Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Желінсаулар (маститтер)

Автор:   •  Декабрь 17, 2021  •  Реферат  •  1,626 Слов (7 Страниц)  •  253 Просмотры

Страница 1 из 7

                Желінсаулар (маститтер)

      Маститтер үй жануарларының барлығында кездеседі. Әсіресе, олар сиырлар мен ешкілерде жиі болады,  қойларда сирегірек, басқа үй жануарларында өте сирек кездеседі.

      Маститтердің көпшілігі жұқпалы болады. Микробтар желінің ткандерінде емшектің үрпі арқылы (галоктогендік жолмен ) тері жарақаттанғандықтан (сөл рақылы) немесе қан арнасы арқылы (гемотогенді жолмен) кіріп кетуі мүмкін. Микробтардың желін ткандеріне кіруіне себеп болатын мал бағудағы кемістіктер. Осы себепті кейде маститпен көп мал ауырып, шаруашылыққа экономикалық зиян келеді.

      Маститтерді жіктеулердің ішіндегі тәжірбиеде пайдалануға қолайлысы А.П.Студенцовтың жіктеуі:

  1. Сірілі мастит;
  2. Катарлы мастит;
  3. Фибринозды мастит
  4. Іріңді мастит
  5. Геморрагиялың мастит
  6. Жеке аурудан болатын мастит

Маститтердің асқынуы

  1. Тас желін болуы
  2. Желін шіру

      Сірілі мастит.

Аурудың өзгешелігі – телім аралық дәнекер тканьге сірілі эксудат жиналады.

     Себептері.  Бұл желінің дәнекер тканіне микробтар түскендіктен болады. Микробтар желін терісінің жаралануы, қан арнасы арқылы кіреді. Микроб қанға ауырған жатырдан немесе ішек қарыннан түседі.

     Сірілі мастит ұзақ уақыт машина мен саудан да болуы мүмкін. Бұлай болу  себебі машинанаң соруының күштілігінен қан мен сөл тамырларының қабырғалары арқылы телім аралық дәнекер тканьге қан бөлшектері мен газдар өтіп кетіп, онда қабыну процесін тудырады. Бұл маститтің пайда болуына желін телімдерінің дұрыс өспеуі әсер етеді.

    Белгілері. Микроб телім аралық  дәнекер тканге сөл арқылы кіргенде, желінің терісі іседі және ауырған телім үлкейеді. Аурған телімді қолмен басып қарағанда, оның температурасының көтерілгені және аурғыш екені байқалады. Ауру жақтағы сөл түйіні үлкейеді. Малдың сүті мүлдем кемиді. Сүттің сыртқы түрі өзгермиді. Желінің бұлай ауруы организімнің жалпы ауруына себеп болуы мүмкін.

      Микробтар телім аралық тканге қан арқылы түссе әдетте желін түгелімен үлкейеді. Қолмен басып қарағанда желінің терісі ауырмайды бірақ, саусаөтарды қатты басып қарағанда мал  ауырады.

     Жұқпайтын сірілі мастит. Ұзақ уақыт машинамен сауғаннан болады және бұл аурудың негізгі белгісі желінің ауырғын телімі шамалы үлкейеді ауруға шалдыққан бөлімінен сүт азаяды.

      Болжау. Жұқпалы сірілі маститтің жеңіл түрі 5-10 күн ішінде жазылады. Телім аралық ткань қатты ауырса көбінесе тас жетінге айналады. Жұқпайтын сірілі мастит көбінесе 3-5 күннен кейін жазылып кетеді.

      Емдеу. Алдымен аурудың себебін анықтау керек. Егер желімде жаралар болса, оларды тазалап дезинфекциялау керек. Егерде жатырдың немес ішек қарының аурғындығы білінсе сол  органдарды емдейді. Аурудың үш күнінен бастап пішен ұнтағынан қыздырғыштар қояды және желінде мақтамен немесе паклямен орап, көтерме құралды суспеннизорды қолданады, оның үстіне желінеге күніне екі рет йодтты май жағады. Қабыну эксудатының тартылуына кварц лампасымен қыздыру жақсы әсер етеді.

    Емдеу уақытында малға суды аз береді. Сулы азықтарды мүлде бермейді.

    Катарлы мастит. Қабыну процестернің орнына қарай катарлы маститті кіеіге бөледі:

  1. Сүт цистернасымен  сүт жолдарының катарлы қабыныуы
  2. Алвиолалардың катарлы қабынуы

Сүт цистернесымен сүт жолдары катарлы қабынғанда олар сірілі қабынуға ұшырайтындықтан кілегей қабығы өзгереді.

Алвиолалар катарлы қабынғанда катарлы секретке толған сүт жолдары кеңейеді, желінің паренхимасында көптеген қуыстар пайда болады.

    Себептері. Катарлы мастит микробтардың үрпі арқылы сүт арнасы мен сүт жолдырының кілегей қабығына өтіп жеткендігінен пайда болады. Мұндай қабыну емшек терісінен үрпі арқылы ауырған қабыну процесінің асқынған түрі. Сауған уақытында өте қатты созып тартақандықтан, үріптің кілегей қабығының жыртылып кетуі салдырынын болады.

...

Скачать:   txt (19.4 Kb)   pdf (121.8 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club