Появления нефти
Автор: Алдияр Гибадатов • Май 20, 2019 • Реферат • 2,282 Слов (10 Страниц) • 571 Просмотры
Қазақстанда мұнай көп уақыттан бері өндіріледі және пайдаланылады, дегенмен мұнай кен орындарын қарқынды игеру XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басынан басталған. 1899 жылдың 13 қарашасында Қарашұңғылда 40 м тереңдіктен No7 ұңғымадан жеңіл мұнайдың бірінші фонтаны атқылағаны белгілі. Сол күннен Қазақстан Республикасында мұнай өнеркәсібінің дамуы басталады. 1911 жылы Доссор кен орны Қазақстанда бірінші болып өңдірістік игеруге е нгізілді. Республикадағы мұнай ө ндіру өнеркәсібі соғысқа дейінгі жылдары қарқынды дамыды. Жаңадан өнеркәсіп объектілері және жаңа мұнай кен орындары ашылды (Байшұнас, Ескене, Шұбар Құдық, Сағыз, Жақсымай). Гурьевте мұнай жабдықтарын шыға - ратын механикалық зауыт салынды, орталық ғылыми зертхана құрылды . Ұзындығы 847 шақырым Каспий - Орск мұнай құбыры мен Қандыағаш - Гурьев темір жолы іске қосылды. Құлсары кәсіпшілігіне нұсқа сыртынан су айдау және компрессорсыз газ айдау әдістері енгізілді. XX ғасырдың 60- жылдарының ортасына дейін республикада мұнай өндіру баяу дамыды. Орта жылдық өнім өндіру 1,5 млн тоннадан аспады. Жалғыз мұнай ауданы Ембі бассейні болды. Манғышлақ түбегінде 50 - жылдардың соңында терең барлау ұңғыларын бұрғылау жұмыстары жүргізіле бастады, соның нәтижесінде Өзен және Жетіба й ірі кен орындары ашылды. 1961 жылы Жетібай кен орнынан бірінші фонтанды ұңғымадан мұнай алынды. Аз уақыт ішінде жаңа кен орындарды игеру басталды. Манғышлақ - Мақат темір жолы салынды. “Мангышлакнефть” кәсіпшілік бірлестігі құрылды , 1965 жылдан бері осы ж ердегі ашық кен орындарды игеру басталды. Өзен кен орнындағы ең негізгі құрылымдар мұнай құбырлары мен қабат қысымын ұстауға арналған су айдау құрылымдары, Өзен - Жетібай - Гурьев - Самара мұнай құбырының бірінші тізбегінің ұзындығы 712 шақырым Өзен - Гурьев бөлігі 1969 жылы іске қосылды. Бұл мұнай құбыры парафинді мұнайды алыс арақашықтықтарға тасымалдау мәселесінің бір беткей жаңа шешімі болды. Бозащы түбегіндегі жаңа мұнайлы аймақтарды игеру өнім өндірудің өсуін қамтамасыз етті. Қаражанбас және Қаламқас кен оры ндары пайдалануға енгізілді. Олардың ерекшелігі өнімді қабаттың терең жатпауы, мұнайының меншікті салмағы және құрамындағы ванадий үлесінің жоғары болуында. Келесі 10 жылдықтағы Манғышлақ және Каспий маңы ойпатындағы пайдалануға берілген кен орындар: Тенге, Тасболат, Шығыс Жетібай, Қаражанбас, Мартыши, Қамысты және т.б. 1975 жылы республикада мұнай өндіру 23,9 млн тоннаға жетті және 1970 жылымен салыстырғанда 1,8 есеге өсті. 1976 жылы Теңіз құр ылы - 4 мындағы тұзасты шөгінділерінің өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды және 1979 жылы осы кен орны игеруге енгізілді, бұл кен орны мұнай қоры жағынан дүниежүзіндегі ең ірілерінің бірі болып саналады. Келесі жылдар ішінде Каспий маңы ойпатындағы Жаңажол, Қара - шығанақ аймақтарынан тұзасты шөгінділердегі мұнай - газды кен орындар ашылды. 1981- 1992 аралығында республикадағы мұнай өндіру жоғары қар - қынмен дамыды. 1981 дылғы мұнай өндіру 19,1 млн тоннадан 1992 жылы 25,8 млн тоннаға жетті. Маңызды оқиғалардың бірі Арысқұм майысуындағы Құмкөл ірі мұнайгаз кен орнының ашылуы жә не Каспий маңы ойпатындағы ірі мұнайгазоконденсатты Жаңажол, Қарашығанақ кен орындарының ашылуы болды. Осы кен орындарының ашылуы Қазақстанның мұнай - газ саласындағы шикізат базасын ұлғайтып, оны ірі өнеркәсіптік орталықтар қатарынан ерекшелердің қатарына ығыстырды . Қазақстан Республикасының экономикасы үшін мұнай - газ өнеркәсібінің орны бөлек және өте маңызды болып табылады. Дүниежүзінде жылдан жылға көмірсутектерді тұтыну өсіп келеді, өз кезегінде Қазақстанда мұнай өндіру жыл сайын өсуде. Мұнай - газ саласында мыңдаған адамдар жұмыс істеп, өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, салаға ірі жетекші шетелдік компаниялар инвестицияларын тартуда. Келтірілген маңызды проблеманы шешу салаға заманау и мамандарды дайындауды, оларды технологиялық және техникалық жетістіктермен таныстыру, өндіріске еңгізуді талап етеді. Мұнай кен орындарын игеру деп құрамында көмірсу тектер және олармен қоса жүретін пайдалы қазбалары бар заттарды жер қабатынан алудың ғылыми негізделген үдерісін айтады. Бұл үдеріс кен орнын бұрғылауды және мұнай мен газ қорларын игеруді қамтиды. Мұнай кен орындарын игеру тау - кен ғылымдарына жатады. Тау - кен ісі – адамзаттың ең ежелгі мамандықтарының бірі. Адамзат пайдалы қазбаларды тауып, оларды қолдануды тас және қола ғасырларда бастаған. Адамзаттың дамуындағы осы кезеңдердің атауы тастан, қоладан жасалған құралдарды табу мен дайындаумен, яғни тау - кен ісімен байланысты. Аздап кейінірек ХІХ ғасыр соңында мұнай өндіру үшін ұңғымалар құрыла бастады. Бірінші ұңғыма 1865 жылы екпінді әдіспен Кубаньдағы Кудако өзенінде А.Н. Новосильцев тарапынан бұрғылан ды. 1871 жылы механикалық әдіспен Бакин ауданында ұңғыма бұрғылан ды. ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап, әсіресе ХХ ғасырдың басында ұңғымаларды механикалық әдіспен бұрғылау тез дамыды, және Ресейдегі мұнай өндіру қарқынды түрде көбейді, бірақ барлама және мұнай өндіруші ұңғымалар санының көбеюіне қарамастан , ХХ ғасырдың басында мұнайды өндірудің табиғи режимдерінде кен орындарын өндіру ретсіз жолмен іске асырылды. Сол жылдары мұнайды өңдірудің ғылыми негіздері болған жоқ, десе де мұнай өндірудің түрлі 5 мәселелерімен: оның туындауы мен геологиясы, сынау мен тасымалдау, қайта өндіру және пайдалану жолында Ресейдегі көптеген атақты ғалымдар мен инженерлер жұмыс жасады, олардың қатарында: Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров, И.М. Губкин, В.Г. Шухов болды. ХХ ғасырдың 20- жылдарының басында да мұнай қабаттарының физикасы мен механикасы, олардан мұнай мен газды алу жайлы көптеген негізгі пайымдаулар белгісіз болды және қолданылмады. Соның өзінде фильтрацияның негізгі заңы 1856 жылы француз ғалымы Анри Дарси тарапынан су тазалаушы фильтрлерде судың қозғалысын үйрену кезінде ашылған болатын. Соңынан белгілі болғандай мұнайдың орнатылған және орнатылмаған фильтрациясының теңдеулері ХІХ ғасырдың басында ашылған Лаплас пен Фурьенің математикалық физика теңдеулерімен ұқсас болып шықты. Бірақ бұл теңдеулер мұнай кен орындарын өндіруде ХХ ғасырдың 30 - жылдарында қолданыла бастады. Мұнай және газ кен орындарын игеру теориясындағы басты жетіс - тіктердің бірі – мұнай мен газды ұңғыма аузына жылжытатын негізгі күштердің анықталуы, яғни мұнай және газ кен орындары режимдері жайлы ғылым негізінің салынуы болды. Бұл ғылымның пайда болуына И.М. Губкин, Л.С. Лейбензон, И.Н. Стрижов, А.П. Крылов, С.А. Христианович, Ф.А. Требин, Б.Б. Лапук, И.А. Чарный, В.Н. Щелкачев сынды ғалымдар үлкен үлес қосты. 30 жылдардың ортасында мұнай кен орындары режимдерінің теориясы айтарлықтай дамыды. Мұнай қабат - тарының серпімді режим теориясының және сұйық газ режимі теориясының негізі салынды. Айтып өтетін жайт, осы ғасырдың 20 - жылдарының басында Л.С. Лейбензон газ фильтрациясының дифференциалды теңдеуін тауып, газ кен орындарын өндірудің негізін қалады. Осы ғасырдың 20 - жылдары және 30- жылдарының басында мұнай кен орындарын өндіруді болжау негізінен өндірудің бастапқы кез еңінде алынған уақыттағы өндіру көрсеткіштерінің нақты тәуелділіктерін құру, осы көр - сеткіштерді статистикалық тұрғыда өндіру және оларды болашақта экстраполяциялау жолымен жүргізілді. Фильтрация теориясының математикалық әдістері сол уақытта Н.Е. Жуковский, Н.Н. Павловский тарапынан біршама дамытылды, бірақ мұнай ісінде қолданысын тапқан жоқ. Осы теория әдістерін мұнай кен орындарын өндіруде дамуына және пайдаланылуына американдық ғалым Маскеттің атақты еңбектері біршама әсер етті. 30- жылдардың соңында және 40 - жылдардың басында қол жеткізілген мұнай мен газ фильтрация теориясы саласындағы және оны мұнайды өндіруге арналған есептеулерге қолданудағы біршама жетістіктерге қарамастан мұнай кен орындарын өндіру тәуелсіз инже нерлік пән ретінде енді ғана қалыптасып келді . Мұнай кен орындарын игеру теориясын ың өндірудің ғылыми негізделген жүйелері мен технологияларына қатысты негізгі шарттар 40 - 6 жылдардың басында әлі құрылмаған - ды. Мысалы, АҚШ - та ұңғымалар арақашықтығы сияқты маңызды параметрлерді зерттеу мәліметтерінің, кен орындарының талдануы және жалпы қағидалары негізінде емес, ұңғымалардың дебит нормалары бойынша әкімшілік жолмен бекітіліп жүрді, оларды анықтау құқығы Техас теміржол комиссиясына беріл етін. Мұнай кен орындарын игеру ғылымның тәуелсіз саласы және оқу пәні ретінде қалыптасуында шешу ші рөл атқарған орыс ғалымдары А.П. Крыловтың, М.М. Глоговскийдің, М.Ф. Мирчинканың, Н.М. Николаев - скийдің және И.А. Чарныйдың 1948 жылы Гостоптезиздатта шыққан «Мұнай кен орындарын игерудің ғылыми негіздері» атты маңызды еңбегі болды. Бұл кітапта игерудің негізгі қағидасының бірінші құрылымы берілді, мұнай кен орындарын өндіруді жобалаудың негізі қаланды, жерасты гидромеханикасының бірнеше маңызды мәселелері шешілді, ал мұнай кен орындарын игеру жайлы ғылым кешенді білімдер саласы ретінде қарастырылды , ол мұнай геологиясы және геофизикасындағы жерасты гидродинамикасы н, ұңғымаларды және қолданбалы экономикадағы же - тістіктерді пайд аланады. Аталған еңбектің жарық көруі қабатқа су ды айдау жолымен әсер ету арқылы мұнай кен орындарын игерудің біршама дамуына ықпал жасады. 40 - жылдардың соңы және 50 - жылдардың басында мұнай кен орындарын игеру саласында зерттеулер санының күрт өсуімен, осы саладағы жаңа бағыттарды дамытуымен ерекшеленеді. Аралас - сукернеуіш және сұйық газ режимдерінде мұнай кен орындарын игерудегі мәселелердің шешімдері ұсынылды. Ұңғыларды гидродинамикалық зерттеулерді қолданумен қабат - тар параметрлерін анықтау әдістері қарқынды дами бастады. Ықтималды - статистикалық модельдерді қолданумен мұнай кен орындарын игеруді есептеудің әдістемелік негіздері құрылды. Сонымен қатар мұнай қабаттарының фильтрациясы кезінде бірегей еместілікті тікелей есептеу әдістері де дамыды. 50- жылдары мұнай қабаттарының жаңа модельдері (кеуекті және кеуекті - борпылдақ), сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруді талдау және бақылау әдістері пайда болып, дами бастады және оларды игеру жүйелері де біршама дамыды. Америка тәжірибесінде белгілі аумақтық жүйе лермен қатар , алдымен кен орындарын айдауыш ұңғылар қатар - ларымен ішкі - нұсқа түрінде бөліп, өндіруші ұңғыларды бөліну сызығымен орналасуы, ал кейіннен заманауи блок-қатарлық жүйе пайда болды. Мұнай кен орындарын игеруді жобалау, талдау және бақылауының дамуы күрделі математикалық әдістер мен есептеу жабдықтарын талап етті. 30-50- жылдары есептеулер кезінде жерасты гидромеханикасының мәселелерді шешу әдістерінің анық немесе ұқсас түрлері қолданылды, ал 50 - шы жылдардың соңы мен 60- шы жылдары фильтрация мәселе лерін шешудің есептік әдістері қолданыла бастады. Осы жылдары мұнай қабаттарына су айдау арқылы әсер етудің негізі болды, бірақ сол кездердің өзінде бұл жолмен мұнайды, әсіресе, тұтқырлығы жоғары және жоғары - парафиндік мұнайды толықтай өндіру мәселесі әлі де толық шешілм ейтіні анықталды. Маңызды зерттеулер жүргізіліп, мұнай кен орындарын жылу арқылы, қабаттарға жылусақтағыштар мен ішкі - қабаттық жануды енгізумен байланысты жүретін игерудің дамуына әсер еткен инж енерлік шешімдер берілді.
...