Пробиотиктер
Автор: Zerde Tursynkyzy • Ноябрь 20, 2018 • Реферат • 2,177 Слов (9 Страниц) • 1,484 Просмотры
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛТЕТІ
Н.О.БАЗАНОВА АТЫНДАҒЫ ФИЗИОЛОГИЯ, МОРФОЛОГИЯ
ЖӘНЕ БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
“Пробиотиктер”
Орындаған: Шолпанбай Ж.Б
Тексерген : Ережепова М.Ш
Алматы 2018-2019 оқу жылы
Жоспары
1. Кіріспе
2. Пробиотиктерге жалпы түсініктеме
3. Пробиотиктердің қолдану мақсаты
4. Пробиотиктерді алу технологиясы
5. Қорытынды
Кіріспе
Физиогенетикалық даму процесінде адамдар мен жануарларда күрделі микроэкологиялық жүйе қалыптасқан- динамикалық тепе-теңдік жағдайы, яғни бірінші иесінің организмнің физиологиялық және иммунологиялық ерекшеліктермен, ал екінші жағынан – микробтардың сандық және сапалық құрамымен, олардың биологиялық белсенділігінің әртүрлілігімен анықталады. Онтогенезде микроэкологиялық жүйенің қалыптасуында маңызды рөлді секреторлық, эвакуаторлық функцияларының ерекшеліктері, асқорыту жолдарының әр түрлі бөлімдеріндегі сіңіру қызметі, иммунологиялық локальді және жүйелі факторлардың жағдайы, спецификалық емес факторлардың өнімі атқарады. Жалпы биологиялық тұрғыда, дисбактериоздың дамуы-бұл ие организмнің қолайсыз экзо- немесе зндогенді факторларының әсеріне микорэкологиялық жүйенің спецификалық емес реакциялары. Ішек дисбактериозы екіншілей синдром болып табылады. Пробиотиктер адам ішегінің қуысын мекендейтін қалыпты микробтарының арасынан алынған патогенсіз, бірақ тірі микробтардың дайындалған ИБП-лар. Олар адам денесіндегі қалыпты микробтар түрі, саны бұзылған кезде (дисбактериоз) соларды қайта қалпына келтіру, не соның зардабынан пайда болған ауруды емдеу үшін қолданылады.Пробиотиктерді әртүрлі жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың әсерінен, экология және кәсіпке байланысты болған дисбактериоздардың алдын алуға және емдеуге қолданады. Сонымен қатар, олар екіншілік иммундытапшылықта, немесе дұрыс тағамданбағанда қолдануға қажет болады. Дисбактериоз көрнісі халық арасында көп тарағандықтан, оның этиологиялық пайда болу себебтері әр түрлі болатындықтан пробиотиктер жаппай қолданылатын препараттар тобына жатады. Кең тараған пробиотиктерге жататындар: «Колибактерин», «Бифидумбактерин», «Лактобактерин», «Бификол», «Субтилин». Пробиотиктердің құрамына ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобактериялар, субтилис бактериясының спорасы, не олардың …
қосындылары кіреді. Пробиотиктер лиофилді тәсілмен кептірілген, тұрақтатушылар қосылған құрғақ ұнтақ, не таблетка түрінде болады. Өлшемі бір таблеткадағы, не бір грамдағы микробтар санымен көрсетіледі.Казіргі уақытта қышқыл сүт өнімдері «Био-кефир», «Бифидок» кефирі кең қолданылады.Пробиотиктердің құрамында тірі микробтар болғандылықтан олар арнайы жағдайда сақталынуы керек (белгілі температура, күн сәулесі түспейтін..).Пробиотиктерді ұзақ уақыт (1 айдан 6 айға дейін ), күніне 2-3 рет, әдетте басқа емдеу тәсілдерімен қатар колданады.
Пробиотиктерге жалпы түсініктеме.
Соңғы жылдары адамдар мен жануарлардың организмдерінің асқазан-ішек жолдарының микроэкологиялық проблемасына қатысты «пробиотиктер», «пребиотиктер», «пробиотиктердің өнімдері» деген түсініктер күнделікті өмірде ғылыми әдебиеттері мен ресми құжаттарында кең таралған. Берілген хабарларда осы сырқаттар бойынша негізгі мәліметтер мен ақпараттарды реттеп алу қабылданған, адам ауруларының емі және алдын алу үшін пробиотиктерді қолдануда жаңа терминдермен анықтамаларды сипаттау. «Пробиотиктер» термині «тіршілік үшін» деген мағынаны («антибиотиктер» терминінен өзгешелігі «тіршілікке қарсы») білдіреді. Көптеген авторлардың анықтамалары бойынша пробиотиктер – бұл адамдар мен жануарлардың денсаулығына қолайлы әсер ететін жоғары дәрежеде асқазын-ішек жолдарында (АІЖ) таралатын тірі микроорганизмдер олармен ферменттелген (культивирленген) өнімдері. Рационға қышқыл сүт өнімдерін, әсіресе йогурт, қосу арқылы организмнің қартаю процесін тежеу және адамдарды сауықтыру 100 жыл бұрын орыс микробиологы И.И.Мечниковпен ұсынылған. Оның ойынша, антогонисті белсенді қышқыл сүттің микроорганизмдері көмегімен ішектен шіріген микрофлораның элиминациясы және олардың токсинді метоболизмінің қанға сіңірілуінің тоқтауы адам өмірінің ұзақтығы жоғарлайды. Осы ойларды 1920-1922 жылдары Америкада терапевтік мақсатта ацидофильді лактобацилдерді пайдалану тәжірибесін іске асыру басталған. Зерттеушілер бұл сұрақтарды зерделеуге 50-ші жылдары кірісті. 10-15 жылдардан кейін антибиотиктерді кең қолдану нәтижесінде экологиялық жағдайдың төмендеуі адамдар мен жануарлардың микробиоценоздарының бұзылуы және антибиотиктерге төзімділік пайда болды. «Пробиотиктер» термині ең алғаш R. Parker 1974 жылы өсу және стреске төзімділікті ынталандыру мақсатымен жануарларға қорек ретінде енгізілген тірі микроорганизмдерді белгілеу үшін қолданған. Кейін (1989жылы), R. Fuller бұл түсінікті жануарлар организміне «ішек микрофлораларының сауықтыру жолымен қолайлы әсер ететін тірі микроорганизмдер бар қоректерге қосымша» деп құрастырған. Бұл анықтама микробты экологиялық жүйенің қалыптасу есебінен иесінің тіршілік сапасын жақсартатын және АІЖ-на түсетін тірі микроорганизмдерді біріктіретін түсініктер жиынтығы түрінде кең таралған. Көптеген мамандықтар мен зерттеушілер бактерия-пробиотиктерге негізінен эубиотиктерді (организмнің қалыпты ішек микрофлорасын және басқа қуыстарын көрсететін) және жиі бифидобактерия мен Lactobacillus туыстығына жататын сүт қышқылды микроорганизмдерді жатқызады. Бұл адамдарға көп мөлшерлі қолайлы әсер ететін ішектен бөлінетін бактериямен байланысты және осы бактериялармен АІЖ-н колонизациялап, оған қатысып, басқа микроорганизмдер транзиторлы байланысты жағдайда негізгі қорғаныш функциясын өзіне алады. Бұдан басқа пробиотиктердің көптеген түрлері кездеседі: адамның ішектерінде кездеспейтін сүтқышқыл таяқшалары мен колониялары басқа да микроорганизмдер - грамм оң (проионибактериялары, Bacillus) және грамм теріс (Esherichia coli, Citrobacter) бактериялар, дрожжилер (Saccharomices, Candida pintolepjesii) мен саңырауқұлақтар, оның ішінде жоғары (Aspergillus, Rizopus, Cordiceps).Пробиотиктер адамдардың денсаулығына қолайлы әсері әр жоспарлы оң тиімділікпен, пробиотиктердің әсері ретінде сипатталатын механикалық буындармен білінеді. Адамдардың бұл микроэкологиялық бөлімі ғылым салаларының қарқынды дамуын көрсетеді.
...