Fungi патшалыfы
Автор: abseitov.t • Апрель 6, 2019 • Реферат • 5,453 Слов (22 Страниц) • 862 Просмотры
1 БЛОК
FUNGI ПАТШАЛЫҒЫ
САҢЫРАУҚ¥ЛАҚТАР БӨЛІМІ - МҮСОРНҮТА Сыңырауқүлақтардың 100000-дай түрі белгелі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқүлақтар балдырларға үқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорофилл болмайды. Саңырауқүлақтардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көншілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Қоректену срекшеліктеріне қарай саңырауқүлақтарды не сапрофиттерге, не паразиттерге жатқызады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен қоректенеді: ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді және солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді.
Құрылысы. Саңырауқұлақтардыңталломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменті сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Тек аздаған төменгі сатыдағы саңырауқүлақтардың клетка қабықшасы целлюлозадан түрады. Саңырауқүлақтардың көпшілігінің гифасының қабықшасының қүрамы біршама күрделі болады: төменгі сатыдағыларының клетка қыбықшасы пектінді заттардан, ал жоғарғы сатыдағыларының- целлюлозаға жақын углеводтардан, және насекомдардың хитиніне үқсас азоттық заттардан тұрады. Клетка қабықшасының астында протопласт жатады. Ядросы өте үсақ және клеткада 1-2 немесе көптен болады.
Қор заты ретінде гликоген немесе май тамшылары жиналды, крахмал ешуақытта түзілмейді. Гифалары жоғарғы үшы арқылы өседі. Қолайлы жағдайларда олар өте тез өседі.
Жоғарғы сатыдағы саңырауқүлақтардың гифалары көп жағдайда матасып жалған үлпа-плехтенхима түзеді. Одан келешегінде жыныстық спора дамитын жемісті дене түзіледі. Саңырауқүлақтардың суда бойына өткізетін және оны буланудан сақтайтын арнайы тетігі болмайды. Сондықтанда олар тек ылғалды жерлерде өседі.
Қоректенуі. Саңырауқүлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. САпрофитті саңырауқүлақтар клетканың целюлозды қабықшасын және лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды. Саңырауқүлақтардың 10 мыңнан астама өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі. ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқүлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқүлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесін өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды. Симбиозға мына жағдай мысал бола алады. Ақ саңырауқұлақтардың қайыңның, қарағайдың, шыршанаңжәне емен ағашының түбінде, рыжиктердің қарағайлы және шыршалы ормандарда, подосиновиктердің көк теректің түбінде өсептіндігі белгілі. Бүл жағдайда ағаштардыңтамырларымен саңырауқүлақтардың мицелийлерінің арасында тығыз байланыс қалыптасады, яғни симбиоз түзіледі. Симбиоз түзілуден немесе селбесіп өмір сүруден өсімдіктердің екеуінеде пайдалы жағдай қалыптасады. Мицелийдіңжіпшелері тамырды тығыз орап, кейде онда еріген минералды заттарды сорып алады да, оларды ағаштардыңтамырларына жеткізеді. Сонымен мицелий ағаштардың тамыр түктерін алмастырады. Ал ағаштардыңтамырларынан мицелий өзінің қорегіне және жемісті дене түзуге қажетті органикалық заттарды алады.
Қалпақты санңырауқүлақтар жасыл түсті гүлді өсімдіктермен балдырларға қарағанда басқаша қоректенеді. Саңырауқүлақтардың клеткаларында хлорофилл болмайды және органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілмейді. Саңырауқүлақтар дайын органикалық заттармен қоректенеді. Бүл жағдайда саңырауқүлақтардың мицелийлері органикалық заттардың бір бөлігін сумей бірге және ылғалды қарашірінділерге бай орманда жерлердің топырағынан минералды заттармен бірге сорын қабылдайды, ал екінші бөлігін өздері өсін тұрған жердегі ағаштардың тамырларынан алады. Симбиоз процесінің нәтижесінде жаңа организмдер пайда болады. Мысалы, қыналар, микориза.
...