Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Biolife интелектуалдық сайысы

Автор:   •  Декабрь 10, 2025  •  Творческая работа  •  1,231 Слов (5 Страниц)  •  11 Просмотры

Страница 1 из 5

«BIOLIFE» интелектуалдық сайысы

Мақсаты:“Біртұтас тәрбие” бағдарламасының “SMART BALA” жобасы аясында дарынды оқушыларды зияткерлік сайыстарға қатыстыру,оқушылардың  ой-өрісін дамыта отырып, табандылықпен шешім қабылдауға,оны дәлелдеуге үйрету,биология пәніне деген қызығушылығын арттыра отырып,логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталады.

        Қазақ халқының ғұлама жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен.Қазіргі таңда Қазақстан Республикасына білімді де білікті,жан-жақты жастар қажет.

        Бар ізгілік  тек білімнен алынар,

        Білімменен аспанға жол салынар, -деген екен Жүсіп Баласағұн.

        Ал,олай болса, құрметті  сайыскерлер, енді ұшқыр ой,көп ақыл, терең білім мен биология пәнінен алған білімдеріңіздің  асқақтығын көрсетіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз   алты  кезеңнен тұрады.

  1.  «Полиглот»
  2. «Ойлы болсаң,озып көр»
  3.  «Ғажайып жетілік»
  4. «Тікелей сұрақтар»
  5.  «Орман алқабы»
  6.  «Бәйге»

Сайысқа қатысатын оқушыларымызды  таныстырып өтейін.

8 «А», 8 «Ә»

Әр топ өздерін таныстырады.

Құрметті сайысқа қатысушы оқушылар сіздерге сәттілік тілеймін!

Сайысымызды бастамас бұрын әділ баға беретін қазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.

3.

 «Тіл қаруы-сөз,сөз қаруы-ой»

«Ақыл-ой,алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті»-деген екен Ғабит Мүсірепов.

Тіл ұлттың жаны,халықтың үні.Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше  тілді білу қажет.

Қазақтан шыққан өткір ойлы,жан-жақты ғұлама этнограф,тарихшы,

әдебиетші,географ,саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлей білген екен.Ал,біздің дарынды жастарымызда үш тілді меңгерген.

Алғашқы кезеңіміз «Полиглот»

Табиғат,білім,тамаққа байланысты   мақал айтамын да бір сөзін тастап кетемін.Сол сөзді тауып, оған үш тілде жауап берген  ойыншыға 15 ұпай қойылады. Жартылай жауап берген оқушыға 5 ұпайдан беріледі.

  1. Мектеп кеме,білім .......... (теңіз,море,sea)
  2. Қорада малың болсын,көшеде ........... болсын (талың,дерево,tree)
  3. Адам көркі шүберек,ағаш көркі ......... (жапырақ,лист,foliage)
  4. Құлан құдыққа құласа,құлағында .................. ойнайды (құрбақа,жаба,frog)
  5. Жалғыз кірпіш қорған болмас,жалғыз ағаш ................. болмас

 ( орман,лес,forest)

  1. Бабалар еккен шынарды,........................... саялар (балалары,дети,children)
  2. Қыз өссе елдің көркі,........... өссе жердің көркі (гүл,цветок,flower )
  3. Біреуге мал қайғы,біреуге ...........  қайғы (жан,душа,soul)
  4. Мақтаның анасы-жер,атасы .......... (су,вода,water)
  5. Ас тұрған жерде ................ тұрмайды (ауру,болезнь,pain)

Келесі кезеңгеде келіп жеттік.Бұл кезең «Ойлы болсаң,озып көр» деп аталады. Әртүрлі түстегі конверт таңдап,ішіндегі сұрақтарға жауап береміз. Дұрыс жауап берген оқушыға 20 ұпайдан беріледі.

1.Шығыс елдерінде,Мысырда бұл өсімдікті есіктің кіре беріс маңдайшасына ыдысқа өсіріп,іліп қоятын болған.Себебі,үй ішіндегілерге денсаулық тілеп,ұзақ өмір сүруге көмектеседі, деп жорамалдайды.Өсімдік ұзақ уақыт сусыз тіршілігін жоймайтын,шыдамды болған,сол себепті одан алынатын емдік шырын арабша «Сабыр» деп аталады. Өсімдік сонымен қатар қор жинаушы ұлпа қызметін атқарады. Бұл қандай өсімдік? (Алоэ өсімдігі)

2.Атақты грек қолбасшысы А.Македонскийдің көптен бергі арманы Орта Азияны жаулап алып,Үндістанды құлдыққа салу болатын.Орта Азияны жаулап алып үлкен той жасады.Одан әрі Үндістанға беттеді.Бірақ оның әскеріжолда екі бірдей кедергіге тап болды.Оның бірі-әділеттілікті сүйгіш халықтардың тосқауылы болса,екіншісі-адамдардың іш сүзегі ауруына ұшырауы болды.Жағдайларының бірдейлігіне қарамай іш сүзегі ауруымен әскери қолбасшыларға қарағанда солдаттар көп ауырды.Тіпті әскер басшылары бұл аурумен ауырмады.Бұл құбылыс сол кезде Македонскийдің өзін де таңқалдырды.Бұл құпия  Македонскийден  2280 жыл кейін белгілі болды.Осы құпияның сыры неде? Химия пәнінен «Элементтер» тақырыбын еске түсіріңіздер.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (198.7 Kb)   docx (78.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club