Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Биоматериалдар

Автор:   •  Октябрь 1, 2020  •  Контрольная работа  •  513 Слов (3 Страниц)  •  473 Просмотры

Страница 1 из 3

Халбаев Асхат БТ 18-03

  1. Биоматериалдар деген не? Оларды қолану мақсаты, өзектілігі

Тірі организмнің ортасымен жанасуға арналған және медициналық бұйымдар мен құрылғылар жасау үшін пайдаланылатын материалдар, сондай-ақ адам денесіне имплонтант ретінде қолдануға болатын материалдарды «биоматериалдар» деп атайды. Биоматериалдарды қолданудың ең үлкен салалары ретінде медициналық имплантанттар, оның ішінде жүрек-қантамыр жүйесіне (тамырлардың, клапандардың және тұтас жүректің эндопротездері және т.б.) және сүйек жүйесіне (буындар мен сүйек фрагменттерінің эндопротездері, бекіту бөлшектері, желімдер мен цементтер) енгізуге арналған, сонымен қатар офтальмологиялық имплантанттар, тігіс материалдары және т.б.; әртүрлі биологиялық активтілігі бар препараттар, бөлуге және биологиялық сұйық тіндермен мен орталарды тазалауға арналған материалдар, жасушалар мен тіндер дақылдарын өсіруге және дақылдауға арналған полимерлік жүйелерді қамтиды. Қолдану аясына байланысты биоматериалдарды жоғарғы беріктігі бар өнімдерді, серпімді және гель жүйелерін, сондай-ақ суда еритін препараттарды жасау үшін қолдануға болады. Биоматериалдардың өзектілігі, олардың экологиялық жағынан таза өнім боп, өндіріс барысында көп шығын талап етпейтін, әсіресе биомедицинада адам организіміне кері әсері жоқ импланттар ретіндегі өнімдер шығару болып табылады. Сол себепті де жүрек қан тамырлары хирургиясына, қан тамырларының протездерін, жасанды жүрек қақпақшаларын, жасанды және қосалқы қан айналым жүйелерін жасауға, ортопедия мен стоматологияға және т.б. биосәйкес материалдар үлкен сұранысқа ие.

  1. Жаңа реконструктивті технологиялар туралы мәлімет беріңіз

Жаңа реконструктивті технологиялар ретінде: трансплантация, имплантация және ұлпалық инженерияны қарастырады.

Трансплантация  – адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып салу. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен медицинада аутотрансплантация- (ағзаның ішіндегі өз тіндерін немесе басқа биологиялық материалдарды трансплантациялау), гомотрансплантация- (бір түрдің донорынан сол түрдің реципиенттіне тіндерді, мүшелерді немесе жасушаларды трансплантациялау) және ксеноротрансплантация (басқа түрдің донорынан екінші басқа бір түрдің реципиентіне трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (91 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club