Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Миология

Автор:   •  Февраль 8, 2023  •  Реферат  •  6,426 Слов (26 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 26

                                              Миология.

Бастың бұлшықеттерін біз негізгі екі топқа бөлеміз:

  1. Ымдау
  2. Шайнау

Бассүйек қақпағы бұлшықеттері:

Бассүйек үстіндегі бұлшықеттің m.epicranius бөлінуі:

І шүйде маңдай, маңдайлық қарыншасы; ІІ сама-шекелік; ІІІ шүйделік қарыншасы.

Қызметі: Қабақты және маңдай терісін көтереді, сіңірлі дулығаны кереді.

Көз шеңбері бұлшықеттері:

  1. Қасты түйетін бұлшықет, m.corrugator supercilii.

Қызметі: Қасты медиалді және төмен тартады.

  1. Көздің дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi.

Оның 3 бөлігі бар: І көзұялық бөлігі, ІІ қабақтық бөлігі, ІІІ көзжастық бөлігі.

Қызметі: І қабақты түйеді, ІІ көзді қыпылдатады, көзді ашып-жұмады.

  1. Тәкаппар бұлшықеті, m.procerus.

Қызметі: Маңдай терісін түсіреді, мұрынды тыржитады.

Мұрын бұлшықеттері:

  1. Мұрын бұлшықеті, m.nasalis.

Бөліктері: Көлденең, танаулық.

Қызметі: Көлденең бөлігі- мұрын қанаттарын төмен тартады және кеңейтеді. Танаулық бөлігі- танауларды тарылтады.

  1. Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет/ мүрын қанатың бұлшықеті, m.levator labii superioris/ alaeque nasi.

Қызметі: Жоғарғы ерінді көтереді, танауларды кеңейтеді.

Ауыз айналасы бұлшықеттері:

  1. Күлкі бұлшықеті, m.risorius

Қызметі: Езуді латералді жаққа тартады ауыз жабық тұрғанда.

  1. Бет сүйектің үлкен бұлшықеті, m. zygomaticus major

Қызметі: Езуді жоғары және латералді тартады (күлімсіреу бұлшықеті)

  1. Бет сүйектің кіші бұлшықеті, m. zygomaticus minor.

Қызметі: Жоғарғы ерінді көтереді күліп тұрған бұлшықет

  1. Езуді көтеретін бұлшықет, m. levator anguli oris.

Қызметі: езуді көтереді

  1. Езуді тусіретін бұлшықет, m. depressor anguli oris.

Қызметі: езуді түсіреді(«қайғылы бұлшыкет»).

  1. Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, m. depressor labii inferioris

Қызметі: Төменгі ерінді түсіреді және айналдырады.

  1. Иек бұлшыкеті, m. Mentalis

Қызметі: иектің терісін жиырады, төменгі ерінді шошайтады («күдіктенуді білдіреді»).

  1. Ұрт бұлшыкеті, m. Buccinator

Қызметі: Ұртты жалпайтады, езуді түсіреді.

  1. Ауыздың дөнгелек бұлшыкеті, m. orbicularis oris.

Қызметі: ауызды жабады, еріндерді шошайтады («сүйісу бұлшыкеті»).

Құлақ қалқанының бұлшықеттері:

  1. Құлақ қалқанының бұлшықттері, m. Auricularis

Қызметі: құлақ қалқанын тартады: I - алға (алдыңғы); II - артқа (артқы); III - жоғары (жоғарғы).

Шайнау бұлшықеттер:

  1. Медиалді қанат тарізді бұлшықет, m. pterygoideus medialis.

Қызметі: Бір жағы жиырылғанда - жақ сүйекті екі жаққа қозғалтады; екі жағы бірдей жиырылғанда - жақ сүйектерді қабыстырады.

  1. Латералды қанат тәрізді бұлшықет, m. pterygoideus lateralis

Қызметі: Бір жағы жиырылғанда - жақсуйекті қарама-қарсы жаққа қозғалтады (шайнау); екі жағы бірдей жиырылғанда – төменгі жақсүйекті алға қозғалтады.

  1. Шайнау бұлшықеті, m. masseter.

Қызметі: жақсүйектерді күшпен қысады.

  1. Самай бұлшыкеті, m. Temporalis

Қызметі:Төменгі жақсүйекті көтереді.

Мойын бұлшықеттерінің дамуы бойынша жіктелуі:

Беткей бұлшықеттер:

  1. Мойынның тері астындағы бұлшыкеті, platysma (m. subcutances colli).

Қызметі: Төменгі жақсүйекті түсіреді (мойын терісін жиырады).

  1. Төс бұғана емізік тәрізді бұлшықет, m. Siernocleidomastouleus

Қызметі: бір жағы жиырылғанда - басты бір жағына бұрады және қарама-қарсы жаққа айналдырады; екі жағы бірдей жиырылғанда басты алға еңкейтеді.

1.Ортаңғы топ бұлшықеттері (тіл асты сүйегіне бекитін бұлшықеттер)

...

Скачать:   txt (84.3 Kb)   pdf (231.8 Kb)   docx (231.6 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club