Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фармакогенетика негіздері. Дәрілерге жеке сезімталдығының генетикалық механизмдері

Автор:   •  Февраль 18, 2021  •  Реферат  •  1,774 Слов (8 Страниц)  •  8 Просмотры

Страница 1 из 8

Реферат

Тақырыбы: «Фармакогенетика негіздері. Дәрілерге жеке сезімталдығының генетикалық механизмдері. Ана-плацента-ұрық жүйесі мен дәрілік заттың бір-бірімен әсерлесуінің ерекшеліктері. Жүктіліктің асқынуларын алдын алатын фармакотерапевтикалық дәрілер. Ерте және кеш токсикоздардың терапиясы. Туу кезіндегі фармакотерапия. Туудағы ұрықтың гипоксиясы»

Орындаған:

Тобы:

Қабылдаған:

Жоспар

І Кіріспе

II Негізгі бөлім

* Дәрілерге жеке сезімталдығының генетикалық механизмдері

* Ана-плацента-ұрық жүйесі мен дәрілік заттың бір-бірімен әсерлесуінің ерекшеліктері

* Жүктіліктің асқынуларын алдын алатын фармакотерапевтикалық дәрілер

* Ерте және кеш токсикоздардың терапиясы

* Туу кезіндегі фармакотерапия, туудағы ұрықтың гипоксиясы

III Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Фармакогенетика - адам ағзасының препараттарға фармакологиялық реакциясын қалыптастырудағы генетикалық факторлардың рөлін зерттейтін ғылым. Фармакогенетика фармакология мен генетиканың түйіскен жерінде пайда болды. Адам ағзасының әртүрлі ақуыздарының (ферменттер, иондық каналдар, тасымалдаушы молекулалар, рецепторлар және т.б.) қатысуымен өтетін фармакокинетикалық және фармакодинамикалық процестер генетикалық бақылауда болады. «Фармкогенетика» терминін алғаш рет ғылымға 1959 ж. Фогель енгізген. Дәлірек айтқанда фармакогенетика жеке адамдардың немесе популяциядағы адамдардың жеке топтарының арасындағы дәрі – дәрмектерге түрліше фармокологиялық жауап қайтарудың тұқым қуалайтын айырмашылықтарын зерттейді. Клиникалық медицинаның негізі болатын принциптердің бірі - әр ауру адамның жеке өзіне дәрілердің түрін нақты мөлшерде белгілеу болғандықтан, ол дәрілердің ағзадағы әрекеті мен оған қайтарылатын жауап та түрліше сипатта көрінеді. Осы себепті фармакогенетика ғылымының қалыптасуы мен дамуы заңды құбылыс болып табылады.

Клиникалық фармакогенетиканың негізгі міндеттері:

* ағзаның дәрі-дәрмектерге реакциясын қалыптастырудағы тұқым қуалайтын факторлардың рөлін, оның ішінде ауыр зардаптарға әкелетін қолайсыз реакцияларды анықтау;

* олардың алдын алу мен емдеудің тиімді шараларын әзірлеу;

* әртүрлі аурулардың, оның ішінде тұқым қуалайтын аурулардың фармакотерапиясының тиімділігін арттырудың жаңа жолдарын іздестіру;

* дәрілік заттардың әсері күрт бұзылған, бұрыннан белгілі және жаңадан анықталған энзимопатиялардың мәнін зерттеу;

* дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына тікелей немесе жанама әсер ететін атипті ферменттерді тасымалдаушы тұлғаларды анықтаудың қол жетімді әдістерін әзірлеу.

Негізгі бөлім

Клиникалық фармакогенетиканың маңызды проблемасы адамдардың генотипке байланысты дәрілік заттарға жеке сезімталдығы болып табылады. Науқастар

...

Доступно только на Essays.club