде мемлекеттің қалыптасуына негізделеді, алайда мемлекеттің сол қоғамды реттілікпен басқаруына қандай да бір тәртіп қажет болатындығы сөзсіз. Әрбір адам баласы мемлекеттің жеке азаматы болып есептеледі, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, тәртібін қоғамдық мүддені қалыптастыруда өзіндік дамуды қалыптастырып келеді,алайда заң мен тәртіпке бағынбайтын азаматтардың бар екендігі белгілі.Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? – деген  тұжырымдарды бұрыннан зерттеген.

        Жалпы,мемлекет пен қоғамның байланысы,құрылымы адамзат пайда болғаннан бастап, оның әлеуметтік бөліністерінен-ақ бастау тапқан, яғни,алғашқы қауымдастық пайда болғалы бері әділеттілікті қалыптастырып бөлініс, жеке-меншік, ортақ мүлікті бүлдірмеу секілді қоғамдық қатынастар арқылы құқыққа негізделді. Бірақ, бұның барлығын тікелей негізде қалыптастыру үшін мемлекеттер қалыптасып, жерге, әлеуметке, отбасылық және қоғамдық тәртіптің жүйеленуі арқылы мемлекет тікелей қоғамға негізделді,әділеттілікті қолдады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы «Халық — биліктің қайнар көзі, Конституция — көптің киелі сөзі» деген сөзі арқылы қоғамсыз мемлекеттің болмайтынын көре аламыз, ал сол қоғамды біріктіру үшін заң болуы тиіс. Құқықтық  қоғам  үшін  азаматтардың  мемлекет  алдындағы  және  мемлекеттің  азаматтар  алдындағы  өзара  жауапкершілігі   тән. Мемлекет  әрбір  адамға  тумысынан  берілетін, ешкім  айыра  алмайтын  құқықтар  мен  бостандықтарын  мойындап  ғана  қоймайды, сонымен қатар олардың  ресми  рәсімделуін, жүзеге  асуын, қол  сұғушылықтан  қорғау  үшін  барынша  қолайлы  жағдай  туғызуға  әрекет етеді. Өз  кезегінде, азаматтар  өздерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  мемлекетке, басқа  азаматтарға, басқа  қоғамдық  қатнастар  субъектілеріне  зиян  келтірмейтіндей  етіп  қана  пайдалануы тиіс, олар  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  қатаң  сақтауы  керек.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (65.9 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club