Тест по "Гражданское право"
Автор: ruslan.nazgul99 • Март 4, 2019 • Тест • 8,766 Слов (36 Страниц) • 828 Просмотры
М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
«Азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасы
ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ
_________________ Рим құқығы_________________________________ пәнінен
__1_ курс, 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылар үшін
1. Заңды некеге тұру және әр түлі мәміле жасау үшін, қандай жай-күйден айыру орташа мәртебенің шектеуі болып саналады?
А) Азаматтықтан айыру
B) Отбасылық мәртебеден айыру
С) Жоғарғы мемлекеттік лауазымға тұру құқығы
D) Бас бостандығынан айыру
Е) Әскери борышын атқару құқығынан айыру
2. «Сum manu» некесінің негізгі ерекшеліктері?
А) Әйелінің күйеуінің билігінің астында қызы ретінде болуы
В) Некеге тұру кезінде әйелінің еріктілігін сақтауы
С) Ерлі-зайыптылардың меншігінің бөлек болуы
D) Әйелінің жасауы әйелдің меншігінде қалуы
Е) Ерлі –зайыптылардың біреуі шетелдік болуы
3. Іus gentium (халықтық құқық) кімдерге тиісті?
А) Перегриндерге,сонымен қатар олардың рим азаматтарымен арақатынасы
B) Перегриндерге,сонымен қатар олардың мемлекеттік органдармен арақатынасы
С) Рим азаматтарына, сонымен қатар олардың перегриндермен рим азаматтарымен арақатынасына
D) Мемлекеттік органдарға,сонымен қатар олардың перегриндермен рим азаматтарымен арақатынасы
Е) Рим азаматтарының құлдармен арақатынасы
4. Ежелгі Римде құл мен еркін әйелден туылған баланың жағдайы қандай болды?
А) Ол еркін болып туылды
B) 25 жасқа келгенде еркін болды
С) Ол еркіндікке жіберілген болып саналды
D) Ол құл болып туылды
Е) Колон болып саналады
5. Әрекетқабілеттілік дегеніміз не?
А) Заңдық салдар тудыратын іс-әрекет жасауға қабілеттілік
B) Құқықтар мен міндеттерді иемдену қабілеттілігі
С) Басқа адамның атынан іс-әрекет жасау қабілеттілігі
D) Құқық объектісі болуға қабілеттілік
Е) Заңды тұлғаның атынан іс-әрекет жасау
6. Легисакциондықтан формулярлық процестің айырмашылығы
А) Істі қарауды жеңілдету рәсімі мен преторлық формуланы құруда
B) Ерекше ритуалдылық пен преторлық формуланы құруда
С) Істі қарауды оңайлату рәсімімен судьяның ерекше формуланы құруында
D) Формуландырудың шегі мен ерекше формуланы құруда
Е) Процесстің бір бөлігінен тұрды
7. Рим құқығында «пекулий» термині қандай мағынаны білдіреді?
А) Құл иесінің ортақ меншігінен құлға дербес басқаруға бөлінген мүлік
B) Латиндердің иелігіндегі мүлік
С) Колондардың иелігіндегі мүлік
D) Перегриндердің иелігіндегі мүлік
Е) Корпорацияның иелігіндегі мүлік
8. Реституция деген не?
А) Алғашқы қалыбын қалпына келтіру
B) Бөтен біреудің иелігінен мүлікті алып қою
С) Бөтен біреудің заңсыз иеленуден затты алып қою
D) Заттарды қолданудағы бөгеттерді жою
Е) Иелікке енгізу
9. 4 негізгі формуланың құрамында қайсысы маңызды?
А) Талаптың туындау негіздер баяндалған бөлім
B) Егер талап расталса, сотталуы туралы ұйғарымнан тұратын бөлімі
С) Жауапкерге сылтемесі бар бөлім
D) Судьяның тағайындауын көрсеткен бөлім
Е) Жауапкердің қарсылығынан тұратын бөлім
10. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың мүддесін бұзатын кейбір әрекеттерге тез арада тыйым салу интердиктерді кім шығарды?
А) Претор
B) Судья
С) Халықтық жиналыс
D) Сенат шешімі
Е) Магистрат
11. Еркін азамат пен құл әйелден туылған баланың жағдайы?
А) Ол құл болып туылды
B) Ол еркін болып туылды
...