Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лиспет тұжырымдамалары

Автор:   •  Сентябрь 4, 2024  •  Доклад  •  443 Слов (2 Страниц)  •  33 Просмотры

Страница 1 из 2

С.Липсеттің 1959 ж. ұсынған тұжырымдамасында кейбір қызық, ойландыртатын пікірлер бар.

Біріншіден. Липсет демократия үшін лайықты жағдайлар туралы мәселені каузалдық емес, коррелятивтік мәселе ретінде қойды, яғни атап көрсеткен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды (әл-ауқат, урбанизациялану, индустриалдану, білім беру) демократияның  қалыптасуына болысатын факторлар деп (бірак демскратияны талап ететін факторлар емес деп) таныды. Оның пікірінше саяси жүйе белгілі шамада өзінің автономдығын және нақтылы тарихи жағдайлармен байданысын білдіреді. Сондықтан, қоғамның екі жағының - 1) табыс, білім беру, дін: 2) демократияның өзарара байланыстығы, яғни корреляциясының өте жоғары деңгейі демократияның міндетті түрде пайда болуын дәлелдемейді.

Екіншіден, сол кезде демократия мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзара байланысы туралы мәседе тікелей сызықтық тәуелділікті мойындауға, яғни әл-ауқат, урбанизациялану және индустриалдану көрсеткіштерінің өсуі саяси жүйенің демократиялығының дамуына болысады деген көзқарасқа негізделіп шешілді.

Үшіншіден, Липсет саяси жүйе мен оның әлеуметтік-экономикалық жағдайларының тұрақтылығына ерекше көңіл бөлді. Талдау барысында Липсет елдерді бірнеше топтарға бөлді:

   1) түрақты демократиясы бар еуропалық және ағылшын тілдес елдер:

  2) тұрақсыз демократия  мен диктатурасы бар еуропалық және ағылшын тілдес елдер:

  3) демократия мен түрақсыз диктатурасы бар латын-американдық елдер:

  4) түрақты диктатурасы бар латын-американдық елдер.

Әр топ еддердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орташа көрсеткіштері бұлардың саяси жүйелерінің белгілерімен салыстырылады.

Төртіншіден, Липсетгің пікірінше, демократиялық жүйенің тұрақтылығына әлеуметтік-экономикадық  жағдайлармен  қатар оның тиімділігі және легатимдігі ықпал етеді. Саяси жүйенің тиімділігі деп Липсет қауіп-қатерге апаруға қабілеті бар  азаматтар мен биліктің  тізгінін қолында  ұстап жүрген топтардың негізгі талаптарын қанағаттандыра алатын саяси жүйедегі әрекеттің нәтижесін түсінді. Легитимдік деп Липсет жүмыс істеп тұрған саяси институттарды бұл қоғам үшін  ең қолайлы екеніне сендіре алатын саяси жүйенің қабілетін тусінді. Легитимдік, бір жағынан, тиімділікпен дағдарыстарды жеңіп шығудың шарты болып шықты, екінші жағынан, әлеуметтік топтардың арасындағы тарихи қайшылықтарды шешудің нәтижесі болып,  келісімдікке жетудің жолын тандауға қарай, демократияның өзін мәселеге айналдырып жіберді.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (56 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club