Тест по "Биологии"
Автор: nurkashaidana • Апрель 6, 2019 • Тест • 1,370 Слов (6 Страниц) • 2,334 Просмотры
Генетикалық есептер
1-есеп
Генотиптері: а) АА; ә) Аа; б) аа; в) AaBb; г) AaBbCc; ғ) ААBBCC; д) AABbCc даралар қандай типті гаметалар түзеді?
2-есеп
Көк көзді ер адамның әке-шешесі қой көзді. Ол әкесінің көзі көк, шешесі қой көзді, қой көзді әйелге үйленеді. Осы отбасында қой көзді ұрпақ дүниеге келеді. Егер қой көзді белгі көк көзді белгіге қарағанда басым болса, аталған кісілердің генотипі қандай болады?
3-есеп
Адамда таскерең ауруы аутсомалы-рецессивті типті тұқым қулайды. Егер әке-шешесі де осы ауру бойынша гетерозигота болған жағдайда, осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдығы қандай?
4-есеп
Адамда алты саусақтың (полидактилия) болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты ер адам бес саусақты әйелге үйленеді.Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп бірнеше баласы болса, онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?
5-есеп
Адамда альбинизм белгісі аутсомалы-рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Ерлі-зайыптылардың біреуі альбинос, екіншісі қалыпты. Осындай отбасында екі жұмыртқадан пайда болған егіздер дүниеге келген. Олардың біреуі альбонис та, екіншісі бұл белгі бойынша қалыпты. Келесі ұрпақта альбинизм белгісінің болу ықтиалдығын анықтау керек.
6-есеп
Таза тұқымды ақ тауықтарды өзара шағылыстырғанда ұрпағы ақ болады, ал қара тауықтарды өзара шағылыстырғанда қара болып шықты. Егер ақ және қара тауықтарды шағылыстырса, олардан алынатын ұрпақтың түрі шұбар болып шығады.
7-есеп
Сопақша тамыржемісті шалғам (редис) өсімдігін өзара будандастырғанда, 68 дөңгелек, 130 сопақша және 71 ұзын тамыржемісті өсімдік алынған. Ұзын тамыржемісті өсімдікті тамыржемістімен будандастырғанда белгілер ажыраған: 118 сопақша және 122 ұзын жемісті болған. Соңында дөңгелек жемісті өсімдікті сопақша пішіндісімен будандастырғанда 59 дөңгелек және 62 сопақша жеміс алынған. Шалғам өсімдігінің жемісінің пішіні қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
8-есеп
Адамда қой көзді белгі, көк көздіге қарағанда басым, ал оңқайлық, солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Бұл аталған жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Көк көзді оңқай қыз, көк көзді оңқай, екіншісі көк көзді солақай. Шешесінің генотипі қандай?
9-есеп
Адамда қой көзді белгі көк көзді белгіден басым. Қара шаш, шаштың сары түсінен басым. Екі белгіні де анықтайтын гендер гомологты емес хромосомаларда орналасқан. Көк көзді қара шашты әкеден және қой көзді сары шашты анадан төрт бала туады. Олардың әрқайсысы бір-бірінен берілген белгілермен ажыратылады. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.
10-есеп
Адамда алыстан көрмеушілік белгі көруіқалыпты белгіде басым, ал қой қөзді белгі, көк көзді белгіден басымдылық көрсетіп тұқым қуалайды. Екі жұп гендер әртүрлі хромосомада орналасқан. Гетерозиготалы еркек, көк көзді көруі қалыпты әйелге үйленгенде қандай ұрпақ күтуге болады?
11-есеп
Қызыл масақты, мұртшасыз бидай өсімдігін, ақ масақты, мұртшалы бидаймен
будандастырғанда, бірінші ұрпақта барлық өсімдіктер қызыл масақты,мұртшасыз болған. Ал екінші ұрпақта белгілердің ажырауы мынадай: 159 қызыл масақты, мұртшасыз; 48 қызыл масақты, мұртшалы; 57 ақ масақты, мұртшасыз; 16 ақ масақты, мұртшалы. Белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар. Талдаушы будандастыру кезінде белгілер қалай ажырайды?
12-есеп
Түсі сары, дәні дөңгелек пішінді, биік асбұршақ өсімдігін аласа, дәні дөңгелек пішінді, түсі жасыл асбұршақпен будандастырады. Екінші ұрпақта 58 биік, жасыл, дөңгелек; 61 биік, сары, дөңгелек; 62 аласа, жасыл, дөңгелек; 59 аласа, сары, дөңгелек; 19 биік, жасыл, бұдыр; 20 биік, сары, бұдыр; 21 аласа, жасыл, бұдыр және 20 аласа, сары, бұдыр ұрпақ алынды. Ата-анасының генотипін анықтаңдар.
13-есеп
Адамның бойын анықтайтын бірнеше жұп гендер тіркеспей полимерия типті әрекеттесіп тұқым қуалайды. Егер бойға әсер ететін үш жұп генмен шектелсек, онда бір популяцияда бойы аласа адамдарда рецессивті гені болғандықтан олардың бойы 150 см, ал бойы биік адамдарда доминантты гендер болғандықтан бойы 180 см.
...