Карьер алаңын жобалау
Автор: kokterek_gu • Октябрь 2, 2021 • Лекция • 484 Слов (2 Страниц) • 492 Просмотры
Ашық тау-кен жұмыстарын сипаттайтын карьердің негiзгi параметрлерiне мыналар жатады:
Карьердің ақтық тереңдiгi жобалау кезiнде анықталады. Осыған байланысты көлбеу жəне күртқұлама кен шоғырларын қазғанда карьердің мүмкiн өндiрiстiк қуатының шамасы , оның жер бетiндегi ауданы жəне шығарылатын тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi анықталады. Жатыстары горизонталь жəнекөлбеукеншоғырларыүшiнақтықтереңдiколардыңтабиғижату жағдайларына байланысты анықталады да, қазу кезiнде карьердің тереңдiгi аз өзгерiп отырады. Қазiргi кезде карьерлердің тереңдiгi 500 м-ге дейiн жетедi, ал ғылыми-зерттеулердің нəтижесінде пайдалы қазындыларды ашық əдіспен экономикалық тұрғыдан тиімді өндіру терендігін 700-900 м-ге дейiн жеткізуге болатындығы анықталған /26.27/.
Карьердің кенiш созылымы жəне оған көлденең сызық бойынша жер бетiндегi өлшемдері кенiштің мөлшерiне, карьердің түпкі тереңдiгiне жəне оның ернеулерiнің беткей бұрыштарына байланысты анықталады. Олар графикалық жəне аналитикалық əдiстермен табылады. Карьердің пландағы пiшiнi қисық сызықты сопақ болып келедi. Карьердің ұзындығы бiрнеше жүз метрден бiрнеше километрге, ал енi кен орнының түрiне байланысты төрт километрге дейiн болады.
Карьер түбiнің өлшемдері карьердің ақтық тереңдiгiнің биiктiк белгiсiнде кенiштің қазылатын бөлiгiн контурлау арқылы анықталады. Карьер түбi өлшемдерінің ең аз шамасы төменгi кемерде таужыныстарын қазу жəне тиеу жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жағдайымен анықталады (енi 20 м-ден, ұзындығы 50-100 м-ден кем болмайды).
Карьер кернеуiнің беткей бұрыштары таужыныстары сілемінің орнықты тұрақтылық жəне көлiк коммуникацияларын орналастыру шартымен анықталады. Аршыма жұмыстарының көлемiн азайту мақсатында оларды мейлінше тiктеу етіп қабылдауға ұмтылады. 5. Карьер кеңістігіндегі тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi кəсiпорынның өндiрiстiк қуатын жəне оның жұмыс жасау мерзiмiн жоспарлауға қажетті көрсеткiштердің бiрi болады. Жер бедерi жазық болғанда карьердегi тау-кен жыныстары қоспаларының жалпы көлемi
...