Ісіктер
Автор: 87776090225 • Апрель 19, 2020 • Реферат • 1,341 Слов (6 Страниц) • 772 Просмотры
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тапсырмалар
Тақырыбы: Ісіктер
Орындаған: Кайшанова Тамирис
Тобы: ОМ-18к-1б
Тексерген: Ахыншаев Е.К.
Петропавл,2020ж.
1. Анаплазия және катаплазия терминдерінің анықтамасы.
Анаплазия немесе катаплазия - қалыпты жасушада кездеспей, тек қана ісіктік жасушада пайда болатын қасиеттер.
«Анаплазия» ұғымы бойынша, ісікке айналу барысында жасуша кері толысып, эмбриондық қасиеттер қалыптастырады.
«Катаплазия» ұғымы бойынша, ісіктік жасуша кері дамымайды, онда тек ерекше қасиеттер ғана пайда болады.
2.Ісіктің құрылымдық ерекшеліктері.
Сыртқы түрі: түйін, саңырауқұлақ қалпағы немесе түсті капуста пішінді болуы мүмкін.
Беті: тегіс, бүртікті немесе емізікшелі болады.
Консистенциясы – паренхимасы басым болса-жұмсақ, егер строма басым болса – тығыз болады.
Микроскопиялық құрылысы: паренхима мен тромадан тұрады, олардың арасында күрделі байланыстар болады. Паренхима жасушалары капиллрлар түзетін ангиогенин қалыптастырады.
«Органоидты ісік» - мүшеге ұқсас, паренхимасы мен стромасы қалыптасқан мүшеге ұқсайтын ісіктер.
Гистиоидты ісік - паренхимасы жақсы дамып,стромасы нашар дамыған,тек капиллярлар қорын атқарады.
Гомологилық ісік – құрылысы орналасқан мүшенің құрылысына ұқсас дамитын ісіктер.
Гетерологиялық ісік- құрылысы орналасқан мүшенің құрылысына ұқсамайтын ісік.
3.Ісіктердің атипиялық түрлері.
1.Морфологиялық: тіндік, жасушалық, ультрақұрылымдық,
2.биохимиялық,
3.гистохимиялық,
4.антигендік
4.Морфологиялық атипизм.
Морфологиялық атипизм тіндік, жасушалық, ультрақұрылымдық деігейлерде көрінеді. Тіндік атипизм – мүшеге тән тіндік қасиеттерінің өзгеруі: пішіні, эпителиальдық құрылымы, паренхима мен строма арақатынасы өзгеруі.
Жасушалық атипизм – полиморфизм немесе мономоризм, полиплоидия, ядроның гиперхромиясы, ядролық-цитоплазмалық индекстің өзгеруі,митоз процессінің жылдамдап,көбеюі.
Ультрақұрылым атипизмі – рибосомалар санының көбеюі, митохондрия формасының, орналасуының өзгеруі. Ультрақұрылым атипизмі спецификалық ерекшеліктеріне байланысты: жоғары деңгей дифферецировкасы (бірнеше дифференциланған ісік клетклары анықталады), ортаңғы деңгей дифференцировкасы(бір типке жататын ісік жасушалары немесе жасуша-гибридтер анықталады), төменгі деңгей дифференцировкасы (бір ультрақұрылым дифференцировкасымен сипаттелады) түрлері болады.
5.Ісіктердің өсу түрлері.
Ісіктің толысу дәрежесіне қарай, үш өсу түрі (жолы) бар: экспансиялы, аппозициялы, инфильтрациялы (инвазиялы).
Экспансиялы жолмен ісік төңірегіндегі тіндерді ығыстырып, «өзі-өзінен» өседі. Ісіктің айналасындағы паренхималық элементтер семіп, мүшенің стромасы қабысып, ісікті қоршап, қабық тәрізденіп, қоршайды (псевдокапсула – жалған қабық). Экспансиялы жолмен баяу дамитын, жетілген, қатерсіз ісіктер өседі. Кейбір қатерлі ісіктер де экспансиялы жолмен өсе алады (бүйрек карциномасы, қалқанша бездің карциномасы, фибросаркома, т.б.).
Аппозициялы жолмен өскен кезде ісік алаңындағы қалыпты жасушалар ісіктік жасушаға айналады («Ісіктің морфогенезін» қара).
Инфильтрациялы, яғни инвазиялы, жолмен ісіктік жасушалар қоршаған тіндерді зақымдап (диструкциялы), арасына жайыла (инвазиялы) өседі. Ісік, әдетте кедергі аздау бағытта, тінаралық саңылауларды, жүйкелік талшықтарды, қан және лимфа тамырларының бойын қуалай жайылады. Ісіктік жасуша кешендері ол құрылымдарды ыдыратып, қанға және лимфаға өтіп, жұмсақ дәнекер тінге жайылады. Егер ісіктік жасушаның жайылу жолында мүшенің қабығы, мембраналар мен басқа тығыз тіндер кездессе, ісіктік жасуша алғашында олардың үстіне ғана жайылып, кейін қабық пен мембраналарды бұзып, мүшеге тереңдей өседі (99-сурет). Міне осыдан, инфильтрациялы өскен ісік айқын шектелмейтіні, басқа тіндермен шекарасының айқын болмайтыны түсінікті. Инфильтрациялы өсу жылдам дамитын, жетілмеген қатерлі ісіктерге тән.
...