Бактериофагтар
Автор: aliyamv • Апрель 1, 2018 • Реферат • 1,702 Слов (7 Страниц) • 2,739 Просмотры
Бактериофагтар
Микроорганизмдерді және актиномициттерді зақымдап , ерітіп (лизис) жіберетін вирустар тобын бактериофагтар деп атайды. Оларды алғаш рет 1915 жылы Ф.Туорт ашқан болатын. Фагтар аблигатты паразиттер.Қазіргі кезде микроскоптық саңырауқұлақтардың вирустары , кейбір балдырлардың , яғни көк-жасыл балдырлардың вирустары – цианофагтар белгілі болды.
Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды алғаш рет байқаған Н.Ф. Гамалея 1898 жылы. Дәл осындай жайды іш сүзегі бактерияларының еруінен байқаған Дэрелль еді 1917жылы. Осындай көрінбейтін бактериялар паразитін ол егжей-тегжейіне жете зерттеп, жазды да , оны бактериофагтар деп атады. Дәлме-дәл аударғанда ол бактерияларды «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деген сөз (8-сурет).
Бұдан кейінгі зерттеулер басқа бактеряларды ерітіп жіберетін , табиғатта толып жатқан бактериофагтардың барлығын анықтады. Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бактерияны зақымдайалады. Ол тек ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады.
Бактериофагтардың пішіні алуан түрлі.Олардың кейбіреулері шар тәрізді қосалқы бұтақшалары бар денелер. Кейбір түрлері итбалыққа ұқсайды. Оның басы белок қабықшамен қапталған.
[pic 1]
Ішінде дезоксиробонуклеин немесе кейде рибонуклеин қышқылы болады. Басының мөлшері 40-100 нонометрге тең. Ал құйрығының ұзындығы 20-225 нонометр. Ол белокты түтік, іші қуыс келеді. Табиғатта тек басы бар, құйрығы жоқ және таяқша тәрізді келетін фагтар да кездеседі.Олар бактериялық сүзгіден оңай өтіп кетеді. Өз бұтақшасымен фагтар бактерия клеткасына бекиді. Олар бактерия клеткаларының қабықшасын ерітетін лизоцим деп аталатын фермент бөліп шығарады. Еріген қабықшадағы фаг ішіндегі заттар бактерия клеткасына енеді де,оның бұтақшасы мен сыртқы қабықшасы бактерия клеткасының сыртында қалып қояды. Фаг клетка ішіне кірісімен өзінің зиянды әрекетін тигізе бастайды. Бактерия клеткасы бұдан кейін ісініп, жарылады да, одан жаңадан дамыған фагбөлініп шығып, ол келесі клетканы зақымдауға кіріседі.
Фагтың көбейю стадиясының ұзақтығы 30-дан 90 минутқа дейін созылады.
Бактериофагтар (гр. Phago- «жалмаушы»)- микроорганизмдердің паразиттері. Олар барық прокариоттарды (бактерияларды,актиномицеттерді, микоплазмаларды), балдырларды және саңырауқұлақтарды зақымдайды. Микрорганизмдер тіршілік ететін жерлерде кең таралған: топырақта,тұзщы суларда , лас ағындысуларда, адам мен жануарлардың ішектерінде.
Бактериофагтар иелерінің спектріне байланысты типтік, моновалентті, поливалентті деп бөлінеді. Типтік фагтар бактерияларының белгілі туысының тек бір ғана түршесін зақымдайды. Мұндай фагтарды «Т» әрпімен белгілейді.Оларды өзара әріке цифрлар қосу арқылы ажыратады. Мысалы E.coli-дің типтік фагтар Т2,Т4 (Т-жұпты) және Т1,Т7 (Т-тақ) деп белгіленеді.
Моновалентті фагтар бір туысқа жататын бактериялардың бәріне жұғады. Поливалентті фагтар бірнеше туыстас түрлерді зақымдайды.
Бактериофагтардың құрылысы мен құрамы. Жоғары сатылы организмдердің вирустары сияқты фагтарда екі альтернативті жағдайда болуы мумкін: клеткадан тыс инертті және клетка ішінде белсенді.
Клеткадан тыс инертті фагтар геном мен оны қоршайтын капсидтен тұрады.Морфология бойынша бактериофагтар бес топка бөлінеді (45-сурет).
[pic 2]
I-топ – жіпше ДНҚ-лы фагтар
II-топ – өсіндіге үйлесімді құрылымы (өсіндісінің аналогі) бар ұсақфагтар.
II-топ – өсіндісі қысқа фагтар (Т3,Т7)
IV-топ – ДНҚ-сы екі жіпті, өсіндісінің жабыны жиырылмайтын фагтар(Т1,Т5)
V-топ – өсіндісі жиырылатын жабындымен қапталған,базальді пластинамен аяқталған фагтар. Бесінші топқа жататын фагтар құрылысы жағынан күрделі болып саналады. Ондай фагтарда біренеше құрамды бөлшектері
бар (46-сурет):
- Нуклеин қышқылы орналасатын басы ;
- Жағасы;
- Өсінді,іші қуыс өзек;
- Өзекті қаптайтын жабынды;
- Алты бұрышты базальді пластинка;
- Тікенек пен жіпшелер;
[pic 3]
Әр құрамдас бөлік әртүрлі функцияны атқарады. Басының капсиді нуклеин қышқылды қоршап, сыртқы әсерден қорғайды, базальді пластинка арқылы вирус клетка қабықшасына адсорбцияланады,тікенек пен жіпшелер арқылы клетка бетіне бекінеді. Өсіндінің жабындысы нуклеин қышқылы өтетін өзекті қоршайды. Өзектің жабындысы жиырылса , нуклеин қышқылдың клетка ішіне өтуі жеңілденеді.
...