Тест по "Биологии"
Автор: Sherkhansss • Февраль 1, 2021 • Тест • 1,705 Слов (7 Страниц) • 542 Просмотры
108АБ(Жолан Асылбек,Қали Махат)
1. Қышқылдық бояулар қайсысымен байланысады:// оксифильді
2. Тіндерді гистологиялық фиксациядан өткізу –процесі әсер етеді:// белоктарды қайтымсыз коагуляциясы
3. Гистологиялық препараттарды даярлау сатыларының реттілігі:// материалды алу, фиксация, тығыз ортаға бекіту, кесінді жасау, бояу, бальзамға бекіту
4. Гистологиялық препаратты дайындағанда бекіту (фиксация) негізделген:// Ыдырау процесін тоқтату
5. Гематоксилин:// Негіздік бояу
6. Мембраналық органеллаға жатады:// гольджи кешені, эпт, митохондрия, лизосома, пероксисома
7. Жасуша мембранасының сыртқы беткейінде табылатын полисахаридтер:// гликокаликс
8. Мембраналық органеллаларға жатпайды:// рибосома(полисома), цитоқаңқа,аралық филаменттер, жасуша орталығы, микротүтікшелер
9.Мембраналық органеллаға жататыны:// гольджи кешені, эпт, митохондрия, лизосома, пероксисома
10. Микротүтікшеде болатын белок:// тубулин
11. Жасушаның тұрақты микроқұрылымдарына жатады:// мембрана цитоплазма ядро
12. Хромасомалардың қарама қарсы полюстерге миграциялануымен көрінетін митоздың фазасы:// анафаза
13. Кариопикноз бұл:// хроматиннің конденсация нәтижесінде ядроның бүрісуі(ядроның солуы)
14. Жасуша ішілік ас қорыту аппаратына жатады:// лизосома екіншілік
15. Митоздың қысқа фазасы:// анафаза
16. Жасушаның ас қорыту аппаратына жатады:// лизосома
17. Жасушаның мембраналық емес органелласына жатады:// рибосома(полисома), цитоқаңқа,аралық филаменттер, жасуша орталығы, микротүтікшелер
18. Плазмолемманың қалыңдығы:// 10 нм
19. Жасушаның цитоқаңқасын түзеді:// микротүтікшелер, микрофиламенттер, аралық филаменттер
20. Жасушаның энергия аппаратына жатады:// митохондрия
21. Бауыр жасушасы ( гепатоциттер) гистологиялық препаратын зерттеу барысында цитоплазмада тіршілік әрекетінде пайда болып және жойылуы мүмкін анық қызыл түсті құрылымдар анықталды. Бұл жасушаның қандай құрылымдары екендігін көрсетіңіз:// гликоген жасушалары
22. Панкреатоциттер электронограммасында цитоплазманың беткейінде көптеген түйіршікті құрылымдары, өзекшелер мен цистерналар тәрізді жолақты мембраналы түзілістер көрінеді. Аталған түзілістер беткейінде көптеген түйіршікті құрылымдар анықталды:// түйіршікті ЭПТ
23. Жасушаның электрондық фотосуретінде екі қабат мембранамен қапталған органелла байқалады. Ішкі мембранасы тегіс емес, кристалары бар, ДНҚ жіпшелері және рибосомалары бар органелланың ішкі затын қоршайды. Электрондық микросуретте қандай органелла берілген:// митохондрия
24.Бөліну ұршығы қалыптасқан, хромосомалар ана жұлдызын түзіп жасушаның экваторлық жазықтықтығында орналасқан. Митоздың фазасын көрсетіңіз:// профаза
25. Жануар жасушасы препаратын зерттеу барысында, жасуша ядросының маңында мембраналармен шектелген жалпақ цистерналар және көпіршіктерден тұратын кешен түріндегі органелла айқындалған. Органелланы көрсетіңіз:// түйіршікті эндоплазмалық тор
26. Электроннограммада саңылаумен бөлінген, қатар орналасқан жасушалардың мамандандырылған аймақтары көрінеді. Бір жасуша цитоплазмасының апикальді бөлігінде химиялық заттектерден (медиаторлар) тұратын везикулдар орналасады, ал басқа жасушасының плазмалеммасында медиаторлардың рецепторлары орналасады. Жасушааралық байланыстың түрін анықтаңыз:// күрделі жасушааралық байланыс (саңылаулы байланыс)
...