Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттану ғылымының пайда болуы

Автор:   •  Октябрь 12, 2020  •  Реферат  •  2,098 Слов (9 Страниц)  •  9 Просмотры

Страница 1 из 9

1. Саясаттану – саясаттың жеке тұлғамен, қоғаммен өзара әрекеттесуі, оның субстанционалдық, институционалдық, функционалдық мәні, саяси процестер «технологиясы» туралы интегралды ғылым. Саясаттану қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның

мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер және нормалармен тығыз байланысты болатын қоғамдағы адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.

Бұл ғылым өзінің аты айтып тұрғандай негізінен қоғамның саяси саласын қарастырып, оның саяси құрылымын және ондағы болып жатқан саяси процестерді, саяси даму мен саяси технологияларды жан-жақты зерттейді. «Саясат» сөзі (Халықаралық атауы - «политика» - гректің«полис – қала-мемлекет» деген сөзінен шыққан)көне түркінің «яса», «жаса» - «әрекет ет»деген сөзінен туындайды. Адамзат баласының саясатқа қызығушылығы ерте кезден ақ басталған. Дегенмен, бұл сала көп уақыт бойына философия, тарих, әлеуметтану, құқықтану және т.б. қоғамдық ғылымдар шеңберінде зерттеліп келді. Оның дербес ғылым болып қалыптасқанына да көп уақыт бола қойған жоқ.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады.

Қоғамдық — әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің — түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта

...

Доступно только на Essays.club