Желшешек
Автор: Нозима Дадашева • Сентябрь 25, 2021 • Реферат • 999 Слов (4 Страниц) • 476 Просмотры
Желшешек (лат. Varicella, гр. Ανεμοβλογιά) - инфекциялық ауру, вирустан тарайды.
Мұнымен 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар жиі, ал 10 жастан асқан балалар мен ересектер сирек ауырады. Желшешекпен ауырып жазылған адамда күшті иммунитет қалады. Желшешек ауа арқылы тарайды. Сырқаттың инкубациялық (жабық) кезеңі 11 күннен 21 күнге дейін, яғни орташа 14—15 күнге созылады. Ауру басталғанда температура 38—39°С-ге дейін көтеріледі де, адамның терісі мен шырышты қабығында қышыма бөрткен пайда болады. 3—5 күн өткеннен кейін бөрткеннің көбеюі тоқтайды да, температура төмендеп, қалпына келеді, бөрткен қара қотырланып, 1,5—2 аптадан соң оның қабығы түседі. Кейде барлық ауырғай кезеңде температурасы көтерілмей, әдеттегідей бір қалыпты болады.
Ауру адам сырқаттың инкубациялық кезеңінің соңғы күнінен бастап және бөрткен шыққаннан кейінгі 9-күнге дейін жұқпалы болып есептеледі. Әдетте желшешек жеңіл өтеді, бірақ кейде (әлжуаз балаларға шыққанда) асқынатын да кезі болады, терісі іріңдейді, құлақтары мен аузының шырышты қабығы т. б. қабынып ауырады. Сырқат баланы мұқият күтімге алу керек. Аурудың денесі бөртсе, оның үстіне температурасы көтерілсе, сырқатты қозғалтпай жатқызып қойған дұрыс. Төсек — орын жаймасын жиі-жиі алмастырған жөн. Сондай-ақ теріні күтудің де маңызы зор. Баланың денесінде бөрткеннің болғанына қарамастан оны қайнаған сумен немесе қызғылтым етіп езілген калий перманганатымен («марганцовка») жуады (мақтаны пайдаланып, өте еппен); ал қолын сабындап жуу керек. Бала терісін қасып, тырнап тастамауы үшін қолының тырнағын алып, дәкеден қолғап тігіп кигізу қажет. Бөрткенді 1 проценттік калий перманганатының немесе 1—2 проценттік бриллиантты зеленка ерітіндісімен сүртсе, ол көп қышымайтын болады. Баланың ерніне тұзсыз сары май немесе қайнатылған күнбағыс майын жағып, сусынды көп ішкізу керек. Кішкентай баланың таңдайын салқын шаймен немесе қайнаған сумен жібітіп отырады. Сондай-ақ сәбидің танауының тазалығына баса назар аудару қажет. Танауындағы жараның қабығын вазелин жағылған немесе қайнатылған күнбағыс майына шыланған мақтамен сүртіп тазалайды.
Науқас балаға ең қажетті нәрсе — таза ауа мен жарық. Мұндай балаларды шаңсыз, жел тимейтін, тыныш жерде, дені сау балалардан бөлек серуендету қажет. Баланың температурасы төмендеп, бөрткеннің қайталап шығуы тоқтағаннан кейін, яғни бұрынғы бөрткендері қара қотырланған соң серуенге шығаруға болады. Серуендету режимін дәрігермен келіскен жөн.
Сәбиді дұрыс тамақтандыру керек. Температурасы көтерілгенде ол тағамнан бас тартады, сырқаты асқынған кезінде кішкентай балалардың іші өтеді, құсалы. Мұндай жағдайда баланы зорлап тамақтандыруға болмайды, тек 6—12 сағаттан кейін тамақтандырып, сусынды көп ішкізу қажет. Егер баланың аузы уылып, ол тағамнан бас тартса, оған сұйық немесе, жұмсартып пісірілген қоймалжың тағам (жылытып) беру керек (үгітілген көкөніс сорпасы, ботқа, көкөніс пюресі, кисель). Балаға қышқыл және ащы тағам беруге болмайды. Әсіресе іштің жүруін бақылап отыру керек. Үлкен дәреті жүрмей қалғанда клизма қойып, іші өтсе дәрігер келгенше тамақтандырмай, қайнаған суды немесе суыған шайды көп ішкізу қажет.
Желшешек шыққанда дезинфекция жасамайды; науқас бала жатқан бөлмені желдетіп, дымқыл шүберекпен сүртіп алса жеткілікті. Науқаспен жақындасқан 7 жасқа дейінгі баланы 11 күннен 21 күнге дейін оңашалау керек (жақын Желшешек – өте қауіпі, вирусты этиологиялы жедел инфекционды ауру. Көбінесі балалар ауырады, бала бақшаға баратын немесе мектеп жасындағы балалар . Желшешек ауруы бала кезінде жеңіл түрде өтеді; емізулі балаларда, үлкендерде және иммунитеті төмен адамдарда өте ауыр түрде өтеді. Желшешек тұқымқуалау ауруына жатпайды.
Аурудың көзі – ауру науқас болып саналады. Аурудың жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Аурудың таралу ауа-сілекей жолы арқылы таралады, вирус сойлегенде, жөтелгенде және түшкіргенде көп мөлшерде шығады. Вирус жәнеде вертикальді механизм түрде таралады , анасынан құрсақтағы балаға берілуі, егерде анасы жүктілік кезіңде желшешек ауруымен ауырса. Адамдардың желшешек ауруына сезімталдығы жасына байланысты. 6 айға дейіңгі балалар іс жүзінде ауырмауы мүмкін, анасынан берілген иммунитетіне байланысты. Өсе келе сезімталдығы жоғарлап және іс жүзінде баланың бірінші кездесуі инфекцияның қоздырғышының бастауымен зарарлануына келтіреді. Қоршаған ортада вирус тұрақты емес және тез өледі. Вирус ауру адамның көрінетін сілемейлерінде және терісінде орналасқан көпіршіктерден сыртқы ортаға бөлініп шығады. Ауру қоршаған ортаға бөртпенің пайда болуына 2-3 күн бұрын және соңғы көпіршік пайда болғаннан кейін 5 күн қауіпті болып саналады. Осы кезде науқасқа желшешекпен ауырмаған адамдарды қарым-қатынаста ұстауға болмайды, өйткені жұғу көзі жоғары. Сау бала науқас баламен қарым- қатынаста болған жағдайда, оларды 21 тәулікке каратинге немесе жеке ұстайды, егерде қарым- қатынас болған күнін нақты білген жағдайда , 11-ші тәуліктен бастап қатынас болған күннен 21-ші тәулікке дейін жекелендіреді.
...