Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лизиннiн микробтык синтезi

Автор:   •  Ноябрь 9, 2021  •  Лабораторная работа  •  1,018 Слов (5 Страниц)  •  267 Просмотры

Страница 1 из 5

Зертханалық жұмыс№11

ЛИЗИННІҢ МИКРОБТЫҚ СИНТЕЗІ

Жұмыстың мақсаты: лизин продуцентін өсіру және культуральды сұйықтықтан амин қышқылын бөліп алу, лизиннің мөлшеріне қоректік орта құрамының әсерін бағалау.

Реактивтер, материалдар мен жабдықтар: меласса, сірке қышқылы, жүгері экстракты (сығындысы), БВК (белокты-витаминді концентрат) гидролизаты, аммоний хлориді, дигидрофосфат және калий гидрофосфаты, кальций карбонаты, натрий нитраты, магний сульфаты, темір сульфаты, калий хлориді, сахароза, катионит КУ-2-8, 2Н натрий гидроксиді ерітіндісі, 2Н тұз қышқылының ерітіндісі, 5% аммиак ерітіндісі, 5% күкірт қышқылының ерітіндісі, 2Н аммиак ерітіндісі, 2Н күкірт қышқылының ерітіндісі, центрифуга, 250 мл арналған тербелмелі колбалар, 25 мл бюретка.

Жұмысты орындау тәртібі

1. Қоректік ортаны дайындау. 2. Себу материалын алу. 3. Лизин продуцентін тербелмелі колбаларда өсіру. 4. Ферментациялау процесін микробиологиялық бақылау. 5. Культуральды сұйықтықтан лизинді ион алмасу әдісімен бөліп алу. 6. Кристалдық лизинді алу және тазарту.

1. Қоректік ортаны дайындау

100 мл көлемінде тербелмелі колбаларға орта дайындалады. Студент оқытушының нұсқауы бойынша 1-ші кестеде көрсетілген қоректік орта нұсқаларының бірін қолданады.

Кесте 1 - Лизин продуценттерін өсіру ортасының құрамы

Орта компоненттері

Орта нұсқалары және компоненттің құрамы, г/л

1

2

3

4

5

Меласса

100

150

200

50

50

Сірке қышқылы

-

-

-

10

20

Жүгері экстракты

20

-

35

20

20

БВК гидролизаты

-

30

-

-

-

NH4Cl

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

K2HPO4

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

KH2PO4

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Бор

10

10

10

10

10

Орта нұсқасына сәйкес меласса ерітіндісіне қоректік тұздар мен жүгері сығындысы енгізіледі, содан кейін қоректік ортаны 10-15 мин қайнатады.  Меласса-ацетатты ортаны (4, 5 нұсқалар) мелассаға ұқсас дайындайды.

Дайын қоректік орта екі тербелмелі колбаға құйылады (50 мл-ден) және автоклавта 0,07 МПа кезінде 30 мин стерильдейді.

2. Егу материалдарын алу

Лизин продуцентін алу үшін ретінде төмендегі штаммдардың бірі қолданылады: Corynebacterium glutamicum T-3, Brevibacterium flavum 22L, 531Е. Кесілген агаризацияланған ортаны (қоректік агар  (ҚА)) пробиркаларда асептика жағдайында қалың штрихпен себеді және 24 сағат бойы 30-320С температурада инкубациялайды.

Қоректік агар құрғақ ҚА-дан дайындалады. 300 мл ҚА дайындау үшін 12 г құрғақ қоректік агар және 1 г агар-агар алады, компоненттер құтыға құйылады, 300 мл дистилденген су қосылады, араластырады. 40 минут бойы 0,12 МПа кезінде автоклавтаумен стерильдейді.

 

3. Тербелмелі колбаларда лизин продуцентін өсіру

Тәуліктік культураны стерильді тербелмелі колбаларға жуады. Бір пробиркамен алынған жуындыны бір тербелмелі колбаға себіледі. Продуцентті өсіру тербелмелі колбада температурасы 30-32 0С 52 бойы 60 0С жүзеге асырылады.

24 сағат ашытудан кейін асептика ережелерін сақтай отырып, таза культураны және фаг инфекциясының болуын бақылау үшін, культуралық сұйықтықтың (2 мл) сынамасын алады.

4. Ашыту процесін микробиологиялық бақылау

4.1. Культура  тазалығын бақылау

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (137.8 Kb)   docx (13.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club