Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шалғындық және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  870 Слов (4 Страниц)  •  4 Просмотры

Страница 1 из 4

Дәріс 3

Тақырыбы: Шалғындық және жайылым өсімдіктерінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері

Шабындықтар мен жайылымдар – бұл ауыл шаруашылық жер алқаптары, бұл алқаптарда негізінен шөптесін өсімдіктер өседі. Мұнда жануарларды жаяды, түрлі мақсатта пацдалану үшін шөп орады. Шабындықтар мен жайылымдар табиғи және қолдан себілген болып бөлінеді.

Біздің еліміздің көпшілік аудандары үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтар мал шаруашылығының азықтық базасын қалыптастыруда негізгі орынды алады.

Ел бойынша шабындықтардың орташа өнімділігі 5 ц/га құрайды, ал жайылымдардың орташа өнімділігі 14-15 ц/га жасыл массаны құрайды. Жалпы елдегі пішеннің 2/3 бөлігі және жасыл мал азығының 2/5 бөлігі табиғи мал азықтық алқаптардан алынады.

Материктік шалғындар жазық алқаптарда орналасады және келесі түрлерге бөлінеді: құрғақ аңғарлық, ойпаттық, батпақтық.

Құрғақ аңғарлық шалғындар орманды аймақта қалыптасады. Шөп жамылғысының биіктігі аласа, ал орташа өнімділігі жылдар бойынша қатты ауытқиды және 4-15 ц/га пішен көлемінде болады. Жайылым ретінде олар көктемнен қара күзге дейін пайдаланылады. Жазда бұл аңғарлардың өсімдіктері тез қатайып кетеді, олардың өнімділігі күрт төмендейді, ал орылғаннан немесе мал жайғаннан кейін нашар өседі. Бұл алқаптарды негізінен қой және ірі қара малды жаю үшін пайдаланады. Ойпаттық және батпақтық алқаптардың шалғындарын жануарлардың басқа топтарын жаю үшін пайдалануға болады. Қазіргі таңда құрғақ аңғарлық шалғындардың көп бөлігі танаптық ауыспалы егістің құрамына өтуде немесе ұзақ жылдар бойы пайдалану мүмкіншілігіне ие болатын мәдени жайылымдарға айналдырылуда.

Ойпаттық шалғындар орманды, орманды далалы және далалы аймақтардың жазықтарындағы еңістерде болады. Олардың топырақтары құрғақ аңғарлық шалғындармен салыстырғанда едәуір құнарлы, ал шөп жамылғысының өнімділігі жоғары. Олардың пішен өнімділігі 12-25 ц/га тең.

Батпақты шалғындар едәуір терең еңістерде орналасады және олар шабындық ретінде тек су топырақтың бетіне шықпаған жағдайда ғана пайдаланылады. Олардың өнімділігі 12-30 ц/га төмен сапалы пішен.

Алқаптық шалғындар өзен аңғарларында және көлдердің жағасындағы еңсті аумақтада барлық республиканың көлемінде орналасқан. Алайда олардың басым бөлігі орманды аймақта орналасқан. Алқаптық шалғындардың мөлшері көп емес алайда олар табиғи шалғындардан жиылатын пішеннің жартысын қамтамасыз етеді және жануарлардың жасыл азығының басым бөлігін қамтамасыз етеді. Олар материктік шалғындармен салыстырғанда өнімдірек болады және өсетін шөптердің құрамының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Пішеннің орташа өнімділігі 10-13 ц/га дан 25-30 ц/га дейін, кейде 50-60 ц/га пішен қалыптастыру мүмкін, бұл алқаптарда пішенді механикалық жолмен жинауға мүмкіндік бар. Олар жақсы жайылымдар.

Таулы шалғындар еліміздің ауа райы жеткілікті деңгейде жылы, ылғалды таулы аймақтарында орналасқан. Климаттық белдеудің вертикалды бағытта өзгеруі өсімдік жамылғысының түріне, өнімділігіне және оларды пайдалану сипатына қатты әсер етеді. Оларды негізінен шабындықтар мен жайылымдар үшін пайдаланады, ал альпілік шалғындарды тек қана қойларды, ешкілерді және жылқыларды жаю үшін ғана пайдаланады.

Табиғи жем-шөп алқаптарында белгілі бір топырақ-климаттық жағдайлар мен қоршаған ортадағы ұзақ эволюциялық даму, белгілі бір жағдайларға бейімделген өсімдік түрлерінің тұрақты табиғи сұрыпталуы кезінде морфологиялық және биологиялық сипаттамалары бойынша ерекшеленетін тіршілік формалары құрылды.

Жалпы жемдік сипаттамалары үшін барлық өсімдіктер сыртқы белгілері бойынша жіктеледі, бұл белгілі бір дәрежеде осы

...

Доступно только на Essays.club