Канцерогенез.Онкогенез
Автор: Gulzhayna • Март 9, 2018 • Реферат • 4,889 Слов (20 Страниц) • 2,523 Просмотры
«Астана медицина университеті» АҚ
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Канцерогенез.Онкогенез.
Тобы: 115
Орындаған: Әділбек Ж.С.
Тексерген: Алтаева Н.З
Астана 2017
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1.Ісік туралы жалпы дерек
2.2.Канцерогенез дегеніміз не?
2.3.Онкогенез ұғымы
2.4.Онкологиялық ауруларды емдеу тәсілдері
III.Қорытынды
3.1. Онкологиялық ауруларды алдын-алу үшін не істеу керек?
ІV. Пайдаланылған әдебиет тізімі
I.Кіріспе
Онкогенез өте ұзақ ,бірнеше ондаған жылдарға созылатын күрделі және көпсатылы процесс.Қатерлі ісіктер - жер бетіндегі халықтың , әсіресе жасы ұлғайған адамдар арасында өлімнің негізгі себептерінің бірі. Рак (ісік ) ауруы полиэтиологиялық немесе мультифакторлық ауруларға жатады. Бұл аурулардың басқа аурулардан басты ерекшелігі көп жағдайларда паталогияның себебін анықтау мүмкін болмады. Себебі олар ауру адамдарда көзге көрінетін нақты себептері жоқ жағдайда байқалады екен.
Қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға айналу процесі онкогенез немесе канцерогенез деп аталады.Алғашқы онкоген Раус саркомасының вирусынан табылған.Бұл ашылған жаңалық жасушаларға кейбір вирустарды жұқтырған кезде байқалатын қатерлі трансформациясының механизмін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ісік жасушаларының дамуы вирустардың өзіне емес, вирус геномындағы онкогенге байлансты екендігі белгілі болды.
Ісік транформациясы - қалыпты жасушаның ісік жасушасына айналу процесі. Жасушалардың қатерлі трансформациясын іске асыратын нақты гендер тобын онкогендер деп атайды.
Жер бетіндегі халықтың ,әсіресе жасы ұлғайған адамдар арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бүкіл әлемдік есеп бойынша дүниежүзінде жылына түрлі мүшелердің : асқазанның, жатырдың,сүт бездерінің , тік ішектің т.б мүшелердің 6 миллионнан артық адам тіркеліп, олардың жартысы дерлік өліммен аяқталады. Олай болса, рак аурулары бүкіл адамзат қоғамындағы аса маңызды медициналық және әлеуметтік мәселелердің бірі деп есептеледі.
Канцерогенез - (канцер - қатерлі ісік,генезис- пайда болу)-қалыпты клетканың ісік клеткаларына айналу механизмін түсіндіретін вирустық генетикалық теория . Бұл теория бойынша , қалыпты клетканың ісік клеткаларына айналуы оның хромомомасына ерекше онкогендік вирустардың геномының еруіне байлнысты. Бұл клетканң бөлінуін және дифференцировкасын реттейтін гендердің дұрыс қызметінің бұзылуынан онкогендердің заттары түзіледі. Клеткалар дифферанциялануын және қызмет атқаруын тоқтатады, тек ретсіз бөліне бастайды. Ісікті басқа гендер де тудыруы мүмкін.Оларға физикалық және химиялық мутагендер жатады. Мутагендер ДНҚ молекуласына канцерогендік әсер етеді. Генетикалық транспозиция , хромосомаладың бұзылыстары клеткадағы қалыпты гендерді онкогендерге айналдырады. Сыртқы ортаның мутагендермен ластануы канцерогенездің жиілігіне алып келеді. Онкогенез - ісіктің пайда болу процесі. Ол көпшілік жағдайда рак ауруына әкеледі. Негізгі белгісі - жасушалардың бақылаусыз шексіз өсуі.
...